Лекция Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары



бет51/58
Дата19.04.2023
өлшемі399,51 Kb.
#84633
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58
Байланысты:
Лекция курылыс материалдары-3

2. Дыбыс сіңіретін материалдар.
Дыбыс сіңіретін материалдар, өндірістік және қоғамдық ғимараттар, дыбыс қысымының деңгейін төмендетуі керек. Дыбыс толқындары қалқаның бетіне тигенде, дыбыс энергиясының біраз ағымы қалқадан шағылысады. Дыбыс энергиясының біразы қабырға материалдарымен жұтылады, үйкеліске ысырабтанады және жылу энергиясына айналады. Ал дыбыс энергиясының қалғаны қалқа арқылы өтеді.
Материалдардың дыбыс жұтуы дыбысты сіңіру коэффициентімен () бағаланады. Дыбысты сіңіру коэффициенті дегеніміз, беттің сіңірген энергиясының, бір уақыт ішіндегі, бетке түскен энергиясының жалпы санына (Е) түскен қатынасы.
=EжТ
Дыбыс сіңіру коэффициентің реверберациялық камерада немесе интерферометр деген арнаулы аспабтың жәрдемі арқылы анықтайды. Дыбыс жұту коэффициенті дыбыстың жиілігі мен оның бетке түсетін бұрышына байланысты. Материалдардың қуыстылығы көп болған сайын, оның қуыстарының беттерінде дамыған және өзара қосылып жататын қуыстарда көп, соған орай дыбыс жұтуыда жоғары болады. Сондықтан дыбыс жұтатын материалдар көп қуысты, әсіресе тесіктері бір-бірімен қосылып тармақтанып жатаны болуы керек. Қуыстың үйлесімді өлшемдері 0,01-0,1 см болғаны жөн. Төменгі жиіліктегі дыбыс үлкенірек қуыстарда жұтылады. Материал ылғалдылығының өсуі, дыбыс жұту коэффициентін барлық жиілік аралығында кенет төмендетеді. Төменгі, ортаңғы және жоғарғы жиіліктегі дыбыс сіңірудің реверберациялық коэффициентінің () шамасына байланысты, дыбыс сіңіретін материалдар класқа жіктеледі. Мысалға, тиімді дыбыс сіңіретін, материалдар ретінде ХУІ.І кестеде келтірілген жасанды байланыстырғыштағы минерал мақталы плиталарды келтіруге болады.
Минерал мақталы акустикалық плиталарды, әртүрлі байланыстырғыштардың ерітінділерін төгіп, ауасыздандыру әдісімен дайындайды. Мысалға, 73 поливинилацетатты эмульсия және 27 фенолды спирттен тұратын қосынды. Жаңа қалыпталған бұйымдарды салмақпен басып тұрып тығыздайды және жылумен өңдейді. Сонан соң бүркемелі сәнді қабатты төсеп механикалық әдіспен әрлейді.
Акмигранды дайындау үшін, түйіршіктелген минералды немесе шыны мақтаны және негізгі компоненттері крахмал, карбоксиметилцеллюлоза, бентонит, сондай-ақ гидрофобизациялайтын және антисептиктейтін қосындылары бар байланыстырғышты пайдаланады.
ХУІ.І-кесте.



Материалдың аты және оның көлемдік массасы

Дыбыс жұту коэффициенті, дыбыс жиілігі, ГЦ аз емес

125

250

500

1000

2000

Жасанды байланыстырғыштағы минерал мақталы плиталар, 150 кг/м3

0,25

0,30

0,79

0,80

0,98

Силакпор (газды бетон) 320 кг/м3

0,31

0,51

0,63

0,73

0,74

Қатты полиуретанды көбікті пласт 70 кг/м3

0,11

0,33

0,55

0,57

0,60

Акмигран (акминит) 320-330 кг/м3

0,16

0,28

0,40

0,60

0,80

Технологиялық процесстер, келесі операциядан тұрады: минералды мақтаны түйіршектеу, байланыстырғыш ерітіндіні және қалыпталатын массаны дайындау (түйіршіктерді байланыстырғыштардан араластыру), бұйымдарды қалыптау, кептіру, әрлеу операциясы (тегістеп жылтырату, өлшемдерін ретке келтіру, бояу).


Ішінде минералды мақта, крахмал, литапон және поливинилацетатты эмульсиясы бар «Акминит» өндірісінің технологиялық процесі минералды мақтаны борпылдату мен түйіршектеу, алынған түйіршіктерді крахмалды байланыстырғышпен араластыру, плиталарды қалыптау, кептіру, механикалық өңдеу және бояудан тұрады.
Соңғы кездерде крахмалды байланыстырғыш пен арнаулы қосындылардан тұратын жаңа сәнді дыбыс ұстайтын МКП плиталары пайда болды. Бұл ретте материалды құюды ауасыздандыру процесімен біріктіріп барып алады. Алынған бұйымдарда 120х600 мм дейінгі өлшемдерде ірілендіруге мүмкіндік береді және олар майысқандағы беріктігімен ерекшеленеді.
Өндірісте құйылған қатты қырлы және тесілген гипс плиталарын шығарады. Плиталар ұсақталған, есілген талшықты шыны және поливинил хлоридті жіппен арматураланған. Шеткі гипс ішінде жібек жібімен тоқылған қағазды желімдеп оған жұқа металл қабыршығымен оралған минерал мақталы плитаны төсейді.
Силакпор атты газды бетон және газды силикат плиталарды, әдетте кебу кезіндегі көлемдік массасы 350 кг/м3 дейін шығарады. Бұл ретте олардың қысқандағы беріктігі 1,0 МПа-ға дейін.
Жоғарғы тиімді дыбыс соратын материалды ісінген, көлемдік массасы 250-500 кг/м3 шамасында болатындай етіп өңдіреді.
Материалдың дыбыс соруы, олардың қалыңдығына, дыбыс көзіне қалай орналасуына және басқада факторларға байланысты. Дыбыс энергиясының сорылуын күшейту үшін материалдарды қосымша тесіктейді. Бұйымдардағы тесік пішіні мен өлшемі, олардың қыйғаштылығы, тереңдігі, сондай-ақ тесіктілік проценті, яғни тесігі бар ауданның плитаның жалпы ауданына қатынасы, дыбыс өткізу коэффициентінің мағынасына әсер етеді. Әдетте плиталарды тесіктеу дыбыс сору коэффициентін 10-20-тен көпке өсіреді. Дыбыс жұтатын плиталарды, конструкциялардың ішінде орналастырып, әртүрлі ауа кеңістігі бар, дыбысты жұтуға серіппелі қасиеттерін пайдаланады. Дыбыс жұтудың берілген мағынасын алу үшін, конструкцияларда резонанс құбылысы байқалатын денені, яғни қалқа бетінен біраз қашықтықта орналасқан қалқа мен плиталарды қолданады.
Дыбыс жұтатын әрлеу материалдарын, жақсы сұлу сыртқы түрі бар, әртүрлі өлшемдер, негізінде плита түрінде шығарады.
Бұл плиталардың бет қабаты саңлаулы, жарықшақ, әжім, дөңгелекбедерлі және боялған болуы мүмкін (ХУІ.І сурет).
Кәзіргі уақытта пайдаланатын дыбыс сорғыш материалдардың көпшілігі ауадан судың буын көп тартады да, судың әсеріне шыдай алмайды. Сондай бола тұра материалды өңдеу процесінде, тасымалдау, сақтау және бұйымдарды жинап құрастыру кездерінде, оларды пайдаланатын жеріне қойылмай жатып-ақ, бойларында үлкен өндірістік ылғалдылық болады. Тепе-теңдік ылғалдылыққа дейін кебу процесі бірнеше жыл пайдаланғаннан соң ғана жетеді. Аталған қуысты (60-90) бұйымдарды, ылғалды ортада пайдаланғанда, ауадан тез арада ылғал тартып немесе тікелей сумен жанасқанда ылғалданады. Осының қорытындысында, аталған материалдар мен бұйымдар, бір қатар ғимараттарда, құрылыста және арнайы конструкцияларда өздерінің дыбыс сіңіру қасиетін жоғалуына байланысты пайдалануы мүмкін емес. Су буымен немесе сумен қаныққан кезде, материалдың дыбыс жұтуы әлдеқайда кемиді.
