3. Табақты шыны. Табақты шыны – құрылыста пайдаланатын негізгі шыны. Табақты шынының көптеген (кәдімгі терезеге, витринаға, шыныққан, арматураланған) түрлері өндірісті жағдайда игерілген. Табақты шыныны, тұтқырлы шыны массасын сору немесе жазып ысу арқылы алынады. Қалыңдығы 6 мм терезе шынысын сору әдісі арқылы алады да, жаншып ысу арқылы, көбінше витрина, арматураланған және басқа шыныларды алуға болады.
Сорудың қайықты және қайықсыз деп аталатын екі әдісі бар. Көбінше қайықты әдісі мол тараған. Шыныны осы әдіспен өндіру үшін вертикалды тартатын машиналар қолданады. (XII. 1-сурет). Шыны таспасы, керекті деңгейге дейін штангамен ұсталып тұратын қайықша арқылы бір кесек шамотты жалғасы бар шыны массасымен қалыптасады.
Ыссы масса қайықша саңлауынан сығып шығарылады да, машинаның біліктері арқылы ені 4,5 м дейінгі таспа түрінде жоғары тартылады. Тарту жылдамдығы 120 м/сағатқа жетеді. Қайықшадан бірінші жұпты білікке барғанша, мұздатқыштардың ортасынан өтіп, шыны массасы соншалықты қатайып және біліктер із қалдырмайтындай болып салқындайды (I-зона). Онан әрі шыны біліктермен (5) биіктігі 5-7 м шахтаға беріледі. Шахтаның төменгі жағында шыныны жасытады (II-зона), ал жоғарғы жағында шыны түпкілікті салқындап, сындыру алаңына шыға беріс жерде (7) керекті өлшемдерге кесіледі. Табақты терезе шынысы қалыңдығына қарай алты өлшемді (марка) шығарылады: 2, 2,5, 3, 4, 5 және 6 мм. Табақты шынының ені 250-ден 1000 мм-ге дейін, ұзындығы 250-ден 2200 мм-ге дейін. 1 м2 шыны массасы 2-5 кг. Шыны табақтары түссіз (әлсіз көк немесе көкшіл түс болуына рұқсат етіледі), бұрыштары бүтін, шеттері тегіс болуы керек. Шынының сәуле өткізуі 87%-тен кем болмайды.
Витрина шынысы.Қазіргі архитектурада үлкен ғимараттардың беттерін шынылау көптеп қолданылады (дүкендер, әкімшілік ғимараттары). Осы мақсат үшін витрина шынысын пайдаланады. Витрина шынысының қалыңдығы 6-10 мм, ал ең үлкен өлшемі 6000х3500 мм. Шыны бетінің тегіс болмауының байқалатын оптикалық бұрмалануларды болдырмас үшін, көп жағдайда витрина шынысының бетін жалтыратып, тегістелген етіп шығарады.
Ультракүлгін сәулені өткізетін шыныны емдеу ғимараттарын, балалар мекемесін, қыста өсімдік өсіру үшін жылытылған орындарды, және басқа да арнаулы құрылыстарды шынылау үшін пайдаланады. Мұндай шыны 25%-ке дейін ультракүлгін сәулені өткізеді. Аталған шыныларды өте таза шикізаттардан алады (темірдің қосындылары 0,03%-тен көп емес).
Жылуұстағыш шынылар ғимараттардың күнмен қызуын азайтады. Оның сәуле жиынтығының ұзын толқынды бөлігінде (қызыл және инфрақызыл) сәуле өткізу нашар. Бұл қасиет, оған кобальттын, никельдің, темірдің тотықтарын қосып, шыныға жасыл-көктеу түс беру арқылы асырылады. Жылу ұстайтын шынының бір түрі бейтарапты бозғылт түстес, түсқарсыласты шыны. Инфрақызыл сәулелердің 75%-не дейін бойына ұстап қалып, жылу соратын шынылар қызады. Сондықтан екі қабатты шынылайтын жерлерде кәдімгі ішкі қабатқа, ал сыртқы қабатқа жылу ұстайтын шыныны пайдалану арқылы құрастырылады.
Қабықша жабылымды шыны. Осы уақыттағы ғимараттардың бетті қырларының көптеп шынылануы, шыны бойында әрлеу мен жылуұстағыш қасиеттерінің болуын талап етеді. Металдар мен олардың тотықтарының жұқа қабықшаларымен бүркелген (0,3-1,0μкм) шынының жұқа түрінде осындай қасиет бар. Аталған шыныларда, сыртқы қараған беттерінің шағылыстыру қабілеті өте жоғары және олар әр түрлі түсті: алтын түсті, көгілдір, қызғылт сары, болып келеді. Бұл ретте шыны арқылы өтіп, үй ішіне түсетін жарық, табиғи жағдайдағыдан өзгермейді. Шыны бетіндегі металды және метал тотықты қабыршақтар өте жоғары тұрақтылыққа ие. Осындай қабыршақты шынылардың сәуле өткізуін кең шектікте өзгертуге болады (30-дан 70%-ке дейін). Мұндай шыныларда инфрақызыл сәулелердің жұтылмай шағылысуының арқасында олар қызбайды.