Лекция. Дене шынықтыру-қоғам мәдениетінің бөлігі Дене шынықтыру қоғам мәдениеті мен адам мәдениетінің бөлігі ретінде Дене шынықтырудың тарихи сипаты



бет11/36
Дата18.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#75312
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
Байланысты:
Мамандыққа к лекция

Әдебиеттер

  1. Ә.Тлеуов. Дене тәрбиесі және спорт ілімі мен әдістемесі. Шымкент, 2003ж.

  2. Ә.К.Әбділлаев., Ж.К.Оңалбеков. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. Түркістан, 2004ж.

  3. А.Есмағанбетов. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Қарғанады, 1995ж.

  4. Б.Мұхамеджанов. Дене мәдениеті мамандығына кіріспе. Кентау, 2006ж.

  5. С.Тлеуова. Жоғары мектеп педагогикасы. Шымкент, 2002ж.

11-12 лекция. Дене мәдениетінен жоғары білім алу



  1. Жоғары дене шынықтыру білімі, оның құрылымы мен мазмұны

  2. Дене шынықтыру оқу орындарының типтері

  3. Шетелдердегі дене шынықтыру білімінің бағыттары мен түрлері

  4. Біліктілігін жетілдіру түрлері

Дене мәдениеті жоғары оқу орындары - Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының негізгі бөлімі. Олар Қ.Р. дене мәдениеті қозғалысына жоғары мамандандырылған кадрларды дайындайды.


Дене тәрбиесі жоғары оқу орындарында мамандар дайындау оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Республикадағы дене мәдениеті қозғалыстарына мамандарды жоғары және орта арнаулы оқу орындары дайындайды.
Қазақстаңда Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан 1944 жылдың қараша айының 14 жұлдызында Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысы шығып, онда "Алматыда Қазақтың дене мәдениеті институтын ашу ұйымдастырылсып" делінген. Институттың басты мақсаты дені сау, батыл, еңбекке және Отанды қорғауға дайын жастарды тәрбиелей алуға қабілетті мамандарды дайындау болды. Сонымен, 1945 жылғы ақпан айының 10 жұлдызында Қазақстан үшін мамандар дайындаудағы маңызды мәселелерді шешетін арнай жоғары оқу орны пайда болды. Ол 1935 жылы Алматыда ашылған дене мәдениеті техникумы базасынан құрылды. 1945 жылы бірінші бітірушілер шықты. Олар Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетінің бітіруші 4 курс студенттері еді.
Қазіргі таңда аталған оқу ордасы "Қазақтың Мемлекеттік спорт және туризм академиясы" болып аталып, жемісті еңбек етуде. Құрылғанына 60 жыл болған оқу орнының кабырғасында жиырма (20000) мыңнан астам мамандар даярланып шықты. Олардын 2500-ден астамы Еңбек сіңірген спорт шеберлері, Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері және спорт шеберлері, 300-ге - жуығы еліміздің жеңімпазы, 300-ге жуығы халықаралық жарыстардың жеңімпазы, 73 Еуропаның және Еуропа Кубогының, 70-тен астамы Әлемнің және Әлем кубогінің, 47-ден астамы Кеңес Одағынын Еңбек сіңірген жаттықтырушылары және 400-ден астамы Қ.Р. Еңбек сіңірген жаттықтырушылары. Кейінгі жылдары Қазақстанның Қарағанды, Шымкент қалаларында дене мәдениеті институттары ашылып мамандар даярлана бастады.
Сонымен бірге, еліміздегі педагогикалық институттар мен университеттердің дене тәрбиесі факультеттерінде, кафедраларында дене мәдениеті және спорт мамандары даярланып келеді. Мұндай факультеттер Қ.Р. барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларында ашылып мамандарды даярлауды жүзеге асыруда. Университеттер мен педагогикалық институттардағы дене тәрбиесі факультеттері мен кафедралардың оқу жоспары, дене мәдениеті институттарының негізінде құрылып, жалпы білім беретін мектептерге мұғалімдер және спорт мектептеріне жаттықтырушылар дайындауға бағытталған.
Елде студенттер арасында Бүкілқазақстандық студенттер спартакиадасын екі жылда бір рет өткізу дәстүрге айналды. Бірінші кезеңдерде жарыстар жоғары оқу орындарының топтары, факулътеттері арасында, одан кейін қала, аудан, облыс жоғары оқу орындары арасында өткізіледі. Одан кейін барып Республикалық жарыстарға, соңында Қ.Р. Бүкілқазақстандық спартакиадаға қатысады.
Жоғары оқу орындарында дене тәрбиесі мына міндеттерді шешеді: студенттердің денсаулығын нығайтады және олардың оқу жылдары бойында жоғары жұмыс істеу қабілеттілігін сақтау; оқу сабақтары, еңбек, демалыс күндері тәртібінде дене мәдениеті және спорт құралдарын пайдалану біліктілігі мен дағдыларын меңгеру; студенттерді гигиеналық және өндірістік гимнастиканы ұйымдастырушы қоғамдық нұсқаушы және спорт түрлері бойынша төреші ретіндегі өзіндік жұмыстарға дайындау; студенттердің жан-жақты дене дайындығын дамыту, оларды спорттық әдіс-тәсілдерге (техникаға) оқытып, үйрету және осының негізінде жоғары спорттық жетістіктерге жету.
Дене тәрбиесі оқу сабақтары (міндетті және факультативті), оқу күндері тәртібіндегі денешынықтыру жаттығулары, оқудан тыс спорттық үйірмелер мен командалардың уақытындағы өзіндік сабақтары, сол сияқты бұқаралық сауықтыру және спорттық шараларға катысу түрлерінде жүзеге асырылады.
Еліміздегі жоғары оқу орындарында спорттық базаларды салу жөнінде үлкен жұмыстар жүргізілуде. Спортшы-студенттер - ірі жарыстарға үнемі қатысып тұрады, оның ішінде Азия, Әлем біріншіліктері мен Олимпиадалық ойындар бар.
5В010800 - Дене шынықтыру және спорт мамандығының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты.
Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат 050108 Дене шынықтыру және спорт мамандығы бакалаврынын біліктілік сипаттамасы Кәсіптік қызмет салалары:
- мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншік білім беру мекемелері, мектепке дейінгі, мектеп, орта кәсіптік оқу орындары (колледждер, гимназиялар, училищелер), балалардың спорт мектептері мен клубтары;
- фирмалар, мемлекеттік мекемелер, дене шынықтыру мен спорттық қызметті басқару органдары;
- дене шынықтыру, спорттық бағдарламадағы ғылыми-зертгеу мекемелері, дене және психикалық денсаулықтың проблемаларын қарастырушы медициналык-биологиялық ұйымдар;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет