Лекция Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары



бет56/58
Дата19.04.2023
өлшемі399,51 Kb.
#84633
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
Лекция курылыс материалдары-3

Жасыл көк пигменттер. Сірке суы мен мыс қосындысынан тұратын тұз-жасанды минералды ұнтақ немесе кристалл күйіндегі әртүрлі көк және көк жасыл түсті бояу, құрамы сіркеқышқылды мыстың тұзы. Ішіне аталған пигмент кіретін арнаулы майлы бояулар жарық пен атмосфера әсерлеріне - өте жоғары беріктігімен ерекшеленеді. Осы бояумен боялған болат қаңылтырлы шатырлар 15-20 жыл бойына жөндеусіз тұра алады.
Хром тотығы - сапалы жасыл көк пигмент. Сілті мен қышқыл әсерлеріне шыдамды, жоғары температура әсерінеде тұрақты.
Көк пигменттер. Ультрамарин негізінен натрийдің алюминді силикаты, әктің әсеріне тұрақсыз, себебі натрийдің алюминді силикаты кальцийдің сулы тотығымен әрекеттесуге қаблетті. Темір лазурь (көкшіл сүр) атмосфера әсеріне тұрақты, бірақта сілті әсеріне тұрақсыз (түсін қоңырға ауыстырады). Тіпті қоршаған ортада өте аз мөлшерде аммоний буының болуы бояудың түсін өзгертеді.
Қара пигмент. Бұл топтан, тек таза дерлік, көміртегтен тұратын қара, ұнтақталған, күйені айтуға болады. Мысал ретінде әртүсті кейбір пигменттерді көрсетейік. Жеке пигменттер мен түсті лакты бояулы материалдарды таңдағанда пигменттердің жалпы қасиетін ескеру керек.
Пигменттердің кейбір жалпы қасиеттері. Әртүрлі жағдайларда пайдаланатын лакты бояулы қабаттардың ішінде енетін пигменттердің пайдалану мүмкіндігін, келесі жалпы қасиеттері алдын ала анықтайды.
Жарыққа тұрақтылығы дегеніміз күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түсін өзгертпеу қаблеті. Мысалға, кейбір пигменттер, охра, темір жосасы және басқада табиғи пигменттер жарыққа өте төзімді. Литопонды ақ пигменттер жарық әсерінен сарғаяды, ал қорғасын кроны және кейбір басқа анорганикалық пигменттер күңгірттенеді, жеке бір органикалық пигменттер кейде өте аз уақытта түсін жойып оңып кетеді.
Сілтінің, қышқылдың, судың әсерлеріне тұрақтылығы. Көптеген пигменттер әк, цементпен жанаса тұрып, яғни сілтілі тотықтардың барлығынан, өзінің түсін өзгертеді. Мысалға темір лазуры сілтілі ортада оңып кетеді, қорғасынның сары кроны – қызарады, ал қорғасын көгі (лазурь мен крон араласы) сарғаяды. Кальцийдің сулы тотығының әсеріне мырштың ақ пигментіде тұрақсыз. Пигменттің сілтіге жеткіліксіз тұрақтылығы, жаңа төселген сылақ пен бетонға жағылған бояудың бұзылуына, тағыда сілтіге шыдамсыз пигменттерді әк және цементпен араластырғанда түрінің өзгеруіне әкеп соғады. Табиғи пигменттердің көбісі (охра, мумия, темір жосасы, умбра, марганецты қара), тағы да көптеген жасанды пигменттер (титанның ақ пигменті, хром тотығы, органикалық қызыл-сары, алқызыл) сілтіге шыдамды.
Хромның тотығы және титанның ақ ұнтағы сияқты пигменттер қышқылға төзімді сондықтан арнайы қышқылға төзімді бояулар өндіруге жарайды.
Пигменттердің судағы жеткіліксіз тұрақтылығы олардан алынған бояуды әлсіретеді, бояу беттерінде дақ оңып кеткен жерлері пайда болуына себепкер болады. Пигменттерде суда жеңіл еритін заттардың барлығы, бояулы қабаттың атмосфера әсеріне қарсылығын азайтады, ал осы заттардың кейбіреулері боялатын болатты беттерді коррозияға ұшыратады.
Атмосфераға шыдамдылық дегеніміз қирамай және түсін өзгертпей көп рет ауыспалы ылғалдану мен кебінуді, мұздану мен еруді, сондай-ақ оттегі мен басқа кейбір (кейде атмосфераның төменгі қабаттарын ыластайтын, егер бөлінген газдарды атмосфералық қондырғыларда жеткіліксіз тазаланбаса) газдардың, мысалға күкірттің әсеріне берілмеу қаблеттілігі.
Аталған қасиеттер өте маңызды, әсіресе конструкцияның сыртқы бояуға пайдаланатын пигменттері үшін.
Коррозияға қарсы (енжарлау) қасиеттері пигменттердің болат беттерді тотығудан берік сақтайтын, қосылғанда сай келетін байланыстырғыштармен бірге жабылым беру қабілеті арқылы білінеді. Кейбір пигменттер болат конструкцияларды өңдеуге жұмсалатын бояуларға жарамайды. Құрамында бос көміртегі бар пигменттер (мысалға күйе) темірмен гальваникалық жұп түзеді, бұл ретте сол электродты потенциалы көбірек темір, электрохимиялық коррозия салдарынан қирауға дұшар болып бұзылады.
Құрамында күкіртті, күкіртқышқылды қосындылары бар жеке пигменттер, темірмен химиялық әрекеттесіп, оны істен шығаруы мүмкін (мысалға литопонды ақ ұнтақ пен жасанды мумияның кейбір түрлері).
Болат конструкцияларды бояғанда коррозияға қарсы тұратын пигменттерді пайдаланған жөн. Ондай пигменттерге, мысалға алюминий ұнтағы, мырштың ақ ұнтағы, мырштың және қорғасынның кроны, темір мен қорғасынның жосасы. Металдардың кернеу қатарында алюминий темірден жоғары тұр. Гальваникалық жұп пайда болғанда, алюминий анод болады да ионды жағдайға ауысуға ұмтылады, ал темір болса катод болады да өзгеріске берілмейді, пайда болған алюминийдің сулы тотығы болат конструкциясының бетін қорғайды. Саналған пигментттердің басқалары, мысалға қорғасын жосасы, олифтың майымен араласып майлы қышқылдардың ерімейтін, тағыда металды коррозиядан сақтайтын тұздарын береді.
Тағыда пигменттерге келесідей жалпы тілектер қойылады, үлкен ұнтақтылығы, яғни бөлшектің майдалығы, 1м2 (граммен) ауданды бояуға кететін пигментпен қосқанда, араласқан пигментке өз түсін бере алатындығымен анықталатын бояушылық қаблеті; жарыққа шыдамдылығы, уландырмайтындығы. Құрамдарында қорғасын немесе мыстың қосындылары бар пигменттерді жұмысқа пайдаланғанда еңбек қорғаудың шараларын ерекше сақтау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет