Әдебиеттер Ә.Тлеуов. Дене тәрбиесі және спорт ілімі мен әдістемесі. Шымкент, 2003ж.
Ә.К.Әбділлаев., Ж.К.Оңалбеков. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. Түркістан, 2004ж.
А.Есмағанбетов. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Қарғанады, 1995ж.
Б.Мұхамеджанов. Дене мәдениеті мамандығына кіріспе. Кентау, 2006ж.
7-8 лекция. Дене тәрбиесі
Дене тәрбиесі мен дене шынықтырудың негізгі әрекет саласы
Дене тәрбиесі түсінігінің анықтамасы, мақсаты мен міндеттері
Дене тәрбиесінің құралдары, жаттығулардың топтастырылуы
Дене тәрбиесі – бұл адамның дене дамуын қоғамның әлсуметтік талабына сәйкес басқару. Жалпы тәрбие мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарымен шұғылданып жүрген көрнекті авторлар осындай көзқарастарды мақұлдайды. Дене тәрбиесінің мазмұны адамға оның ағзасының жеке мүшелерінің жан-жақты қызметтік жетілуіне, қозғалыс дағдылары, біліктілігі мен арнайы білімінің қалыптасуына бағытталған дене жаттығуларымен әсер ететін педагогикалық процесс болып табылады. Басқаша айтқанда бәрінен бұрын ол адамның дене және рухани қабілеттерін дамытуға бағытталған педагогикалық процесс.
Дене тәрбиесі - мәдени қызметтің маңызды саласы, адамдарға дене мәдениеті жетістіктерін беру және меңгеру, оларды объективтік-әлеуметгіктен жеке психикалық субъективті түрге ауыстыру формасы болып табылады. Дене тәрбиесі адамдардың өзара әрекеттестігіне байланысты педагогикалық құбылыс ретінде дене мәдениеті аясында (сферасында) белгілі бір қоғамдық тарихи тәжірибені меңгеру процесі болып саналады. Жеке тұлғаның дене тәрбиесі әсерінен өзгеруі, оның дене мәдениетінің мазмұны мен құрылымында да өзгерістерге әкеледі.
Дене тәрбиесін дене мәдениеті аясында адамдардың арасында қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын ұрпақтан-ұрпаққа беру бойынша өзара байланыс ретінде тұжырымдауға болады. Өзінде бар әлеуметтік тәжірибені беру және меңгеруге, сонымен жаңа алға дамушы тәжірибенің жинақталуына байланысты қатынас ретінде жалпы тәрбие философиялық әдебиеттерде баяндайтын, ғылыми жұмыстарда атап көрсетіледі.
Дене тәрбие процесінде дене мәдениетіне қажеттілік қана қанағатгандырылып қоймайды, сонымен бірге адамдардың қызығушылығы, жай-күйлері, сезімдері, талап мөлшерлері, мінез-құлық ережелері қалыптасады. Дене тәрбиесі дене мәдениеті педагогикалық әсер ету арқылы белгілі бір мәдениет түрінің басты жетістік, нәтижелерін жасайтын дене мәдениетінің негізгі қызметтік саласы болып табылады.
Дене тәрбиесі бүтіндей тәрбие процесінде әлеуметтік өмірдің жалпы және өмірлік болмыстық дәрежесі ретінде алға шығады, бірақ оның мазмұны мен бағыттылығы нақтылы тарихи дамудың мүддесі мен ерекшеліктеріне байланысты болады. Денеге білім беру және дене дайындығы дене тәрбиесінің салалары (жақтары) болып табылады. Онда адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, эстетикалық және біздің еліміздегі тәрбие түрлеріне кіретін басқа да тәрбие түрлері ұсынылады. Дене тәрбиесіндегі дене қызметі педагогикалық құбылыс ретінде тек кана дене дамуына ғана емес, оның басқа жақтарына да қатысты. Б.Г.Анашевтің тұжырымдары бойынша белгілі болғандай тәрбиелеу мен даму өзара байланыстың мына екі түріне кіруі мүмкін: гомогенді (тікелей) және гетерогенді (жанама). Гомогендіде тәрбиенің әрбір бөлімі дамудың біртектес түріне орналасады: дене тәрбиесі - дене дамуымен, ақыл-ой тәрбиесі - ақыл ойдың дамуымен және т.б. Гетерогенді байланыстар тәрбиенің жеке бір түрінің әртүрлі атаудағы даму байланысына кіреді, мысалы, афферентгі және эфферентті жүйелердің, нейрондық-гуморальдық реттегіштердің және т.б. жетілуінің жеделдетілуінде көрінетін балалардын дене дамуына ақыл-ой тәрбиесінін әсер етуі.