Жылу доғарғыш материалдар үшін, ірі панелді бұйымдардағы қабылданғандай, дыбыс сіңіргіш және басқада акустикалық материалды судың әсерінен сақтау керек. Судың әсерінен, әртүрлі қабықшалармен орап сақтау әдісі тиімді емес. Қабыршық жиі жыртылады, осындай әдіспен қорғаудың өзі өте көп еңбек ысырабын керек етеді. Одан басқа олар констуркцияның дыбыс жұтатын қасиетін кенет өзгертуіне байланысты, дыбыс жұтатын материалдар үшін мұндай әдіс жалпы қолданылмайды.
«Акминит» және «Акмигран» (РФ), Травертон (АҚШ) дыбыс ұстағыш материалдарын техникалық шарт бойынша, тек қана салыстырмалы ылғалдылығы 70 көп емес, тек үй ішінде ғана пайдалануға болады. Өйтпеген жағдайда крахмалды байланыстырғыш ісініп шіріп, физика-механикалық қасиеттерін жоғалтуы мүмкін. Түрі өзгертілген қосындыларды қосудың әртүрлі варианттары белгілі, мысалға полиакриламид, дифенилпропан, фенолспирттер, мочевиноформальдегидті және басқа қосындылар. Әртүрлі шектегі қосындылар крахмалды байланыстырғыштың суға шыдамдылығын өсіргенмен, оларды суға төзімді ете алмайды.
ХУІ.2 кестеде, әдебиетте жазылған және жаңа зерттеу негіздеріндегі материалдардың салыстырмалы қасиеттері келтірілген.
Арнайы қасиеті бар, мысалға, минус 60-тан 4500С-ға дейінгі температура аралығына шыдамды жаңа дыбыс сіңіретін материалдар пайда болды. Мұндай мүмкіндік, негіз есебінде штапелді шыны талшықты немесе өте жіңішке шыны талшықты және жасанды байланыстырғыштарды пайдалану арқылы алынды. Бұйымдардың көлемдік массасы 25-65 кг/м3, 400-ден 200 ГЦ-ке дейінгі жиіліктегі дыбыс сору коэффициенті 0,65-0,95.
Қоғамдық және өнеркәсіптік ғимараттарда дыбыс соратын қондырғыларда қолданады. Дыбыс өрісіне орналасқан жеке резонатор дыбыс толқынының энергиясын шашыратады. Оның тиімділік әсері өлшеміне, пішініне және ішкі жоғалысқа байланысты. Дыбыс жұтатын конструкцирялар, әдетте металдан, фанерадан, тесілген панелдер түріндігі қабырғадан сырт орналасқан пластиналардан дайындалады. Қуыс көлемінде дыбыстың жұтылуы 0,8 шамасында. Бұл ретте дыбыс жұтатын материалдар тек әрлеу материалы ғана емес сонымен қатар салмақ көтеретін материалда болып табылады.
Көтерінкі физико-механикалық қасиеті бар, жоғарғы сапалы дыбыс жұтатын материалдарды жасап шығару, олардың негізіндегі құрылыс конструкцияларының, ғимараттардың, құрылыстардың пайдалану кезіндегі қасиеттерін кенет өзгертеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет