Лекция. Дене шынықтыру-қоғам мәдениетінің бөлігі Дене шынықтыру қоғам мәдениеті мен адам мәдениетінің бөлігі ретінде Дене шынықтырудың тарихи сипаты



бет4/36
Дата18.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#75312
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Мамандыққа к лекция

Спорттық жарыстар - спорт саласындағы спорттық нәтижелерді теңестіру, бағалау және көрсету жолдары, бәсекелестікті басқару. Әлеуметтік-саяси және өнегелік-тәрбиелік қызметке ие. Сол сияқты, жарыстар спорттық қозғалысты басқарудың ерекше өдістері болып табылады, сондықтан әлеуметтік басқаруға қатысы бар. Спорттық жарыстар қарым-қатынастың маңызды қозғаушы күші, жеке тұлғаны қалыптастырудың құралы, адамның мүмкіндігін тануы, үлгілі көріністерді жасау болып табылады, ол спорттық көрініс түрінде көрінеді. Сонымен бірге, жарыстар - бұл спорттық қызметті ынталандыру құралы, спортшыларды іріктеп алу және дайындау әдісі. Ұғымның құрылымдық бірлігі: әртүрлі деңгейдегі және белгіленген жарыстар.
Спорттық квалификация (дайындық деңгейі) - спорт белгілі бір уақыттың кезеңіндегі спорттық жарыстардағы көрсеткіштеріне берілетін тұрақты сипаттама. Ол спорттық нәтижелердің орташа деңгейінен, нәтижелердің жоғары және төменгі шамасынан және олардың айырмасынан, жоғарғы, орта, төменгі нәтижелерге жақын сандарынан, осы нәтижелерді көрсетіп жатқан жарыстардың ерекшелігінен құралады. Құрылымдық бірнеше ұғымы: Бүкілқазақстандық Біріңғай спорттық классификация дәрежесі мен атағы.
Спорт мәдениетінің ерекше түрі және мәдени қызметтің бір жағы ретінде, басы жарыстық болып көрініп, адамның дене және психологиялық сапаларының дамуына және қалыптасуына көмек береді. Жарыс - әлеуметтік таңғажайып, онсыз спортты ойлауға болмайды. Сондықтан, спорттың өзін кейде жарыстарды жұмыс істеумен және дамытумен қамтамасыз ету қызметі түрінде қарауға болады. Спорттық жарыстар келесі элементтерден тұрады: жарыстың тақырыбы (спорттың түрі немесе денешынықтыру жаттығулары); төрешілік (ережесі, нормасы, қарсыластардың орындарын анықтайтын шарттары мен технологиясы); спортшылар - жарысқа қатысушылар; жанкүйірлер мен көрермендер. Жарыстың негізгі "азығы" алған орын, спорттық жеңіс, рекорд жасау, көпшілік қызықтайтын ойын-сауық көрінісі.
Бәсекелестік қарым-қатынас спорттық жарыстың ажырамайтын бөлігі болып табылады. Жарыс үрдісінде пайда болған бәсекелестік, жарысқа түсушілердің қарым-қатынасы мен жеңіске жету күресінің ережесімен сипатталады. Қазіргі заман авторлары спорттық бәсекелестіктің мына түрлерін анықтап отыр: бөлек спортшылар арасындағы, жаттықтырушылар, ұйымдастырушылар, ғалымдар, дәрігерлер, қамтамасыз ету қызметі мамандары арасында, жанкүйірлер арасында. Бәсекелестік тек қана жарыс үрдісінде ғана емес, сонымен бірге спортшылардың жауапты жарыстарға дайындалу, оларды іріктеу көздерінде орын алады, сонымен бірге ол сырттай да жүріп жатады. Бәсекелестік тәрбие құралы болып та табылады, егер дайындық әдісі мен спорт мектебі толыққанды шын жарыстық болса.
Спортшылар арасындағы бәсекелестік мына төмендегіше бағаланады: жарыстық нәтижелердің әділ сипаттамасы бойынша (тығыздығы, деңгейі); Жарыстың үрдісі бойынша (жарыстың өсуі, бір-біріне тең спортшылардың саны); жарыс жағдайы бойынша (жанкүйірлердің саны, баспасөздің назары және т.б.); сол сияқты жарыстардың нәтижесі мен үрдісіне субъективті сипаттамасы бойынша (спортшылардын, жанкүйерлердің, мамандардың пікірі).


Әдебиеттер

1.Ә.Тлеуов. Дене тәрбиесі және спорт ілімі мен әдістемесі. Шымкент, 2003ж.


2.Ә.К.Әбділлаев., Ж.К.Оңалбеков. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. Түркістан, 2004ж.
3. А.Есмағанбетов. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Қарғанады, 1995ж.
4. Б.Мұхамеджанов. Дене мәдениеті мамандығына кіріспе. Кентау, 2006ж


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет