Лекция Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары



бет48/58
Дата19.04.2023
өлшемі399,51 Kb.
#84633
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58
Байланысты:
Лекция курылыс материалдары-3

2. Битум мен қара майларды өндіру
Битум табиғи немесе жасанды болуы мүмкін. Массасының 20-тен көп минералды қоспасы бар табиғи битумдарды табиғи асфальт, ал жоғарғы температурада балқитын, морт минералдық қоспасыз түрін табиғи асфальтит деп атау келісілген.
Біздің елімізде (бұрынғы ССРО-де) табиғи битумды негізінен тау жыныстарынан – битуммен қаныққан әк тастан, доломиттен, құмдақтан, сланцдтерден алынады. Тау жыныстарында битумның жиынтығы әртүрлі жастағы геологиялық қыртыстарда кездесетін мұнайларды майлап қоюлануының қорытындысы болып табылады. Мұнай жер астында жылжып тұрады, кеуекті, жарықты шегінде тау жыныстарында жиналып, жоғарғы температура мен қысымның, сондай-ақ тотығу процесінің әсерімен қатты немесе жабысқақ битумға айналады.
Табиғи битумды асфальтты жыныстардың ыссы сумен (қазанда қайнату) трихлорэтилен немесе басқада органикалық еріткіштермен өңдеу арқылы алады. Табиғи битумдар ауа райына тұрақтылығымен және тасты материалдар үстіне жақсы жабысуымен ерекшеленеді. Битумның саны 2-3-тен аз болған жағдайда, оларды тау жыныстарынан бөліп алу экономика жағынан тиімсіз. Мұндай жағдайда, тау жыныстарын, әсіресе карбонаттыларды ұнтаққа айналдырады. Алынған асфальтты ұнтаққа айналдырады. Алынған асфальтты ұнтақ асфальт бетон үшін, құнды компонент болып табылады. Табиғи немесе мұнай битумның асфальт ұнтағымен жақсы араласқан қосынды продуктасын асфальтты мастика деп атайды.
Мұнай битумдары дегеніміз мұнайдан шыққан продукт. Мұнай өңдейтін заводтарда, олардың қайнау температурасына орай, мұнайды жеке фракцияларға бөлу технологияның негізгі кезеңдері болып табылады. Мұнайды фракциялық қуу қорытындысында, жанатын заттар (бензин, лигроин және басқа), майлайтын майлар (айналатын білік пен машинаға керекті), сондай-ақ қарамай немесе мұнай битумның өндіруге жіберетін қалдық.
Мұнай шикізатын арнаулы битум цехінде қосымша өңдеуден өткізгеннен соң керекті тұтқырлығы және басқада құнды технологиялық қасиеттері бар битум шығады.
Өңделетін табиғи битумдар аз салыстырмалы және олар толығымен химия өнеркәсібінде пайдаланады, сондықтан мұнай битумдарын көбінше құрылыста қолданады.
Мұнай битумдарын, өңдіріс технологиясына байланысты, қарамайдан басқа майларды толық бөлу арқылы алатын қалдықты, қарамайды тотықтыру арқылы алатын тотықты, мазутты крекинг-процесімен өңдеу кезінде пайда болатын крекинг-қалдықтарды тотықтыру арқылы алынатын крекингті, яғни көмірсутегтерді, жоғарғы температура (400-6000С) мен үлкен қысымда (0,5 МПа-ға дейін) ыдырататын болып бөлінеді. Экстракты – қарамайдың асфальт шайыры бөлігін пропан немесе басқа әлсіз ерітінділерінде (асфальтсыздандыру) шөгіндіру арқылы алынатын, қышқылды-қышқыл қарамайды, жанатын және майлайтын майларды күкірт қышқылымен тазалаудан қалған қалдықты бейтараптап алады.
Мұнай өңдейтін заводтарда битумды, табиғатта кездесетін бір-бірінен көмірсутек тобтарының сан қатынастарымен ерекшеленетін әртүрлі мұнайларды өңдеу арқылы алады. Шикізатты дұрыс таңдап, тиімді технология мен шараларды берілген техникалық талаптарға қатаң түрде сай келтіре отырып, битумның сапасын реттеуге болады.
Битумдар кең қолдану табуда. Оларды, әсіресе мұнайдан алынғандарын жол, аэродром, шатыр және басқада асфальтбетонды жамылғыларда, су доғарылайтын қорғау қондырғыларында тұтқыр зат есебінде пайдаланады.
Битумның сапасын жақсартудың еңбір тәсілдерінің бірі, ол битумға каучук немесе каучук сияқты заттарды қосу болып табылады. Бәрінен жиі қолданылатын, арзан және жеткілікті резина-техникалық бұйымдар өндірісінің қалдықтары немесе тозып, пайдалануға жарамай қалған, мысалға автомобильдік дөңгелек қабтарын өңдеу продукталары.
Битумға резинаны қосқанда оның жылуға шыдамдылығы мен тозуға төзімділігі артады. Қосылатын резина қиқымының саны, бастапқы битум сапасына, әсіресе оның жабысқақтығына байланысты да, 3-15 (битумның массасынан) шегінде болады. Сондай-ақ жақсы қортындылар жасанды каучуктерді қосқанда алынады, мысалға полизобутиленді (битумның массасынан 5-ке дейін).
Қарамайдың топ құрамын фракциялық қуу жәрдемімен анықтау қабылданған. Қарамайды жайлап қыздырғанда сұйық фракцияға және қатты қалдыққа-пекке бөлінеді. Фракциалды қуудан қалған қалдықты пек дейді. Ол көміртегті (бос көміртегі) және шайырлы ауыр заттардан тұрады. Шикі дегтіден көкстелген немесе жартылай көкстелген шикізаттан алынған жеңіл және орташа фракциялары құрылады, сондықтанда техникада қолданылатын деготты жиі жағдайда қуылған деготь деп атайды.
Жиі жағдайда пекті ауыр немесе антраценді майлармен қолдан балқыту арқылы алынған, құрастырылған тас көмірлі деготь деп аталатын түрін қолданады. Пектің үш түрін шығарады: жұмсақ, орташа және қатты. Маркалары бір-бірінен бос көміртектің қаншалықты барлығымен, жұмсау температурасымен және кейбір басқа қасиеттерімен ерекшеленеді.
Дегтінің құрамы мен ішкі жүйелері оның қасиеттерін анықтайды. Дегтіге негізінен битумы бар қасиеттер тән, атап айтқанда желімдеу мен тұтқырлық қасиеті, сондай-ақ жабысқыштығы, қартайып тозуға бейімділігі және басқалар.
Битумның, дегтінің және олардың қорытпаларының негізінде, құрылыста кеңінен қолданылатын, өздеріне сай келетін эмульсия, пасталар және ерітінділер дайындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет