Механикалық жүйенің кинетикалық энергиясы және потенциалдық энергиясы.
Механикалық жүйенің кинетикалық энергиясы (К) осы жүйенің механикалық қозғалысының энергиясы.
Күш, тыныштықта тұрған денеге әсер етіп қозғалып жұмыс жасайды да, ал қозғалатын дененің энергиясы жасалған жұмыс шамасына көбейеді. Сонымен элементар орын ауыстыру кезіндегі бөлшектің кинетикалық энергиясының өсімшесі, сол орын ауыстыру кезіндегі элементар жұмысқа тең:
.
жылдамдықпен қозғалатын массасы дененің кинетикалық энергиясы:
.
Кинетикалық энергия тек дененің массасы мен жылдамдығына тәуелді. Сондықтан кинетикалық энергия: (1) жүйенің күйінің функциясы болады; (2) барлық уақытта оң; (3) әр түрлі инерциалды санақ жүйесінде бірдей емес.
Потенциалды энергия - денелердің өзара орналасуымен және олардың арасындағы әсерлесу күштерінің сипатымен анықталатын денелер жүйесінің механикалық энергиясы.
Жүйенің потенциаллдық энергиясы, кинетикалық энергия сияқты, жүйе күйінің функциясы болып табылады. Ол тек жүйенің конфигурациясына және сыртқы денелерге салыстырғандағы оның орнына тәуелді болады.
Потенциалдық энергияның мысалдары. биіктіктегі массасы дененің потенциалдық энергиясы:
.
х ұзындығына дейін созылған серіппенің потенциалдық энергиясы:
.
Кинетикалық және потенциалдық энергия бірлігі – джоуль (Дж).
Импульстің сақталу заңы. Импульс моментінің сақталу заңы. Механикада энергияның сақталу заңдары. Механикадағы салыстырмалықтың арнаулы теориясының элементтері. Салыстырмалықтың механикалық принципі. Галилей түрлендірулері. Энштейн постулаттары.Лоренц түрлендірулері. Түрлендірулер инварианттары. Импульс пен энергияның релятивистік түрленуі. Масса мен энергияның өзара байланыс заңы. Импульстің сақталу заңы. Тұйық жүйенің импулсі уақыт өткен сайын өзгермейді (сақталады).
Импулстің сақталу заңы кеңістіктің біртектілігінің салдары болып табылады. Кеңіістікте денелердің тұйық жүйесін бүтіндей параллель тасымалдағанда оның физикалық қасиеттері өзгермейді (инерциалдық санақ жүйесінің координат басын таңдап алуға тәуелді болмайды).