5-6 лекция. Спорттын әлеуметтік және педагогикалық құбылыс
ретіндегі рөлі
1. Спорт теориясы білімдер жүйесі, оның пәні
2. Негізгі бағдарлық түрлері
3. Спорттың өзіндік және мәдени қызметтері
Дене мәдениеті жүйесіндегі спортқа бұқаралық, көпшілік спорт ("спорт барлығы үшін"), әуесқой спорт, кәсіпкой спорт, мүгедектер спорты кіреді. Көпшілік спорт маңызды орынға ие, ол өздігінен шұғылданушылық сипатта болып, қызметі тұрғындардың денсаулығын сақтау мен жақсартуға бағытталған. Бұған ұтымды демалыс үшін пайдаланылатын, шұғылданудан рақат сезімге бөленетің өзіне ләззат алатын спорт түрлері кіреді. Мұндай жағдайларда жеңіс басты қозғаушы күш болып табылмайды, онда тұлғаның қалыптасуы көрінеді. Әркім жеңімпаз болуы мүмкін, ең алдымен өзін-өзі жеңіп, сосын - басқаларды.
Әуесқой спорт (сондай-ақ оқу) - бұл адамның дене және рухани қабілетін дамытуға бағытталған қызмет, оның нәтижелігі спортшыларға тиесілі. Ол еңбекпен немесе оқумен байланысты. Спорттың осы бір түрі - олимпиадалық қозғалыстың бірден - бір қозғаушы күштерінің түрі. Әуесқой спортшы, мысалыға, студент спорттық ұйымдардан белгілі бір тәртіп негізінде көмек алуына құқылы. Әуесқой спорттың басты мақсаты - қоғамнын адамгершілік құндылықтарына қызмет ету. Аталған спортты орта, өтпелі түрдегі деп те есептеуте болады, себебі онда бұқаралық спорт та және жоғары жетістіктегі спортта қамтылады. Жоғары дәрежелі спортшылар (жоғары жетістіктегі спорт) - әуесқой спорттың негізгі өкілдері болып табылады. Әуесқой спортта жарыстар өткізіледі ондағы негізгі мақсат жеңіске негізделген немесе қарсыластарының арасында белгілі бір орынды иемдену. Әуесқой спорттық басты мақсаты - қоғамға қызмет ету.
Сонымен бірге, әуесқой спортқа шет елдердегі жұмысшылардың спорттық және басқа да ұйымдары кіреді, мысалыға, әуесқой және студенттік лигалар. Қазіргі, осы заманғы спорттың даму деңгейі, жатсығушының едәуір уақыты мен күшінің жұмсалуына байланысты, жоғары дәрежелі спортшылар қажетті материалды - қаржылық көмекпен қамтамасыз етіледі. Әуесқой спортшының келісілген құқығы бойынша, спортшы халықаралық олимпиада комитетінің, сонымен бірге сәйкес халықаралық федерациялардың тәртібі мен ережесін сақтау және орындау керек.
Кәсіптік спорттың өзінің ерекшеліктері бар. Спорттағы кәсіптіктің белгілері спортшы мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынасы келісім шарт жасау негізіндегі немесе басқа да заңды құжаттар арқылы кәсіпкер мен спортшы арасындағы белгілі тәртібімен анықталады. Аталған белгі басты анықтаушы болып табылады. Кәсіпқой-спортшы келісім шартқа қол қойғаннан кейін қызметінің нәтижесі тауар түріне айналады. Осыған сәйкес спортшы кәсіпқой болып есептеледі, яғни спорт оның негізгі және ереже бойынша еңбек қызметінің жалғыз түрі, мамандығы және тіршілік көзі болып табылады. Ал кәсіптік спорт - осы заманғы қоғамның дамуының, оның мәдениетінін жемісі, бизнестің бір түрі, көрермендердің қызықтап көретіндерінің ең маңыздысы.
Мүгедектер арасында спортты дамыту адамгершіліктің ең терең әрі оң бағыты, өйткені ол адамдарды әлеуметтік өмірге қайтып алып келеді. Белгілі болғандай, қазіргі таңда тұрғындардың 13% жуығы мүгедектер болып келеді. Біздің күндеріміздегі мүгедектер мәселесі - бұл ғасырымыздың көкейкесті мәселесі. Мүгедектер дене мәдениеті мен спорты мүгедектіктің негізгі терт түрінде бірігеді: 1. Соқырлар, зағилтар мен нашар көретіндер дене мәдениеті мен спорты; 2. Керең мен нашар еститіндер дене мәдениеті мен спорты; 3. Дене мүгедектерінің дене мәдениеті мен спорты; 4. Ақыл-ойдан кем калғандар дене медениеті мен спорты.
Мүгедектердің дене мәдениеті мен спортпен жүйелі түрде шұғылдануынан олардың өмірлік жағдайға бейімділігі жоғарылайды, қызметтік мүмкіндікгері кеңейеді, ағзаның айығуына көмек береді, санитарлық-гигиеналық дағдыларын тәрбиелейді. Әсіресе, дене мәдениеті мен спортпен шұғылдану мүгедектердің жүйкесіне жағымды әсер етеді, олардың жігерін жұмылдырады, қоғам, ұжым өміріне сапалы түрде қалыптастырады, адамдарға өздерінің әлеуметтік толықжандылығын қайтарып береді, әлеуметтік қарым-қатынасты құруға көмек береді. Мүгедектердің Олимпиадалық ойындары - "Параолимпиадалық ойындар" спортшылардың ерекше дайындығын талап етеді. Мысалыға, мүгедектер арбасы спортында төзімділікке жаттықтырудың әдісі жасалынған. Мүгедектерді спортқа тартудың мақсаты - қоршаған өмірмен жоғалған байланысты қайта қалпына келтіру. Тек кана спорт мүгедектердің қоғаммен араласуға және пайдалы еңбекке қатысуға психологиялық жағдай жасай алады.
Қызмет – деп қоғамдық болмыстағы әлеуметтік міндетті айтады. Дене мәдениеті жалпы мәдениеттің бір түрі ретінде, ең алдымен мәдени қызметке жатады. Дене мәдениетінің дербестікке қатысы, оның қызметінің ерекшелігін құрайды. Ал, ол бүтіндей адам мен қоғамның дене тәрбиесіне бағытталған.
Басқа әлеуметтік орта сияқты, дене мәдениеті ортасы үшін, адам еңбегінің мамандану мен серіктесу заңы міндетті, себебі солардың арқасында оның табысы мен нәтижелілігі жылдам дамиды. Осыдан барып дене мәдениетінің әлеуметтік қызметінің белгілері құралады. Дене мәдениетінің жалпы әлеуметтік қызметі мына төмендегі құрамда болады:
- шұғылданушылардың жеке адамның қоғамның толық құқықты мүшесі ретінде өмір сүруіне қажет белгілі бір ілімдер, ережелер мен құндылықтар жүйесін меңгеру процесі қызметі ең алдымен өсіп келе жатқан ұрпақты дене мәдениеті қызметі барысында адамзаттың қоғамдық - тарихи тәжірибесіне тартын қатыстыру, жалпы адамзаттық құндылықтарды, сонымен бірге сауықтыруды кең ауқымда меңгеру;
- жекелену қызметі социализацияны екі жақты процесс ретінде көрсетеді. Бірінші жағынан, жеке адам әлеуметтік ортаға және әлеуметтік жүйе байланысына кіріп, әлеуметтік тәжірибені меңгереді, ал екінші жағынан, ол социализациялану барысында қоғамға белсенді түрде ену, сіңісу арқасында әлеуметтік байланыс жүйесін белсенді түрде қабылдайды. Сейтіп, адам социализациялану барысында тек тәжірибемен байымайды, сонымен бірге, өмірдегі жағдайларға, айналадағы адамдарға ықпал жасай отырьш, өзін жеке тұлға ретінде көрсетеді.
Социализация процесі мен нәтижесінің ішінде өзінің ішкі қарама -қайшылықтары, ішкі даулары бар. Социализацияланған адамның арманында қоғамның болмаса да, өмірдің жағдайларына қандай-да бір болсада белгілі бір шамада қарсы тұра алатын қабілеті болуы керек. Бірақ, біз әрдайым және күнделікті ортаға қарсы тұра және оған әсер ете алатын дайындығы мен қабілеті жоқ адамдарды кездестіріп отырамыз. Бұл қарама-қайшылықтардың ауқымының кең болғаны соншалықты, көбінесе адам дамитын қоғаммен және оқу-тәрбие мекемелері, ата-ана, мұғалімнің өздеріне тән нақты тәрбиемен байланысты. Социализация процесінде адам әлеуметтік рөльдерді меңгереді.
Дене мәдениеті қызметі адамның дене және рухани дамуының жекеленуіне өте бай мүмкіндіктер береді.
Коммуникативтік қызмет немесе дене мәдениеті қызметі процесіндегі адамдардын қарым-қатынасын қамтамасыз ететін қызмет.
Салауатты уақытты ұйымдастыру.
Салауатты өмір салты дене мәдениетінің бірден-бір құндылығы болып табылады, себебі олар жас ұрпақты езіне ерекше тартатын, белгілі бір мөлшерде бос уақыттарын толтыратын, ашық көрсетілген белсенді, қызметті сипатта болады.
Отбасы - тұрмыстық қызмет. Дене мәдениетінің ерекше саяси қызметтеріне мыналар жатады:
Басқару (реттеу). Осы қызметтің арқасында қоғамдағы дене мәдениеті қозғалыстары басшылығы жүзеге асады.
Әскери-колданбалы қызмет. Қорғаныстық қызмет қай елдің болса да ішкі саясатының ең маңызды бөлігі.
Дене мәдениетінің саяси қызметі үшін, оның бірқатар түрлері де тән.
Әлеуметтік-сақтандыру қызметі. Осы қызметтің арқасында адамның қоғамға қарсы бет алысы мәселелерін белгілі бір дәрежеде шешуге болады.
Достастыру қызметі. Бұрын бұл қызмет көп мөлшерде спортқа, оның ішінде барлық спорттық жоғары жетістікке төн қасиет еді. Ал соңғы уақыттарда дене мәдениеті қызметі, әсіресе сауықтыру спорты шеңберінде ("спорт барлығы үшін") достастық түріндегі орасан зор дене мәдениеті мерекелерін ұйымдастыруда. Олар марафон (ұзақ қашықтыққа жүгіру) халықаралық бұқаралық жарыстары, әр мемлекеттегі қалалар арасындағы әртүрлі салауатты өмір салты саласындағы жарыстары және т.б.
Арнайы - ілімдік қызмет, оның арқасында денені жетілдіру мен адамның денсаулығын нығайту саласындағы жетістіктердің жаңа заңдылықтарын таниды.
Психиканы реттеуші қызметі көмегімен, адамның мәдени басқаруы, психикасы қалыптастырылады. Адамның рухани дамуы әр алуан және шексіз, сондықтан, денешынықтыру саласында бірқатар толық жатқан жалпы рухани қызметтерді бөліп алуға болады. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |