Лекция. Дене шынықтыру-қоғам мәдениетінің бөлігі Дене шынықтыру қоғам мәдениеті мен адам мәдениетінің бөлігі ретінде Дене шынықтырудың тарихи сипаты



бет9/36
Дата18.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#75312
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
Денені тынықтыру – жаттығулар жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен халықтың көңілін көтереді, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіреді.
Денені қалыпқа келтіру – адам организмінің жарақат алып ауырған функцияларын жаттығулар, массаж, монша буы, су процедуралары арқылы емдеу, қалпына келтіру.
Денені жетілдіру – адамның дене қасиетін үйлесімді дамыту және жан-жақты дайындығын жоғарғы деңгейге жеткізу.
Дене туралы білім – адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.
... дамудың барлық түрлерінде қаншалықты мамандандырылған болып саналғанымен жеке тұлғаның, субъектінің (ұғымы, қызметі, ара қатынасы) дербестігіндегі барынша күрделі ағза ретінде адамның даму бірлігі көрінеді, - деп жазады Б.Г.Афанасьев. Адам дамуының тұтастығы оның ерекше (спецификалық) сапаларын құрайды. "Ең ерте мектепке дейінгі жастан бастап оқытып үйрету және тәрбиелеудің барлық жүйесі қажеттілік, қызығушылық тәрбиесімен шұғылдануы тиіс. Бұл тәрбие мен білім берудің басты, орталық міндеті," - деп жазды академик А.И.Берг.
Г.С.Юатишевтің пікірі бойынша тәрбие - белсенді процесс. Бұл тәрбие өзін-өзі тәрбиелеу арқылы, тек тәртіптілікке тәрбиелеу емес, сонымен бірге өзін-өзі тәртіптілікке тәрбиелеу, орындауды ғана үйрету емес, өзбетінше дербес әрекет жасау және өз әрекетіне жауап беру. Тәрбиеленуші тек тәрбиелеу объект ғана емес тәрбиеленушісімен бірге субъект, яғни өзін өзі қалыптастыру процесіндегі белсенді күш болуы тиіс.
Әлеуметтік тәрбиенің міндеті (кәсіптік, этикалық, эстетикалық дене және негізгі мақсаты азамат, еңбек етуші, өз балаларының тәрбиешісі ретінде қоғамдық қызметті орындауға дайын адамды қалыптастыруға бағытталған тәрбие түрлері) адамды өмірге бейімдеу ғана емес, қайта құру, жетілдіру болып саналады.
Әлеуметтік білім беру аясында дене мәдениетінің негізгі қызмет ету формасы дене тәрбиесі болып табылады. Адамның дене сапаларының дамуына бағытталып ұйымдастырылған педагогикалық процесс болып саналады, яғни оның дене сапаларын, қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын дамытады.
Дене тәрбиесі педагогикалық өсер ету жүйесі ретінде адамның денесін дамыту мақсатында оның қызметін басқару болып табылады.
Дене тәрбиесі көп қатынаста қоғамдағы дене мәдениетінің мақсатқа лайықты қызмет етуді бағытты пайдаланудың барынша тиімді түрлерін ұсынады. Бұл түрлері үшін бәрінен бұрын педагогикалық (оқытушы, жаттықтырушы және т.б.) шешуші рөлін орындауға жәрдемдесетін және білім беру - тәрбие міндеттерін іске асыру үтін барынша тиімді күштер мен сыртқы орта жағдайын тәртіпке келтіріліп, дидактикалық және дербес тәрбие принциптері толық шегінде және барынша жүйелілікпен іске асырылатын қатаң уақытпен белгіленген педагогикалық процесс шеңбері тән. Дене мәдениетінің бұл түрі білім беру - тәрбиелеу жүйесіне тұтастай (органикалық) кірген және бәрінен бұрын осы жүйенірі заңдылықтарына қызмет етеді.
Басқаша айтқанда дене тәрбиесі - бұл педагогикалық әсер ету арқылы мәдениет түрінің басты нәтижелерін жасайтын дене мәдениетінің негізгі қызмет ету жағы.
Дене тәрбиесінің қоғамдық мөні оның іске асыратын идеялық бағыттылығымен, мақсаттарымен де анықталатын болғанықтан адамның әлеуметтік дамуында тәрбиенің бұл түрі елеулі рөл ойнайды. Басқа жағынан дене тәрбиесіне шұғылданушылардың жеке тұлғасының рухани дамуына жәрдемдесетін ғылымның өндірістің, кең ауқымдағы қоғамдық пікірдің әсер ететінін атап өткен маңызды. Дене тәрбиесі процесінде жеке тұлғалар арасындағы мына байланыстар қызмет етеді: достық, сыйластық, ұнамдылық және т.б., ұжым ішілік байланыстарға: жауапкершілік, талапшылдык, басшылық және бағыну, жеке тұлғаның қоғамдық байлық жүйесін меңгеру процесінің (социялизация) қалыптасады.
