Лекция Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары



бет53/58
Дата19.04.2023
өлшемі399,51 Kb.
#84633
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Лекция 15
Әрлеулік материалдар.

Қабыршықтанатын заттар. Байланыстырғыш (қабыршықтанатын) заттың қасиетіне, лак пен бояудың қолайлы жағылуы, олардың қатаю жылдамдығы, әрленетін қырларға жабысуы, пайда болған қабыршық беріктігі мен ұзақ тұруы көптен байланысты. Яғни айтып отырғанымызда да, анорганикалық тұтқырлардың бетон мен құрылыс лайларындағы маңыздылығындай белгілі ұқсастық бар. Бетон мен құрылыс лайлар араласының жайғасымдығы, тұтқырдың қатаю жылдамдығына, беріктігі мен алынған материалдардың тұрақтылығына, көп дәрежеде тұтқырдың қасиеттеріне байланыстылығы біздерге белгілі. Дәл осындай байланыстырғыш (қабыршықтанатын) заттың түріне технологиялық және пайдалану кезіндегі қасиеттері тәуелді. Лакты бояулы материалдарда байланыстырғыш болып негізінен табиғи материалдар, мысалға өңделген өсімдік майлары – олифтер және жасанды материалдар шайырлар, каучуктар, целлюлозаның туындылары және басқа полимерлі материалдар табылады. Полимерлер эмаль мен лактар үшін маңызды қабыршықтанатын құрастырушы болып отыр.


Қабыршақтанатын материалдардың арасында бәрінен бұрын олифты қарастырайық.
Олифтер дегеніміз өсімдік майлары мен алкид шайырын өңдеу арқылы алынатын, жұқа қабатта «кебуге» және жұқа қабыршық құруға қабілетті сұйық зат. Олардың «кебуі» оның сұйықтан қатты күйіне ауысқанын сипаттағанда пайдаланатын шартты сөз. Олиф қабыршығының кебуі (қатаюы), оның ауа оттегісімен тотығуымен, сондай-ақ полимеризациялық және басқа да процесстердің салдарынан болады. Олифтерді заводта дайындау кезеңінде, олардың қатаюын жылдамдату үшін сиккатив деп аталатын (латынның сикко-кептіру, құрғау деген сөзінен) қатуын жылдамдатқышты араластырудың арқасында, олифтің бойында осындай пайдалы химиялық өзгеру қаблеті пайда болады. Сиккативтер болып кобальттық, марганецтық және кейбір майлы нафтенді және шайырлы қышқылдардың тұздары іске асады. Егер олифтің құрамына органикалық ерітінділер кіретін жағдайда, олар өз кезегінде құрамнан үшуына орай, қатты қабыршықтың қалыптасуына себепкер болады.
Лак пен бояу заводтарында олифты қою езгілеген және пайдалануға дайын алкидты және майлы бояуларды дайындауға, ал құрылыста бояуларды сұйылтып, оларды сырлау жағдайына келтіру үшін пайдаланады. Олифтер төмендегідей болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет