Лекция. Дене шынықтыру-қоғам мәдениетінің бөлігі Дене шынықтыру қоғам мәдениеті мен адам мәдениетінің бөлігі ретінде Дене шынықтырудың тарихи сипаты



бет13/36
Дата18.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#75312
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
Ұйымдастыру (технологиялық)
- бакалаврдың ұйымдастыру (технологиялық) қызметі оқу процесінде дене шынықтыруды оқытудың жаңа технологияларын, сонымен қатар құрал-жабдықтар, тренажерлар арқылы оқытудың оңтайлы тәртібін түрлі жастағы, жыныстағы, денсаулық пен дене дайындығы әр түрлі студенттер мен тұлғалар арасында жасау және енгізумен байланысты.
Жаттықтырушы (спорттық)
- ұйымдастыру, жоспарлау, бақылау жәие техника-тәсілдік, психологиялық, дене дайындықтарын ұйымдастыру, спорттық жетістіктерін, әр түрлі жастағы, жыныстағы, спорттық дайындық деңгейіне байланысты тәрбиелеу.
Кәсіптік қызмет функциялары
Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша маманның негізгі қызметі төмендегі қызметтерге байланысты:
- дене шынықтыру мен дене тәрбиесі мұғалімі ретінде тәрбиелік, білімдік және сауықтыру жұмыстарымен;
- жаттықтырушы ретінде спорт түрлері бойынша мектепке дейінгі және мектептегі оқу мекемелерінде секция жұмыстарын ұйымдастырумен;
- жаттықтыру процесін ғылыми тұрғыдан негізделген әдіс-тәсілдермен қамтамасыз етумен;
- спорттық дайындықты тиімді басқару және түрлі біліктілік дәрежесіндегі спортшылардың нәтижелерімен;
- ұйымдастыру қызметі дене шынықтыру мен спорт бойынша оқу орындарында спорттық мерекелік шараларды өткізумен және жарыстарға төрешілік жасаумен.
Кәсіптік қызметтің типтік міндеттері
- тұлғаның дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын қалыптастыруы саласындағы ағарту жұмыстарын жүргізу;
- дене дамуын жан-жақты оңтайландыру мен жарасымдылығын, рухани байлығын, ҚР азаматтарына, Отанға деген сүйіспеншілігі мен беріктігін тәрбиелеуді қалыптастыру;
- дене күші, ерік қасиеттерін, дене жұмысына қабілеттілігі деңгейін, дене күшін жетілдіру мен жоғары спорт нәтижесіне қол жеткізу мақсатында қозғалу қабілетінің жеке қорын, біліктілігі мен дағдысын арттыру;
- тиімді бейімдену арқылы ағзаның ішкі қор мүмкіндіктерін, сыртқы орта қозғаушы күштерін (температураның жоғарылауы мен төмендеуі, орта, жоғары тау жағдайлары және т.б. ), өмір сүрудің жеке тәртібін талапқа сай оңтайландыру мүмкіндіктерін арттыру;
- спортшыларды дайындауды басқару және ағза бейімділігінің тетіктерін спорттық нәтижелер арқылы үзіп алмай, жоспарлау, мақсатты түрде ғылыми негіздеу;
- денсаулықты көп жыл бойы сақтау және нығайту, тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға жұмылдыру, еңбек пен күнделікті өмірде қажетті қозғалыс дағдыларын дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет