4,5,6,7,8- керi кедергiнiң қалпына келтiрулер уақытымен сәйкесiнше 500нс артық; 150-ден 500 нс –ге дейін; 30-дан 150 нс –ге дейін; 5-тен 30 нс – ге дейін; 1-ден 5 нс –ге дейін. 9 –негізгі емес заряд тасымалдаушылар өмірінің тиімді уақыты 1 нс.
1.4 Биполярлық транзисторлар.
1.Биполярлық транзиторлар.
2.Жұмыс істеу принципі
3. Дрейфтік биполяр транзистор,
4. Транзитордың қосылыс сұлбалары (ОБ,ОЭ,ОК).
Негізгі түсініктемелер сөздігі: база, коллектор, эмиттер.
Биполяр транзисторлар
Биполяр транзистор - кірісіндегі әлсіз сигналды күшейтуге арналған үш кезектескен – өткізгіштігі әртүрлі қабаттан тұратын шалаөткізгіш прибор. Биполяр транзистордағы ток электронды және кемтікті заряд тасымалдаушылармен түзелетіндіктен биполярлы деп аталған.
Құрылымы бойынша биполяр транзистор кезектесе орналасқан үш аймақтан (n-p-n немесе p-n-p аймақтардан) және сәйкесінше екі p-n-өтпеден тұрады. Әрбір аймақтың сыртқы тізбекке қосылатын «қысқышы» бар. Биполяр транзистор дайындалатын материалдар - кремний и германий, келешекте –галлий арсениді, цинк сульфиді пайдалануы мүмкін.
Белгіленуі:
n – p – n p – n – p
Сурет 21. Биполяр транзистор типтері
Ортаңғы аймақ «база» деп аталады. Егер транзисторды бір-бірімен жалғаса орналасқан екі диод деп қарастырсақ, онда базаға қатысты «тура» жалғанған шеткі аймақ «эмиттер» деп аталады да, базаға қатысты «кері» жалғанған шеткі аймақ «коллектор» деп аталады. Оның қарапайым сызбасын (21-суреттен ) көріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |