Лекция. Дене шынықтыру-қоғам мәдениетінің бөлігі Дене шынықтыру қоғам мәдениеті мен адам мәдениетінің бөлігі ретінде Дене шынықтырудың тарихи сипаты



бет6/36
Дата18.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#75312
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Мамандыққа к лекция

Дүние тану қызметі. Бұл дене мәдениетінің рухани қызметтері ішіндегі ең ауқымы кең қызметтерінің бірі, өйткені ол дене мәдениетінің қоғамның тіршілік әрекетінің әртүрлі саласындағы орны мен мағынасына деген адамның көзқарасына, сол сияқты, дене мәдениеті қызметі арқылы тіршілік әрекетін қалыптастыруға әсер етеді.
Өнегелік қызмет, бірлесіп ұйымдасқан дене мәдениеті қызметі процесіндегі адамдардың ерекше өнегелік қарым-катынаста болатынына әсер етеді.
Қоғамдық қызметтердің ішіндегі ең маңызды түрі - педагогикалық қызмет.
Дене мәдениегі педагогикалық қызметтерінің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
а) дене мәдениеті қызметінің рухани негізін тәрбиелеуге бағытталған, тәрбиелік; ә) дене мәдениеті білімін, қабілеті мен дағдыларын қалыптастырумен байланысты, білім бер;
б) адамның денені шынықтыруы мен дене сымбатының бүтіндей дамуына мүмкіндік тұғызатын, дамушылық.
Спортта қарым - қатынастың әрқилы түрлерін бөліп көрсетуге болады, ол тілімен, ыммен, дене қимылымен, іс-әрекеттерімен (қимылдарды көрсету, көмек, белгі беру, ескерту), заттық, бұйымдық (тренажерларды, қондырғыларды, құрылғыларды, керек-жарақты, бейнелерді, келбеттерді, кескіндерді көрсету), кодтық-символикалық (ұпайлар, табло, түсініктеме беру).
Спорт - тәрбиелік сипатта болып, тек ағзаны емес, сонымен бірге, жаттығушының сымбаттылығын да дамытады. Адамның рухани және дене дамуы олардын жиынтығы мен бір-бірін толтыруы жеке тұлғаның мәдениеттілігіне, жан-жақтылығына, жинақылығына ірең, әр беріп тұрады. Спорт саласында денешынықтыру қызметі барлық адамға бірдей қарайды, оның көмегімен шұғылданушылар өздерінің әлеуметтік қызметтерін орындауға дайындалады. Сондықтан, спорт адамды социализациялаудағы маңызды қозғаушы күші, болып табылады. Адамның дене дамуын анықтайтын қозғаушы күші оның әлеуметтігі болып табылады. Барлығына белгілі адам дамуының өзі биологиялық тегіне тартушылық қозғаушы күштеріне және тәрбиенің ықпалымен жүзеге асырылады. Спорт адамның табиғи жаратылысын, педагогикалық және биологиялық тұрғыдан әсер ету көмегімен жетілдіреді.
Спортқа қоғамдық өмірдің болмысы ретінде бір-бірімен өзара байланыстағы ерекше мәдени және жалпы мәдени қызметтер де өзіне тән қасиетгер. Оның біріншісіне қимылдық белсенділіктегі әлеуметтік және табиғи қажеттілікті қанағаттандыру мен осының негізіндегі денешынықтыру жағдайының ықшамдалуын жатқызуға болады, яғни, денсаулық, дене дамуы, дене бітімінің жақсаруының жағдайы, ал екіншісіне, дене тәрбиесі, денені шынықтыру білімін беру және дене дайындығы жатады. Демократиялық қоғамдағы спорттың ең басты ерекше қызметі, халықтың дене дайындығын жетілдіруді қалыптастыру болып табылады, яғни, ол денсаулықты сақтау, нығайту мен жетілдіру, шығармашылық құралы ретінде пайдалынады.
Сонымен, спорттың ең басты қызметі дене дайындығын жетілдірумен, ағзаның жалпы дамуы және нығайтуымен, еңбек пен әлеуметтік қызметтің басқа да түрлеріне дайындықпен, белсенді демалыстағы қажеттілікті қанағаттандырумен, бос уақытты тиімді пайдаланумен байланысты. Спорт адамның жалпы мәдениетті қабылдаудағы ынтасын тұрақтандырады. Ол - өмір қалпының ең маңызды бір бөлігі. Спорт - адам қызметінің әртүрлі саласындағы әралуан байланыстағы, ең маңызды әлеуметтік құбылысы. Спорттың жалпы мәдени қызметтері, басқа қоғамдық болмыстармеы жан-жақты байланыстар кезінде пайда болады. Сондықтан, оларға жоғары деңгейдегі әртүрлілік силаты берілген.
Спортты ең жоғары қызмет дәрежелеріне жатқызуға болады, өйткені, ол денені шынықтыру мен психологиялық қабілеттердің деңгейін көтерумен байланысты. Спорттың бұл қызметі кейбір елдерде заңмен бекітілген. Тәрбиелік қызмет дене тәрбиесімен ұсынылады, онда педагогикалық басшылықпен тұлғаның дене дамуы жүзеге асырылады. Ең маңыздысын атап өткен де жөн, тәрбиелік қызметі спортпен шұғылдану барысында саяси, саналы ой, өнегелі еңбек, отан сүйгіштік, эстетикалық жинақылық және басқа да тәрбие түрлерімен байланысты.
Қазіргі таңдағы қоғамның ең бір көкейкесті мәселелерінің бірі ол дүниежүзінде бейбітшілікті сақтау мен нығайту болып табылады. Спорттағы бейбіт достық әралуан спорттық байланыстар түрлерінде көрінеді. Қазіргі заманғы, яғни заманауи спортта, интеграциялық байланыстар кең түрде дамыған.
Спорт, тәжірибе көрсеткендей адамға оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына әралуан түрде әсер етеді. Спорт шын, адал жолмен жөнуді және лайықты жеңілуді үйретеді, денені шынықтырады және адамгершілікті тәрбиелейді, игілікті және еңбекті сүюді қалыптастырады, жат қылықтардан арылуға көмек береді, ол қиын жағдайларда ойлануға мәжбүр етеді, өзін-езі тәрбиелеуге үйретеді, адамды жаттығуға, жеке мүддесін - команда мүддесіне бағындыруға көндіреді. Спортпен шұғылданушы адам тәртіпті дәл, анық басқарып отырғанның ықпалына түседі (жарғы, спорттық жарыс ережелері, күн режімін сақтау және т.б.), ол белсенді спорттық ұжым өміріне қатысуға араласады, сөйтіп қоғамның белсенді мүшесі ретінде тәрбиеленеді.
Адамның үш түрлі тәжірибені меңгеретінін есте сақтау керек:
1. Тұқым қуалайтын қасиет - мұрагерлік тәжірибе;
2. Көріп-білу арқылы (әлеуметтік-тарихи), ұрпақтан-ұрпаққа рухани ақпарат, мәлімет мәдениеті ортасы арқылы берілетін тәжірибе;
3. Өмір сүру барысында дербес меңгерген тәжірибе.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет