Лекция. Физикалық есептердің маңызы және классификациясы


Халықаралық бірліктер жүйесі (СИ



бет3/31
Дата21.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#120175
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Халықаралық бірліктер жүйесі (СИ) (System International - SI).
Метр (м) – вакуумда 1/299792458 с уақытта жарықтың өтетін жолының ұзындығы.
Килограмм (кг) – килограмм үлгісінің массасына тең (Париждің қасындағы Северде өлшемдер мен таразылар Халықаралық бюросында сақталып тұрған Платина-иридий цилиндрі).
Секунд (с) – цезий –13.3 атомының негізгі күйінің аса жіңішке екі деңгейі арасындағы өтуге сәйкес келетін 9192631770 сәулелену периодына тең уақыт.
Ампер (А) – шексіз ұзын екі параллель түзу және көлденең қимасы елеусіз аз өткізгіш арқылы өтетін өзгермейтін токтың күші, олар вакуумда бір-бірінен 1 м қашықтықта орналасқан, бұл өткізгіштердің әр метр ұзындығына күш әсер етеді.
Кельвин (К) – судың үштік нүктесінің термодинамикалық температурасының 1/273,16 бөлігі.
Моль (моль)12С көміртегі изотобының 12 г – да неше атом болса, сонша құрылымдық элементі бар жүйенің зат мөлшері.
Кандела (кд) – монохромат сәулелену жиілігі герц шығаратын, оның бұл бағыттағы энергетикалық жарық күші 1/683 Вт/ср болатын, жарық көзінің берілген бағыттағы жарық күші.

ХБЖ жүйесінің қосымша бірліктері:
Радиан (рад) – шеңбердің екі радиусы арасындағы бұрыш, олардың арасындағы доғаның ұзындығы радиусқа тең.
Стерадиан (ср) – төбесі сфера центріндегі денелік бұрыш, ол сфера бетінде қабырғасы сфера радиусына тең квадрат ауданына тең бет ойып алады.
Туынды бірліктер – негізгі бірліктермен байланыстылығы физикалық заңдар негізінде тағайындалады. Мысалы, жылдамдықтың туынды бірлігі (1 м/с) бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс формуласынан алынады .
Механика және оның құрылымы. Механикадағы моделдер.
Механикафизиканың бөлімі, ол механикалық қозғалыстың заңдылықтарын және сол қозғалысты жасайтын немесе өзгертетін себептерді зерттейді.
Механикалық қозғалыс – денелердің немесе олардың бөліктерінің кеңістікте орналасуының уақыт өткен сайын өзгеруі. Әдетте механика деп классикалық механиканы түсінеді; онда макроскопиялық денелердің қозғалысы қарастырылады, олардың жылдамдығы вакуумдегі жарық жылдамдығынан көп есе аз.
Жылдамдығы вакуумдегі жарық жылдамдығына жақын денелердің қозғалыс заңдарын релятивтік механика зерттейді.
Кванттық механика – атомдар мен элементар бөлшектер қозғалыс заңдарын зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет