3. Асфальт бетондары жөнінен жалпы мәлімет Асфальт бетон дегеніміз орынды таңдалып алынған және ұқыпты араластырылған, әртүрлі іріліктегі минералды материалдар мен битумның араласынан тұратын масса.
Асфальт лайы немесе құмды асфальт дегеніміз асфальт бетонның бір түрі.
Асфальтты тұтқыр зат дегеніміз-битумның майда дисперсілі минералды ұнтақпен тығыз біріккен продуктысы (Сахарова П.В. бойынша асфальттайтын қосындымен).
Компоненттердің массасы бойынша ара қатынастары немесе асфальт бетондағы әрқайсысының процент мағынасы лабораториялық жағдайда белгіленеді (құрамды жобалау). Асфальт бетондарын арнаулы тұрақты заводтарда немесе қозғалмалы түріндегі қондырғыларда дайындайды.
Заводтан жартылай фабрикат (асфальт бетонды масса) төселетін орнына жеткізіледі. Осыда жұмысшы температурада, әзірше біртұтас керекті техникалық қасиеттері бар асфальтбетон алынғанша тығыздалады.
Асфальт бетон әртүрлі белгілермен жіктеледі. Өндірістік белгіленуімен асфальтбетон жолдық, аэродромдық, су техникалық, тротуарлық, ал өндірісте белгіленген цехтардағы, қоймадағы, гараждағы еден үшін деп жіктеледі.
Ішкі жүйе құрылымына қарай үш негізгі белгілерін бөледі: түйіршіктігі, құрыстылығы және минералды араластағы ірі фракцияның саны.
Түйіршіктігі жөнінен асфальтты бетондар қиыршықтың өлшемі 40 мм-ге дейін жететін ірі түйіршікті, орта түйіршікті -25 мм-ге дейін, ұсақ түйіршікті -15 мм-ге дейін. Құмды түйіршік өлшемі 5 мм-ге дейін (кейде 3 мм-ге дейін) болып бөлінеді. Минералды қоспада көрсетілген түйіршік өлшемдері шартты күйде көрсетілген, керекті жағдайда ауытқулар болуы мүмкін.
Кеуектілігі жөнінен асфальтбетондар тығыз және қуысты болып жіктеледі. Тығыз бетонның қуыстылығы 5-тен аспайды, ал кеуекті түрінде 10 және оданда жоғары болуы мүмкін. Кеуекті асфальтбетонды, төселімнің астыңғы қабаттарына пайдаланады.
Құрылыста, әдетте ішкі жүйелік құрылымы тиімді асфальт бетонды қолданады. Тиімді деп минералды қосындының әр дисперсілі түйіршіктері, тұтқыр заттың қабыршықтары арқылы түйіскен. Тұтқырдың жалпы саны бүтін денеде тұтас кеңістік торын құруға және асфальтбетонды массаның барлық технологияның кезеңдерінде, әсіресе тығыздағанда керекті қолайлы өңдейтін қамтамасыз ететін, ұстап біріктіріп тұруға жеткілікті және аз болған жағдайын айтады.
Тиімді ішкі жүйелі (мысалға көп қиыршық тасты асфальт бетондарда) асфальт бетонда, минералды қоспалар неғұрлым көп болса, соғұрлым асфальтты тұтқырлы затты битуммен араластыру дәрежесі жоғары, яғни битум-ұнтақ (Б/ү қатынасы көп және керісінше). Мұндағы Ь мен ү дегеніміз белгілеріне сай келетін битум мен минералды ұнтақтың мөлшері.
Температуралық факторларға қарай асфальтбетонды үш түрге, ыссы, жылы және салқын асфальт бетон болып бөлінеді. Ең көп пайдаланатыны, массаны тығыздап болғаннан соң іс жүзінде іле-шала қататын ыссы асфальт бетондары мен лайлары.
Ыссы асфальт бетондар мен лайлары 140-1700С, ал жылы түрін 60-1000С және салқын түрін қоршаған ортаның температурасы 50С-дан көп емес немесе біраз көтеріңкі (5-400С) температура жағдайында төсейді. Асфальт бетон мен лайлардың, төсеу мен тығыздау кезіңдегі массаның технологиялық қасиеттеріне қарай (қолайлы өңделуі) олар қатты, пластикалы және құймалы болып бөлінеді. Аталған қатты түріне кәдімгі салқын бетон жатады.
Мұндай бетондардың түпкілікті тығызданып бекуіне, төселімді ұзақ уақыт пайдаланғаннан соң ғана қол жетеді. Пластикалы асфальтбетонды тығыздау үшін ауыр және орташа массалы ауыр дөңгелектерді, ал құймалы (құйма асфальт) асфальттарға массасы аз дөңгелектерді немесе таптауды жалпы пайдаланбайды.
Кейбір жағдайларда (тротуар мен едендер үшін) қолмен қозғайтын біліктерді қолданады. Пластикалы және құймалы асфальтбетондары тығыздалса беріктігі өседі, яғни тығыздалып және салқындап болған соң (1-2 сағаттан соң) іс жүзінде қатады.
Ірі түйіршікті материалдардың түріне байланысты асфальт бетондарды қиыршық тасты, қой тасты, қиыршық және қойтасты, құмды және топырақты (топырақ асфальт) болып бөлінеді.
Асфальтбетонды төселімнің түріне, құрылыс пен жол машиналарының, материалдың қандайының барлығына және де завод жабдықтарына қарай таңдап алады.
Жоғарыда көрсетілгендей асфальтбетонды өңдіру үшін қиыршық тас, құм, минералды ұнтақ және битумды қолданады. Асфальт лайын дайындау кезінде қиыршық тас керек емес. Дегты бетонды дайындағанда битум орнына дегтыны пайдаланады.
Қиыршық тасты берік, аязға төзімді магмалы шөгінді және метаморфалы тау жыныстарынан, сондай-ақ берік және тұрақты домна шлактарынан алады. Негізгі тау жыныстарының-диабаз, базальт, қысқандағы беріктік шегі 100 МПа-дан кем емес мәрмәр тәріздес әк тастарының артықшылығы бар.
Төменгі қабаттағы төселімдер үшін тастың беріктігіне талап: 20-25 төмендейді. Беріктіктен басқа аязға төзімділігін, ірілік құрамын, пішіннің және қиыршық тастың ыласталғандығын тексереді. Кәзіргі уақытта беріктігінің орнына жиі жағдайда қиыршық тастың стандартты барабанда сынағандағы «жейілгендігін» анықтайды. Қиыршық тастың бастапқы салмағына процентпен есептелетін жейілудің шекті сапасы қатаң нормаланады.
Табиғи және жасанды (ұсақталған) құмды пайдаланады. Құмға қойылатын негізгі талаптар-минералды қоспаның көтеріңкі тығыздығын қамтамасыз ететін әртүйіршілігі; ірілік модульмен есептелетін жеткілікті ірілігі М>I; шаң-тозаңды бөлшектермен ыластаңбауы. Құмның ең үлкен өлшемі 3 немесе 5 мм.
Минералды ұнтақты, қысқандағы беріктік шегі 20 МПа-дан кем емес, әк тас пен доломитті ұнтақтау арқылы алады. Минералды ұнтақтың және кейбір басқа да түрлерін домналы шлактан, битумды әк тасынан алынғандарын қолдануға болады, кейде күлдерді, доломит шаңын, цементтің ауамен ұшқан шаң-тозаңын пайдаланады.
Ұнтақтың маңызды сапалы сипаттамасы болып, ұнтақ салмағының стандартты елек жиынтығы арқылы елеп анықталатын ұнтақ майдалығы саналады. Ұнтақта 0,07 мм-ден майда бөлшектер массасымен салыстырғанда 70-тен кем емес, 0,315 мм-ден майдалары 90-тен аз емес және 1,25 мм-ден үлкен бөлшектер болмауы керегін білген жөн. Минералды ұнтақтың сапасы үшін гидрофилді коэффициент деп аталатын шаманың мағынасы зор. (Ұнтақтың суда ісінген көрсеткішінің, ұнтақтың керосинде ісінген көрсеткішіне қатынасы). Ол бірден көп болмауы керек. Саз балшықты қосындылардың барлығы 1,5-ке дейін шектелмейді.
Асфальт бетонның түріне қарап қоймалжың тұтқыр және сұйық битумдар қолданылады. Ыссы асфальт бетондар үшін жабысқақ маркалары БНД-90/130, БНД 60/90 және БНД 40/60, ал жылы асфальтбетонға тұтқырлығы төмен мұнай битумдарының БНД-130/200 және БНД-200/300 немесе сұйық битумдарды іске асырады. Салқын асфальтбетонға тек қана сұйық немесе мұнай заводтарынан алынған немесе асфальт заводтың өзінде, қою битумдарды керекті қоюлыққа дейін сұйылтып, жиі жағдайда сұйық битумның СТ-70/130 немесе МГ-70/130 маркаларын пайдаланып дайындалған құрамдарын ұсынады.
Қиыршық тастан, құмнан, минералды ұнтақтан және битумнан басқа асфальтбетонға әртүрлі технологиялық процесстер кезеңінде бетті белсенді заттарды қосады. Бетон белсенді заттарды, минералды ұнтақты дайындағанда битумды қыздырғанда, асфальтбетонды массаны араластырудың әрбір кезеңдерінде қосуға болады. Бұл заттар дайын асфальтбетонды жамылымдардың сапасын жақсартады, жұмыс жүретін құрылыс маусымын ұзартады, технологиялық операцияларды жеңілдетіп, битум ысырабын азайтады және құрылыстың құнын кемітеді.