Дене тәрбиесі өзінің мазмұнында әлеуметтік және биологиялық қатынасты көрсететіы сәттері болады. Мысалы, динамикалық стереотип қоршаған орта және оның қозғаушы күштері мен адамның биологиялық ерекшеліктері арасындағы қатынасы осыньщ бір түрі болып табылады. Дене тәрбие процесінін өзі дене жаттығуларының әсерімен ағзада өзгерістердің болатындығынан білім дәрежесі болмай, шұғылданушылардың билогиялық (анатомиялық-физиологиялық) ерекшеліктерін есепке алмай ойға келмейтін мәселе. Дене жаттығуларымен байланысы бар қайсы бір биологиялық (физиологиялық) процесті зерттеген кезде біздер шұғылданушылардың жоғарғы жүйке қызметіне әсер ететін әлеуметтік жағдайды ескеруіміз қажет. Дене тәрбиесінің әсерінен байқалған морфологиялық қызметтің алға басушылығы адамның биологиялық жағынан бейімделуі, ал әлеуметтік жағынан шектеулі және ол жануарлардың бейімделуінен түбірімен айырмаланады. Дене тәрбиесі арқылы адам сырткы ортамен, оның қозғаушы күштерімен (уақыт, кеңістіктік, гравитация, инерция) байланыстағы өзінің ағза мүмкіндіктерін кеңейтеді. Адамда басқару қызметі, анализаторлардың қызметі жақсарады. Бұлардың бәрін адам қоғамның әлеуметтік және техникалық алға дамуы талаптарын түсініп саналылықпен орындайды. Дене тәрбиесі арқылы адамның әлеуметік орны мен оның биологиялық даму жақтары мүмкіндіктерінің арасындағы тікелей тәуелділікті атап етуге болады.
Адамның қоғамдағы орны оның дене дамуы деңгейінің дамуына себепші болады. Ол әрине дене тәрбиесінен қажетті білімді қаншалықты дәрежеде алғанына тәуелді.
Спорттық қызметтің сипатына байланысты адамның әлеуметтік жағдайы, оның осы қызметіне және биологиялық жағдайына елеулі әсер етеді. Кәсіби спорт процесінде кездесетін қатынастардың талдау қорытындысы сыртқы түріне қарай дене тәрбиесімен ұқсастығына қарамастан кәсіптік спорт ойын, тәрбие қызметі түрінде емес, жұмыс, еңбек болып табылады. Ол өзінің даму барысында экономикалық заңдылықтарға бағынышты, яғни бұл қызмет денсаулықты өндірмейді, көрісінше адам өмірінің маңызды қозғаушы күші денсаулықты жұмсайды. Біз мұнда әлеуметтік пен биологиялық қозғаушы күштер арасындағы бар қарама-қайіщллықты көреміз. Бұл екі қозғаушы күштер арасындағы үйлеспеушілік таза әдістемелік негізде де болуы мүмкін. Мысалы, егер белгілі бір себептердің салдарынан немесе жаттықтырушының жоғары біліктілігінің жетіспеушілігінен спорттық жаттығу өзінің денеге берілетін жүктемесімен шама келмейтін, ауыр жаттығу қолданылуы мүмкін. Мұндай жаттығу жүктемесі шұтылданушылардың денсаулығын бұзады, биологиялық мәнін басады. Мұнда жаттығу талаптары мен адамның табиғи мүмкіндігі арасында үйлеспеушілік пайда болады.
Дене жаттығуларымен шұғылдану адамның өмірлік қажеттілігіне айналу сияқты осындай маңызды істе әлеуметгік және биологиялық ара қатынасын барынша дұрыс шамалау аса маңызды. Әрине бұл жағдайда ең басты, басқарушы әлеуметтік қозғаушы күш бұл қозғалыстардағы саналы түрде түсінген қажеттілік болып табылады. Бірақ мұнда мыналарды көрмеуге, естен шығаруға болмайды: үнемі тұрақты қайталанып отырылатын шұғылдану қажеттілікке (мұқтаждыққа) айналса, егер олар адам үшін жанға жайлы, ұнамды болса. "Жанға жайлы" деген сол ұғымға қозғалыстың өзінен рақат сезімге бөленетін биологиялық қозғаушы күш, яғни қозғалысқа қатысқаны үшін "Бұлшық ет қуанышы" да кіреді. Дене мәдениеті мен спорттың әлеуметтік-биологиялық мәселелерін зерттеп жүрген авторлар жер шарындағы өзінде бар маманданбаған өз ұйымының биологиялық ерекшеліктерімен алға басып дамуды ашатын және іске асыратын бір ғана тіршілік дүниесі адам екенін атап көрсетеді. Бұл өскелең қазіргі өмірдің адамының өмір қызметінде дене мәдениеті спорттың алатын орнын айқындауда үлкен маңызға ие. Оның психикасы мен денесінің жаңа қызмет мүмкіндіктерін қалыптастырып және одан әрі дамытуда, қозғалыс міндеттерінің іске асыру әдістерін үнемі, тұрақты жетілдіруде дене мәдениеті мен спорттың рөлі жоғары. Мұнда адамның дене мүмкіндіктерінің дамуына қозғалыс механизмін (тетіктерін) жұмылдырудың рөлі атап көрсетіледі.
Авторлар мұндай қосып жұмылдырулар тиімділігінің екі түрін бөліп қарағаны негізсіз емес: жұмыста белсенді қызметке және одан жалғасатын жұмысқа (бірінші тәртіптегі тиімділік), және қызметтің өзінің "ішіндегі" іске асатын тиімділік. Бұларға өндірістік гимнастикадағы дене жаттығуларының алмасуы, өндірістік қызметтің түрлерінің әр алуындағы (екінші тәртіптегі тиімділіктер). Адам ағзасына қозғалысты жұмылдырудың барынша ашық көрінуін белгілі авторлардың бірі сипаттаған "өтеу тиімділігі" болып табылады, яғни тікелей жұмылдыру процесінде шаршап, шалдыққан ағзаның қызметтік жағдайының жедел жақсаруының басталуын сипаттайды. Мұнда шаршатумен және белсенді жандандырудың әсерінен болған қан айналу және тыныс алу реакциясыньщ жиынтығының орнына, олардың көп немесе аз көрінетін етеуі жүреді (белсенді демалысқа тән реакцияның жалпы түрінің атауы осыдан келіп шығады).
Шаршаған ағза үшін қозғалыс актісі құрылымының өзгеруі өзіне тән "жүктемеге қарсы" (антизагрузка) болуы мүмкін, яғни ол адамның еңбектегі және спорттағы қозғалыс қызметін тиімді пайдалануы үшін елеулі маңызы бар (М.М.Бака және басқалар 1983).
Адамның дене белсенділігінің ерекшелігі туралы меселелерді, әлеуметтік-биологиялық келелі мәселе ретінде ашып В.К.Вальсевич былай жазады: Неғұрлым "ақылды адам" ақылды-есті болған сайын, өзінің жалпы табиғатпен ажырамайтын байланыста екенін тығыз ұғады. Біздер қоршаған ортаны, оның ішінде биосфераны қорғау жайлы көп айтып және жазып жүрміз. Бірақ жеке өзіміздің адамдық табиғатымызды қорғау жайлы барлық уақытта ойлаймыз ба? Адамның әлеуметтік-биологиялық келелі мәселесіндегі басты аспектісіне осы кезге дейін толық ашылмаған биологиялық табиғатының, ішкі мүмкіндіктерін ангогенезінде қорғау және жетілдіру үшін адамның әлеуметтік мүмкіндік күшін ақылмен, белсенділікпен, басымырақ пайдаланумен байланысты көптеген мәселелер болып табылады. "Мұндай шабуылдау стратегиясын іске асыру құралдары мен жолдарын зерттеу үшін адам белсенділігі әртүрлі және күрделі әлеуметтік және биологиялық тәуелді байланыстардың жұмылдырылуы ретінде төтенше қолайлы зерттеу үлгісі ұсынылады". Дене мәдениеті мен спорт құралдарын пайдаланудың әлеуметтік-биологиялық негіздері туралы төтенше маңызды ереже жайлы пікір айтушы И.В.Муравов былай жазады: "Ағзаға дене жаттығуларымен шұғылданудың әсерін уақытша өтпелі әсер ету ретінде емес, тек шұғылданушының өзі емес, оның балалары және ұрпақтары да игілікті нәтижелілікпен пайдаланатындай ірі көлемде және ұзақ уақыт тиімді әсері болатындай әрекетті қарастыруға мүмкіндік жасауға дене мәдениеті саласында қоғамдық түсінікке қайта бағдар беруге дене мәдениеті мен спорттың сауықтыру тиімділігі әсеріне әлеуметгік-биологиялық мұрагерлігінің ұғынудың ерекше маңызы бар" деді.
Дене тәрбиесінің құралдарына мыналар жатады: 1) дене жаттығулары, 2) табиғаттың жаратылыс күштері, 3) гигиеналық қозғаушы күштері, 4) үйретуде пайдаланылатын қондырғылар (тренажерлар).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет