1. Әртүрлі типті арнайы оқу орындарында педагогикалық процесті ұйымдастыру мәселелерін әзірлеу.
2. Арнайы педагогикалық технологияларды дайындау.
3. Білім беру және коррекциялық-дамыту бағдарламаларын әзірлеу.
4. Дамуында кемістігі бар адамдарды кәсіптік бағдарлау, кәсіптік оқыту, әлеуметтік және еңбекке бейімдеу бағдарламаларын әзірлеу.
2. Арнайы педагогиканың категориялық аппараты
Арнайы педагогика педагогиканың құрамдас бөлігі болғандықтан, ол жалпы педагогикалық терминдердің көпшілігін пайдаланады. Сонымен бірге арнайы педагогиканың өзіндік ерекшелігін көрсететін терминологиясы бар.
Қазіргі Ресейдің білім беру саласындағы құқықтық құжаттарында, мысалы, «Мүгедектерге арналған арнайы білім туралы заң жобасында» арнайы білім беру саласында қолданылатын кейбір терминдерге келесі анықтамалар берілген..
Арнайы білім — мүгедектер үшін ерекше жағдайлар жасалған мектепке дейінгі, жалпы және кәсіптік білім беру.
Денсаулығында кемістігі барлар — білім алу үшін арнайы жағдайлар жасамай білім беру бағдарламаларын әзірлеуге кедергі келтіретін дене және (немесе) психикалық кемістігі бар адам.
Кемістік— балаға қатысты психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия және ересек адамға қатысты дәрігерлік-сараптамалық комиссия растаған дене немесе психикалық бұзылыс.
Физикалық кемістік—адам ағзасы дамуының және (немесе) жұмыс істеуінің тиісті түрде расталған, уақытша немесе тұрақты жетіспеушілігі, созылмалы соматикалық немесе жұқпалы ауруы.
Психикалық кемістік—оқу қиындықтарын тудыратын адамның психикалық дамуындағы тиісті түрде расталған уақытша немесе тұрақты жетіспеушілік, оның ішінде сөйлеу, эмоционалдық және ерікті сфералар (соның ішінде аутизм), мидың зақымдану салдары (оның ішінде, ақыл-ойдың дамуы тежелуі).
Күрделі кемістік – физикалық және (немесе) психикалық кемістіктердің жиынтығы.