Лекция Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары


Лекция 5 Шыны және минералдық балқымалар негізінде алынатын материалдар. Металл материалдар



бет17/58
Дата19.04.2023
өлшемі399,51 Kb.
#84633
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58
Байланысты:
Лекция курылыс материалдары-3

Лекция 5
Шыны және минералдық балқымалар негізінде алынатын материалдар. Металл материалдар.


1. жалпы мәлімет
Шыны деп силикатты балқымаларды салқындатып алынған, қатты, морт изотропты материалдарды атайды.
Мөлдірлігі, жеткілікті жоғарғы беріктігі және химиялық тұрақтылығы, басқа заттарды пайдалануды қиындататын жағдайда немесе оларды пайдалану жалпы мүмкін емес жағдайда, шыныны пайдалануға мүмкіндік туғызады. Қазіргі уақытта құрылыста шыныны тек терезені шынылау ғана емес, сонымен қатар конструктивті-әрлеу, жылу және дыбыс доғарғыш заттар есебінде де пайдаланады. Оның химиялық тұрақтылығына қарай, тамақ және химия өнеркәсібінде құбыр мен аппараттарды дайындау кезінде пайдалануға ыңғайлы. Бұрынғы Совет Одағы әлемдегі бірден-бір шыны шығаратын ірі мемлекет: шынының барлық түрінің жылдық шығымы 7 млн тоннадан асты. Ситалдың бойында (шыны кристалды материалдар) кристалды материалдар мен шынының жақсы қасиеттері шоғырланған. Силикатты балқымалардан алынатын ситал мен шлактыситалды өнімдерін өндірісте игеру олардың пайдаланатын жерлерін ұлғайтты.
Осы әртүрлі заттар силикатты балқамадан алынатындығымен бірігеді. Мұндай балқамалардың өзгеше ерекшелігі – тез салқындатқан кезде шыны жағдайына ауысу қабілеттілігі. Оның себебі силикатты балқымалардың кристалдануын қиындататын тұтқырлығында. Заттардың шыны тәріздес жағдайының белгілері: оның айқын белгілі балқу нүктесінің болмауы (зат біртіндеп жұмсап барып қатайады), бірлестігі және әрбағыттағы қасиеттерінің бірыңғайлығы.
Зат шыны жағдайында өз бойында артық ішкі энергияны – кристалданудың жасырын энергиясын сақтайды, ол дегеніміз – бұл жағдайда термодинамикалық тұрақты емес. Сондықтан шыны бір кез- келген ынтаның әсерінен (мысалға, рентген сәулесі), белгілі бір температура аралығында ұзақ ұстағанда, ал кейде өздігінен кристалдануы мүмкін. Оны өндірудң шынысыздану деп аталатын осы құбылысты құймала тас пен ситалдарды алған кезде, осы қасиетті керекті мақсатқа бағыттайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет