Лекция. Физикалық есептердің маңызы және классификациясы



бет4/31
Дата21.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#120175
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Механика бөлімдері:
Кинематика – денелердің қозғалысын қарастырады, бірақ ол қозғалыстың себептерін қарастырмайды.
Динамика – денелердің қозғалысын және ол қозғалыстың себептерін қарастырады.
Статика – денелер жүйесінің тепе-теңдік заңдарын қарастырады.
Механика, нақты мәселенің шартына байланысты, денелердің қозғалыстарын сипаттау үшін әр түрлі қарапайымдалған физикалық моделдерді пайдаланады:

  • материалдық нүкте – берілген мәселенің шартында формасы мен өлшемдерін елемеуге болатын дене.

  • Абсалют қатты дене – берілген мәселенің шартында деформациясын елемеуге болатын дене және ол дененің кез келген екі нүктесінің арақашықтығы тұрақты болып қалады.

  • Абсолют серпімді дене – деформациясы Гук заңына бағынатын дене, ол сыртқы күштік әсерлер тоқталғаннан кейін мұндай дене өзінің ба

  • стапқы формасын толық қалпына келтіреді.

  • Абсолют серпімсіз дене – сыртқы күштер әсері тоқталғаннан кейін деформацияланған күйін толық сақтайтын дене.

Қатты дененің кез келген қозғалысын ілгерілемелі және айналмалы қозғалыстардың комбинациясы ретінде қарастыруға болады.
Ілгерілемелі қозғалыс – денемен қатаң байланысқан кез келген түзу өзінің бастапқы орнына параллель болып қалатын қозғалыс.
Айналмалы қозғалыс – дененің барлық нүктелері айналу осі деп аталатын бір түзудің бойында центрі жататын шеңберлер бойымен қозғалатын қозғалыс.
Санақ жүйесі. Траектория, жол ұзындығы, орын ауыстыру векторы.
Денелердің қозғалысы кеңістікте және белгілі уақытта өтеді. Сондықтан материалдуқ нүктенің қозғалысын сипаттау үшін, бұл нүкте кеңістіктің қандай орындарында болғанын және осы немесе басқа орындардан уақыттың қандай кезеңдерінде өткенін білу керек.
Санақ денесі – оған салыстырғанда басқа денелердің орны анықталатын қалауымызша алынған дене.
С
анақ жүйесі
– санақ денесімен байланысқан координат пен сағаттар жүйесі.
Ең көп қолданылатын координат жүйесі – декарттық координат жүйесі – оның ортонормалданған базисі модулі бойынша үш бірлік және координат басынан жүргізілген өзара ортогонәлді векторлар құрайды.
Қалауымызша алынған М нүктесінің орны О координат басын М нүктесімен қосатын радиус-вектормен сипатталады (1-сурет).
, .
Егер материалдық нүктенің декарттық координаты уақытқа тәуелділікпен берілсе, материалдық нүктенің қозғалысы толық анықталған болады.
, , .
Бұл теңдеулер нүкте қозғалыстарының кинематикалық теңдеуі деп аталады. Олар нүктенің қозғалыстарының бір векторлық теңдеуіне эквивалентті:
.
Таңдап алынған санақ жүйесіне салыстырғанда қозғалатын материалдық нүкте (немесе дене) сызатын сызық траектория деп аталады. Кинематикалық теңдеулерден параметрін шығарып тастап, траектория теңдеуін алуға болады.
Траектория формасына сәйкес қозғалыс түзу сызықты немесе қисық сызықты болуы мүмкін.
Жолдың ұзындығы деп берілген уақыт аралығында нүкте жүріп өткен траектория бөліктерінің ұзындықтарының қосындысын айтады . Жол ұзындығы – уақыттың скалярлық функциясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет