Кілемдік керамика - керамикалық материалдардың ішіндегі барынша индустральды саналады, әрі сыртқы панельдер мен блоктарды заводтарда жасау кезінде, вестибюль қабырғаларын, баспалдақ торларын , сондай-ақ санитарлық құбырлар мен асхананы қаптау үшін дара қаптама көзді плиталар пайдаланылады.
Қасбеттік шағын көлемді плиткаларды, түрлі көлемде және мақсатта шығарады «Кабанчик» типті 120х65х7 мм өлшемдегі плиткалар жасалу технологиясы бойынша көп жағынан кілемдік мозайкалық плиткаларға ұқсас. Мұндай плиткаларды көзі бар немесе жоқ, ақ өртелген саздан жасаған, қағазға жапсырылған күйінде панельдерді қаптауға да, дайын фасадының беттерді қаптауға пайдаланады. Кондициялық емес көзді және көзсіз плиткалардың сынықтарынан құрастырылған қасбеттік қаптама (брекчия), үйлерге өздік бейне береді.
250х140х10 мм плиткаларды (барлық фасадтық керамикалық плиткалардың ішіндегі барынша ірісі (ақтай жағылатын, баяу балқитын немесе отқа төзімді, саздан қысу тәсілімен, әйнекелі және әйнекейсіз етіп жасайды. Оларды қасбеттік қырларды қаптау үшін қисайтып бекіту бұйымы ретінде, соның ішінде панель жасау кезінде қолданады.
Көзі бар, ірге тастық 150х75х7 мм плиткалар жеке дара, жапсырылып бекітілген (құрама кілем ретінде шығарылмайды) бұйым болып табылады. Бұл плиткаларды жақсы балқытылған күйінде шығарып, мөлдір немесе күңгірт әйнекеймен жабады. Мұндай клеткаларды негізінен үй цокальдарын қасбеттік қаптау үшін және жер асты өткелдерін қаптауға пайдаланылады.
Ішкі қаптауға арналған керамикалық бұйымдар екі түрлі болуы мүмкін: қабырғаны қаптауға және еденге төсеуге арналған.
Ішкі қабырғаларды қаптауға арналған плиткаларды жеңіл балқитын мергелді саздан (майоликті плиткалар) немесе құм және балқитын қоспалар қосып, отқа төзімді саздан (фаянс плиткалар) жартылай құрғақ қысу әдісімен жасайды. Плиткаларды күйдіргенде бос қуысты болып алынады, оның бетіне әйнекей жабылады. Қаптама плиткалардың түрлері сан алуан (28 түрлі өлшем): кәдімгі квадратты (150х150мм) және тік бұрышты (150х100 және 75мм), карниздік және плинтустық, т.б.
Кәдімгі фаянстық плиталардың қалыңдығы 6мм-ден артық емес, ал саздық және плинтустық плиталардыкі 10л-ге дейін. Плиткалардың су сіңіргіштігі 16 проценттен артық емес. Бетінің сипаттамасы бойынша ол жайпақ, кедір бұдырлы болуы немесе сериографиялық бүркеу әдісімен түсірілген түрлі-түсті суреті болуы мүмкін.
Қабырғаларды ішінен қаптауға арналған плиткаларды санитарлық құбырлар, асхана, монша, кір жуу, сауда, тамақ және химия кәсіпорындар бөлмелелерінде, метрополитен станцияларында, т.б. жерлерде пайдаланады.
Еденді плиткаларды каолинді саздан аздырғыш, балқитын, қажет болса бояғыш қоспалар қосу арқылы жасайды: оларды жартылай құрғақ әдісімен массаны қысу арқылы қалыптап, піскенше күйдіреді. Плиткалардың сіңіргіштігі 4 проценттен аспауы керек.
Керамикалық плиткалардан жасалған еден тіпті су өткізбейді, желінетіндігімен сипатталады, шаң көтерілмейді, тез жуылады, ұзақ шыдайды, қышқыл мен сілті әсеріне төзімді. Мұндай еденнің кемшілігі морттығы мен жылу өткізгіштігі, сондай-ақ оларды қалап құрастыру кезінде еңбекті көп керек ететіндігі болып табылады. Оларды еденге арналған керамикалық плиткалар және мозайкалық еденге арналған керамикалық плиткалар деп бөлінеді. Олар кейде кілемді керамика плиткалары деп те аталады.
Еденге арналған керамикалық плиткаларды 50-150 мм-ге дейінгі мөлшерде (қырларының ұзындығы) қалыңдығы 10-13 мм етіп жасайды. Плиткалардың түрі мен түсінің әр түрлілігі еденнің сан алуан композициясын жасауға мүмкіндік береді.
Еденге арналған мозайкалық плиткаларды квадратты және тік бұрышты формада, жандарының ұзындығы 23 және 48 мм, қалыңдығы 6-8мм етіп шығарады. Заводта мұндай плиткаларды суда еритін желіммен қатты қағазға белгілі бір сурет бойынша кілем түзіп жапсырады. Кілемді немесе оның бөлігін алмастыра отырып, еденнің түрлі суреттерін алады .
Кілемдік мозайкалық плитка, еден төсенішінің қиындығын дара плиткаларға қарағанда елеулі түрде оңайлайды және жеңілдетеді.
Плиткаларды режимі ылғалды және қозғалыс көп бөлмелерде (моншалар, ванна бөлмесі, асхана, вестибюль, коридор, метрополитен станциялары, өндіріс үйлері, т.б.) қолданады.