Лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы мағлұматтар. Электротехникалық материалдар, бұйымдар және олармен жұмыс. Жоспар Электр қондырғыларын түрге бөлу



бет40/63
Дата09.03.2022
өлшемі4,55 Mb.
#27287
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63
Дрейфтік биполяр транзисторларда базаның қоспа концентрациясы оның барлық бөлігінде әртүрлі және атом иондарының көмегімен өтпеде заряд тасымалдаушылар жылдамдығына әсер ететін қосымша электр өрісі пайда болады.

Бұл электр өрісі заряд тасымалдаушылардың өтпе арқылы жылдамдығын арттырады, ал бұл жалпы транзистордың реакция шапшаңдығын арттырады.



Транзистордың жалғану сұлбалары

Транзистордың екі өтпесіне екі түрлі кернеу берілетіндіктен және ол көбінесе әлсіз сигналдарды күшейту үшін қолданылатындықтан оны кірмелік және шықпалық қысқыштарыға бөліп қарастырлады. Транзистордың үш шықпасының бірі әдетте кірмелік және шықпалық тізбектері үшін ортақ болады. Транзистордың жалғану сұлбасы ортақ эмиттерлі, ортақ базалы, ортақ коллекторлы болып бөлінеді.



Сурет-25. Биполяр транзистордың жалғану сұлбасы: ортақ базалы (а), ортақ эмиттерлі (б), ортақ коллекторлы (в).

Транзистордың жалғану сұлбасының түрі оның атқаратын қызметіне және параметрлеріне байланысты анықталады. Транзистордың кірмелік және шықпалық кедергілері, кернеуді, токты және қуатты күшейту коэффициенттері оның негізгі параметрлері болып есептелінеді.

Кестеден көрініп тұрғандай, эмиттері ортақ жалғанған транзистордың параметрлері басқа жалғану сұлбаларындағы параметрлеріне қарағанда жақсырақ. Сондықтан транзистордың ортақ эмиттерлі жалғану сұлбасы көбірек қолданылады.


Бақылау сұрақтары:

1. Екі р – п - өтпеден тұратын құрылғы қалай аталады?

2. Биполяр транзистор типтері, жұмысы.

3. «Эмиттер», «База», «Коллектор» деп нені түсінесің?

4. п – р – п - типті транзистордың электрлік сұлбасы, параметрлері, ондағы негізгі құбылыстар.

5. Р-П-Р - типті транзистордың электрлік сұлбасы, параметрлері, ондағы негізгі құбылыстар.

6. Биполяр транзистордың жалғану сұлбалары, «кіріс», «шығыс» кернеулері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет