Кәсіптік қызметтің бағыттары
Дене шынықтыру мен спорт мамандығы бойынша ҚР жоғарғы базалық білім беру саласында мамандарды дайындау бағыты ҚР білім және ғылыми министрлігінің 05.03.2004 жылғы N001-2004 бұйрығы негізінде бекітілген бакалавр және магистр мамандығы жіктеуіне сәйкес келеді:
- ұйымдастыру-басқарулық;
- өндірістік-технологиялық;
- сервистік-технологиялық;
- сервистік-эксплуатациялық;
- есептік-жобалық;
- зерттеу-тәжірбелік;
- білім беру (педагогикалық);
Кәсіптік қызметтің мазмұны
- педагогикалық;
- білімдік-спорттық;
- тәрбиелік;
- сауықтыру;
- жаттықтырушылық;
- ұйымдастырушылық;
- ғылыми- әдістемелік;
- спорттық-төрешілік:
- дене тәрбиесі мен спорт түрлері бойынша оқу және оқу жаттықтыру барысын жоспарлау мен ұйымдастыру, спорттық нормативтік құжаттарды дайындау және бақылау жасау;
- дене тәрбиесі мен спорттық жаттықтыру барысында спорттық көрсеткіштерді жетілдіру мақсатында тұрғындар мен жоғары білікті спортшылардың дене дайындығы процесінде жалпыға бірдей және инновациялық әдістемелерді пайдалану.
5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандығы бакалаврының негізгі құзыретіне қойылатын талаптар.
Дене шынықтыру мен спорт мамандығы бакалаврының түсінігі болуға міндетті:
- табиғат, қоғам, танымның жалпы заңдары, табиғи шарттылықтары, адамгершілік талаптары мен нормалары туралы, көркем шығарма мен өнерді қоғамдық тарихи құбылыс ретінде қабылдай отырып, оның мүмкіндіктерін спортты ізгілендіруге пайдалану;
- әлеуметті танудын ғылыми, философиялық діни негізін, адам өмірінің мәні мен тұтас қоғамының денсаулығы туралы қамқорлығы жайында, дене шынықтыру мен спорттың, қоғам өмірі мен мәдениеттеп релі туралы мәселелерді адам тұлғасының дене тәрбиесіндегі, денсаулықты нығайтудағы рухани адамгершілік негізіндегі құралы ретінде қарастыру;
- дене шынықтыру мен спорттың адамгершілік, отанға деген махаббатын, бүкіл халықтарға құрмет сезімін тәрбиелейтін тәрбиелік және білімдік маңызы, спорттың басқа елдермен қарым-қатынастар рөлі;
- дене тәрбиесі сабақтары мен оқу-жаттығу және жарыс барысындағы тәрбие жұмысының мақсаты, міндеті, принциптері, құралдары, әдістері және түрлері туралы;
Достарыңызбен бөлісу: |