Лекция Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары



бет23/58
Дата19.04.2023
өлшемі399,51 Kb.
#84633
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58
6. Ситалдар мен шлактыситалдар
Ситал дегеніміз кристалданған шыны материалдар. Микробөлшек-терінің, бағыттамалы кристалдануының арқасында кристалл фазасының шыныда біркелкі таралуы. Ситалдың жүйелері микробетонға ұқсас, онда кристалдар фазасы толтырғышта, кристалдар арасындағы шынылар байланыстырғыш болып табылады.
Бойында өз «бабасының» - шынының жақсы қасиеттерін сақтай отырып оның ішінде жоғарғы технологиялы. Солай бола тура ситалдарда шыныға тән көптеген кемістіктер жоқ (морттығы, иілгендегі аз беріктігі, температураға төзімділігінің төмендігі).
Ситалды алу үшін кәдімгі шыныны алуға жұмсалатын табиғи материалдармен бірге, бірқатар арнаулы қосындылар – модификаторлар пайдаланады. Шикізаттың тазалығына өте жоғарғы талап қойылады. Ситалдарды, материалдан сан алуан қасиетті, жоғарғы көрсеткіштерді талап етіп, техниканың арнаулы салаларында (мысалға, радиоэлектроникада) пайдаланады. Құрылыста пайдалануына қарағанда металлургиялық шлактар негізінде алынатын ситалдардың болашағы зор. Шлак негізінде ситал бұйымдарын мынадай схемамен алады. Металлургия өндірісінен келіп түскен сұйық балқыма шлакқа, оның құрамын түзететін және шлактың кристалдануына демеу болатын қосындылар мен модификаторлар – CaF2TiO2P2O5 және басқалар қосылады. Ішінде қосындысы бар шлак балқымасынан керекті бұйымдарды қалыптайды, сонан соң ең жауапты жылумен өңдеу кезеңі өткізіледі. Бұйымдарды жылумен өңдеудің бірінші кезеңінде кристалдардың пайда болуына сай келетін ең жоғарғы температурада ұстайды. Онан кейін температураны кристалдардың өсуінің ең жоғарғы температурасына сай келетін шамаға дейін көтереді де, сол жағдайда кристалдану толық өткенше ұстап тұрады.
Шлакты ситалда кристалл өлшемдері бірнеше микронда, ал шыныфазалы қабаттардікі – бір микрон шамасында. Шлакты ситал көлемінде шынылы фазаның саны 40%-тен аздау. Кристалдану дәрежесі мен кристалдық фаза құрамын реттей отырып, механикалық және жылулық қасиеттері өзімізге керекті шектегі, материалдар ала аламыз. Құрылыс көзқарасы жағынан шлакты ситалдың маңызды қасиеттері оның жоғарғы беріктігі (қысқандағы 500-60 МПа, иілгендегі 90-120 МПа), қажылуға төзімділігі және химиялық шыдамдылығы.
Массаның ішінде шлакты ситалдың түрі ақ немесе сұрғылт, бірақ массаның бет қабатында керамикалық бояулармен әр түрлі түске боялуы мүмкін. Ұзақ тұруы жөнінен шлакты ситал жақсы табиғи тас материалдарымен (гранит, габбро, т.б.) бақталаса алады.
Табақты шлакты ситал – жақсы әрлеуші материал. Бойында әрлеуші керамиканың бар жетістіктерін сақтай отырып, соққыға беріктігі жөнінен одан асып түседі. Одан басқа шлакты ситал плиталарды қабырғалардың сыртын әрлеуге, өндірістік және қоғамдық ғимараттарда едендерді төсеуге пайдаланады. Шлакты ситалдарды тазалық-техникалық бұйымдарды (құбырлар, бактар, т.б.) шығаруға пайдалану өте тиімді. Тегіс және толқынды табақты шлакты ситалдарды шатыр құрылысында пайдалануға болады.
Шлакты ситалдың беріктігі, суға, аязға төзімділігі оны су-техникалық және жол құрылысы жауапты бөлшектерін қаптауға мүмкіндік береді. Шлакты ситалдың өндірісте пайдалануының болашағы зор. Технологиялық құбырлар мен аппараттар және де агрессивті сұйық пен газдардың сыйымдылығын астарлау үшін іске асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет