6. Түрлі мақсаттағы керамикалық материалдар мен бұйымдар Сазды черепица – шатыр жабатын материалдардың ежелгі түрі. Штампталған пазалық, ленталы пазалық, ленталы жалпақ және коникилі черепицалер кең тараған.
Черепица жасау үшін кірпішке жұмсалатын сазды пайдаланады. Ленталы черепицаны, арнайы мундштукты ленталы қысқышта, иілгіштік қалыптау жолымен, ал штампталған пазалық – арнайы қысқышта жартылай құрғақ қысумен металдық немесе гипстік қалыпта қалыптау арқылы жасайды. Черепицаның түсі қызғылтым-қызыл немесе ашық сары болуы мүмкін. Черепицаның арнайы түрлерін түрлі-түсті бояудағы әйнекеймен әрлейді.
Черепица ұзаққа төзімді және отқа шыдамды. Черепицаның кемшілігі массаның үлкендігі (шаршы метр төсенішке 65 кг дейін), морттығы, сондай-ақ черепицалы шатырды тұрғызудың қиындығы және судың тез ағып кетуі үшін барынша көлбеу (30 градустан жоғары) етіп орнатудың қажеттігі. Әр түрлі черепицаны сынау кезіндегі қиратқыш салмақ 0,7-1,0 кН (70-100 кгс) кем болмауы керек.
Керамикалық құбырлар. Канализациялық құбырларды отқа төзімді немесе баяу балқитын саздан қоспасыз немесе жүдеулеткіш қоспа арқылы жасайды. Құбырдың бетін іші сыртынан қышқылға төзімді әйнекеймен сылайды. Канализациялық құбырлар 0,2 МПа-дан (2ат) кем емес суық қысымға төтеп беруі тиіс. Құбыр қаңқасының су сіңіргіштігі 11%-тан артық емес. Канализациялық құбырдың ұзындығы 800-1200мм, ішкі диаметрі 150-600 мм. Құбырларды қалдық судың химия заводтарындағы қышқыл және сілті ерітінділерін ағызып жіберуге, сондай-ақ аула канализациясы үшін пайдаланады.
Дренаждық құбырларды ішкі диаметрі 25-250 мм, ұзындығы 500мм етіп, әйнекейсіз қонышсыз немесе әйнекейленген қонышты және қабырғаларындағы перфорациясымен шығарады. Құбырды жасау үшін иілгіштігі жоғары кірпіштік саз немесе қоспасы бар саз пайдаланылады. Құбырдың су сіңіргіштігі 15%-тан жоғары емес, аязға төзімділігі 15 циклден кем емес. Оларды суландыру жұмыстары кезінде, сондай-ақ үйлер мен құрылыстар астындағы топырақ қабатын құрғату үшін қолданады.
Санитарлық-техникалық фаянсқа жартылай фарфордан және фарфордан жасалған бұйымдарды жатқызады. Керамикалық материалдардың бос қуыстылығы әр түрлі. Бұл түрін жасау үшін ақтай күйетін отқа төзімді саздар мен каолиндер (қалыптық массасын 50%-не жуығы), бұйымның әр түрі үшін түрлі қатынастағы кварц пен дала шпатын қолданады. Санитарлық-техникалық бұйымдарды негізінен құю әдісімен қалыптайды. Фаянстан жасалған бұйымдардың (унитаздар, қол жуғыштар, жуғыш бактар т.б.) су сіңіргіштігі 10-12% және қысқандағы беріктік шегі 100 МПа (1000 кгс/см2) бос қуысты қаңқасы бар. Фаянстық бұйымдарды әйнекеймен бүркемелеп қаптайды.
Фаянсқа қарағанда жартылай фарфордың қаңқасы біршама піскен ( су сіңіргіштік 3-5%, қысқандағы беріктік шегі 150-200 МПа).
Фарфор үлкен тығыздығымен (су сіңіргіштігі 0,2-0,5%) және беріктігімен (500 МПа-ға дейін) ерекшеленеді, ол одан жұқа қабатты бұйымдар жасауға мүмкіндік береді.
Жылу оқшаулағыш керамикалық бұйымдар тобына сазды жеңіл, трепелді кірпіш, ұялы дара бұйымдар, керамзит енеді.
Жылу оқшаулағыш (диатомиттік) бұйымдарды трепел немесе диатомиттен, кейде күйіп кететін қоспалармен иілгіштік әдіс бойынша жасайды. Аумақтық массасына орай бұйымдарды 500,600,700 деген маркаларға бөледі. Мұндай бұйымдардың 3500С температура кезіндегі жылу өткізгіштігі 0,18-0,27 Вт (мК) 9000С-ге дейін жылу бар беттерді оқшаулауға пайдаланады.
Көбікті диотомиттік бұйымдарды трепел немесе диатомиттерден немесе осы материалдар ұнтағынан қамыр жасап, оған тұрақты көбік қосу арқылы жасайды. Алынған көбікті массаларды қалыптарға құяды. Кептіруден соң бұйымды күйдіреді. Көбікті диатомиттік массаның көлемдік массасы 350-450 кг/м3, 250С-дегі жылу өткізгіштігі 0,081-0,116 Вт (мК).
Керамзит - шағыл немесе қиыршық тас түріндегі ұялы материал. Оны жасайтын шикізат ретінде темір тотығы мен органикалық қоспалары бар, сары топырақтар мен саздар қолданылады. Күйдіру кезінде күйдірілген түйіршіктер ішінде тотықсыздануды қалпына келтіретін орта қалыптасады. Бұл кезде газдар (темірдің өте жоғары тотықтары қышқылданғанда түзілетін оттегі, органикалық қоспалар күйгенде түзілетін көміртегі тотығы) сазды оның ішінара балқуының бастапқы сәтінде ісіндіреді.
Керамзитті қиыршық тастың үйме көлемдік салмағы (марка) 150-800 кг/м3 аралығында, су сіңіргіштігі 15-25% аралығында ауытқып отырады, ал аязға төзімділігі 15 циклдан кем емес. Қысқандағы беріктік шегі қиыршық тастың маркасына қарай 3-55 кгс/м2-тан кем емес (0,3-5,5МПа).
Керамзитті жеңіл бетонда немесе темір бетонда толтырғыш (У-тарауды қараңыз), сондай-ақ жылу оқшаулағыш сеппе ретінде қолданады.
Қышқылға төзімді керамикалық бұйымдарды қасиеттері мен мақсаттары бойынша ірі түйіршікті және майда түйіршікті қаңқалы бұйымдар деп бөледі. Ірі түйіршіктілерге қышқылға төзімді кірпіш пен плиткаларды, жылу, қышқылға шыдамды плиткаларды, ал майда түйіршіктілерге қышқылға төзімді құбырлар мен олардың пішінді бөліктерін, түрлі апаратуралар мен олардың бөлшектерін (ыдыстар, насостар, диірмендер, сифондар) жатқызады.
Қышқылға төзімді керамикалық бұйымдар шығаруға күкіртті колчеданның, гипстің, т.б. зиянды қоспасынсыз иілгіш сазды пайдаланады. Қышқылға төзімді құбырлармен басқа да бірқатар бұйымдарды екі жағынан әйнекеймен сылайды.
Қышқылға төзімді керамикалық бұйымдар жоғары тығыздығымен (кірпіштің су сіңіргіштігі 12%-тен, ал өзге бұйымдарда 5-9%-тен аспайды), беріктігімен 15-40МПа (150-400 кгс/м2) фторлы сутегі қышқылдан басқа қышқылдарға төзімділігімен (92%-тен кем емес) ерекшеленеді.
Қышқылға төзімді кірпіш пен плиткаларды химиялық заводтардағы мұнара мен қоймаларды, пештерді астарлауға, сондай-ақ қатерлі ортадағы цехтардың едендерін жабу үшін, ал қышқылға төзімді құбырларды 0,3 МПа-ға (3 ат) дейін ауасыздандырғанда немесе қысым кезінде қышқылдар мен газдарды ағызу үшін қолданады.
Жолға арналған кірпіш (клинкерлік) баяу балқитын сазды иілгіштік немесе жартылай құрғақ әдіспен жасалып, піскенше күйдіреді. Беріктігі бойынша ол үш маркаға бөлінеді: 1000, 600 және 400 кгс/см2, су сіңіргіштігі төмен (2-6%) және маркасына қарай 30-100 цикл алма-кезек мұздатып, ерітуге төтеп беруі тиіс.
Жол кірпішін жолға және көшеге қалауға, өнеркәсіп үйлерінің едендеріне төсеуге, канализациялық коллекторларға қалауға, жағалауларды қаптауға т.б. қолданылады.
Өтқа төзімді материалдарда кірпіш, блок, плитка және түрлі шикізат компоненттерінен жасалған пішінді элементтер ретінде, керамикаға жақын (қалыптау немесе қысу, кептіру, күйдіру) технологиямен жасайды. Отқа төзімділік дәрежесі бойынша оларды отқа төзімді 1580-17700С, отқа төзімділігі жоғары (1770-20000С) және отқа төзімді (20000С-ден жоғары) деп, ал химия минералогиялық құрамына қарай кремнеземді, алюмосиликатты, магнезиалды, хромды, көміртекті деп бөледі. Құрылыста кремнеземді мен алюмосиликатты отқа төзімді бұйымдар кең қолданылады.
Кремнеземділеу (династы) отқа төзімділерді саз қосылған кварцты жыныстардан алады. Династы бұйымдардың отқа төзімділігі 17300С-ге дейін, олардың беріктігі барынша жоғары (15-35 МПа), бірақ жылуға төзімділігі төмен. Династы бұйымдарды Мартен және шыны пісіру цехтарының төбесі мен қабырғаларын қалауға пайдаланады.
Алюмосиликатты отқа төзімділерді күйдірілген өнім құрамындағы және мөлшеріне қарай үш түрге бөледі: жартылай қышқыл, шамотты, жоғары глиноземділеу.
Жартылай қышқыл отқа төзімділерді саздық немесе каолиндік байланыстағы кварц жыныстарды немесе құрамында құмы мол саз бен каолинді күйдіру арқылы алады. Каолинді байланыстағы бұйымның отқа төзімділігі 17100С-дан кем емес, сазды да 15800С-дан кем емес. Оларды кокс пештерін, бөгеушілерді, т.б. астарлауға пайдаланады.
Шамотты отқа төзімділерді сол саздан алынған шамотпен жүдеулетілген саздар мен каолиндерден жасайды. Шамотты материалдардың отқа төзімділігі 17300С-ге дейін, ал қысқандағы беріктігі 10-12,5 МПа. Олар жылуға төзімділігімен және шлакқа төзімділігімен ерекшеленеді. Оларды домна пештерін, керамикалық пештердің қабырғасы мен түбін қалауға, бу қазандығының пешін, мұржасын т.б. қаптауға пайдаланады.
Жоғары глиноземділеу отқа төзімділерді құрамында 45%-тен астам глинозем бар, жоғары глиноземділеу сазды шикізатты (боксит, диаспор, корунд, т.б.) піскенше күйдіру немесе балқымадан құю тәсілімен жасайды. Бұл бұйымдардың отқа төзімділігі де жоғары. Оларды шыны балқытатын пештер үшін пайдаланады.