Сәуле шашырататын шыны. Терезе ойықтарын, қалқа мен есіктерді шынылау кезінде, қашан үй іші шашыранды сәуле арқылы немесе кәдімгі сәулесіз жарықтандыру керек болған жағдайда, күңгірт немесе өрнекті шыны пайдаланады. Өрнекті шыныны, ойық салатын біліктерде, көлденең ысу әдісі арқылы алады. Күңгірт шыныны, кәдімгі табақты шыныдан құм-ағынымен өңдеу арқылы алады.
Арматураланған шыны. Қашан шынының қарама-қарсы жағынан бейненің көрінуі керексіз, ал жарықтың шыны арқылы үй ішіне енуі керекті болған жағдайда, шынылауға оның механикалық беріктігі мен отқа төзімділігіне көтеріңкі талап қойылғанда, арматураланған шыныны пайдаланған жөн. Шыны ішіндегі сығымдалған металды тор, шыны сынғанда немесе сызатталғанда майда сынықшаларды ұстап тұратын қаңқа болып табылады (ХІІ.2-сурет).
Суарылған шыны. Шынының механикалық қасиеттерін өсіруге, оны арнайы жылумен өңдеу – суару арқылы жетуге болады. Суарудың мәні шыныдағы ішкі кернеулердің біркелкі таралып жатуында. Алдын ала кернелген темірбетон сияқты шыныны осылай атауға болады.
Суарылған шыныны, шыны табақтарын 3-5 минут бойына 550-6500С-ға дейін қыздырып, екі жағынан да ауамен үріп тез және біркелкі салқындату арқылы алады. Шыныдағы барлық механикалық өңдеуді (өлшемі бойынша кесу, шет-шетінен өңдеу, бұрғылап тесу) суаруға дейін жасайды.
Суарылған шынының соққыға беріктігі, кәдімгі шынымен салыстырғанда 4-6 есе көп жоғары (қалыңдығы 5-6мм суарылған шыны, салмағы 800г, 1,2м биіктіктен түскен болат шардың соққысына төтеп береді, оның иілуге беріктігі 230-270 МПа немесе кәдімгі шынымен салыстырғанда 5-8 есе көп).
Суарылған шыны қираған кезде пішіні куб тәріздеске жақын бөлшектерге бөлініп кетеді де, шынының қауіпсіздігін жоғарылатады. Суарылған шыныны пайдаланатын жер – бұл негізінен транспорт. Құрылыста оны есік пен қалқа жасауға пайдаланады.
Толқынды шыны. Өнеркәсіптік және қоғамдық үйлердің (цехтар, базарлар, вокзалдар) сәуле ұстамайтын материалдарын жасау үшін толқынды шыны пайдаланады. Оны арнаулы кеңірдіктеу станоктарында жазып ысу арқылы алады.