3. Дыбыс оқшаулайтын материалдар. Дыбыс оқшаулайтын (немесе оларды жиі төселмелі заттар деп те атайды) материалдарды, жабылымдар мен қалқаларды, көбінше соққылы, шулардың дыбысын доғарылау үшін қолданады, атап айтқанда ауа шуын жұту үшін.
Дыбыс доғарылаудың нормаланған параметрлері болып, децибалмен өлшенетін, қалқалы конструкцияларды ауа шуынан доғарылайтын және жамалым үстіндегі келтірілген соққылы шудың деңгей индекстері (Ja) болып табылады. Ауа шуын доғарылау индексі мен соққы щуының келтірілген деңгей индексі норматив құжаттарының (КНжЕ) сай келетін графикалық байланыстылығы немесе кестелері арқылы анықталады.
Конструкцияның дыбыс доғару қабілеттілігі оның ішкі жүйе құрылымына, өлшеміне, массасына, қаттылығына, дыбыстың өтуіне, материалдың ішкі кедергісіне, сүйену әдісіне және басқа да ерекшеліктеріне байланысты. Конструкцияның ішкі жүйе құрылымына байланысты материалдар акустикалық біртекті және әртекті болып бөлінеді. Біріншісіне бір тұтас тербеліс жасайтын констуркцияларды жатқызады, ал екіншісіне конструкцияның бетіндегі бөлшектер бір бірінен өзгешеленетін (қабатты әртекті жүйелі материалдардан жасалған, ішінде ауа кеңістігі барды ескертетін) қозғалыстар жатады.
Акустикалық біртекті конструкциялардың дыбыс доғару қасиеті, оның массасының онды логарифміне тура пропорционалды. Ол дегеніміз мұндай конструкцияның дыбыс доғару қасиеті логарифмдік қисығына қарап бастапқы кезде едәуір жылдам, онан соң өте бояу, көбейеді. Егер конструкция массасының өсу жолымен жүретін болсақ, онда олар өте ауыр, үлкен және қымбат болып кетеді.
Акустикалық әртекті конструкцияның қатты қабаттарының серіппелігімен салыстырғанда, динамикалық серіппелі модуль өте аз, жүйелі қатқабаттарды пайдалану арқылы материалдың дыбыс доғару қабілетін өсіруге болады. Мысалға, бетон серіппелігінің модуль 500-нан 30000 МПа-ға дейін, ал ауанікі 0,14 мПа. Қуысты материалдар қабаттарындағы серіппелік модуль 5 МПа.
Акустикалық әртекті конструкция ретінде ауа кеңістігімен бөлінген пәтер аралық қабырғалар мен қабат аралық жабылымдар, бөлек «жүзіп» жүретін еден мен бөлек үй төбесін айтуға болады. Сонымен акустикалық әртекті конструкцияларда, ауа кеңістіктері немесе дыбыс оқшаулайтын төселімдері болуы керек те, қабат араларында қатты байланыс болмауы тиіс. Бірінші шарт орындалғанда, мысалға ауа кеңістігінің қалыңдығы 1 см болғанда, оның дыбыс доғарлау қабілеті жамылғының 1 см қалыңдықтағы бетонына тең болуы мүмкін. Екінші талаптың орындалуы, керекті қаситтері бар дыбыс доғарылайтын материалдарды, пайдалану арқылы шешілуі мүмкін.
Дыбыс доғарылайтын төселмелі материалдар, жүк көтеріп тұратын тұтас қабат немесе тұтас қабатқа қарағанда бірнеше есе жүкті көп көтеретін, тілім төселме түрінде пайдаланады. Мысалға, дыбыс ұстайтын тұтас қабат үшін меншікті жүктелу 0,002 МПа немесе 2х103Н/м2 болса, тілімді төселімге 0,01 немесе 1х104Н/м2. Жүк көтеріп тұрып пайдаланғанда, оларға, нормативті құжаттар жағынан, қойылатын талаптар әлдеқайда өзгереді. Дыбыс ұстайтын материалдар үшін қысқа сынақ салмақпен тұрғындағы деформация ғана емес, онымен қатар ұзақ пайдаланғандағы деформациясында білу қажет. Бұл салмақпен тұрып, салмақтың әсерінен қосылып және жайылу процесіне берілетін, олардың іс жүзінде жұмыс істеу жағдайына сай келеді.
Дыбыс ұстайтын материалдардың деформативтігі, оның ішінде қалып кеткен ауаның серіппелі қасиеттері мен материал қаңқасының деформативтігінен тұрады. 20х103Н/м2 үлесті салмақпен тұрған жоғарғы деформативті дыбыс оқшаулайтын материалдардың салыстырмалы қысылуы 15 көп. Олар жұмсақ материалдар (ж). Олардың талшықты немесе қуысты тесік жүйелі құрылымы бар. Жартылай қаттыларының салыстырмалы қысымдылығы 5-тен 10-ке дейін, қаттыларының - 5-ке, өте қаттыларын тіпті 0-ге дейін. Қаттылық дыбыс ұстайтын материалдың тиімділігін анықтайтын маңызды қасиет болып табылады. Қаттылық өз кезіңде қабаттың қалыңдығы мен материалдың динамикалық серіппелі модуліне байланысты.
Дыбыс доғарылайтын төселмелі материалдар динамикалық серіппелі модульдің шамасына қарай төменгі топтарға бөлінеді. Бірінші топқа: серіппелік модульдері 10х105Н/м5-тен 50х105Н/м2 дейінгі, ал үшінші топқа 50х105-тен 150х105Н/м2-қа дейінгілер.