Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция



Pdf көрінісі
бет99/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   113
№15 семинар 
Тақырыбы:
Тиімді қарым –қатынас жасау әдістері мен техникалары.
Жоспар: 
1. Тиімді коммуникация мен мамандардың бәсекеге қабілеттілігін өзара байланыстыру. 
2. Қарым-қатынаста имидж және өзіне-өзі қызмет ету. Бейнелеу технологиясы. 


3. Сыртқы келбет имидждің бөлігі сияқты. 
4. Белсенді тыңдау әдістері. 
5. Келіссөздер технологиясы
 
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, 
байланыс орнататынкүрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы 
танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. 
Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты 
болып табылады. Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, 
ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі 
қабылдауы жүзеге асады. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара 
түсіністікке қол жеткізу. Қарым- қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, 
түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын 
дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын 
түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз 
құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға 
мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, 
дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхпаттасушының жеке пікірін 
сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін 
сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға 
өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап,сыйластық білдіреді. Адамға 
сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады. 
Қарым-қатынас жасаудың негізгі қағидалары: 
1. Ыңғайы келсе адамдарды әрдайым қолдап, мадақтап тұрыңыз. Сіздің қолпаштауыңыз 
оларға күш- қуат береді. 
2. Ешкімді ешқашан келемеждеп, қорламаңыз. 
3. Адам жайлы тек жақсы нәрсе айтыңыз. Егер ол жайлы жақсы ештеңе айта алмасаңыз, 
онда үндемегеніңіз дұрыс. 
4. Адамдардың ісіне зейін салып қараңыз. Сонда жағымпаздануға емес, шын мақтауға 
себеп табылады. 
5. Адамның жақсы қасиеттерін көбірек байқауға тырысыңыз. Егер ол адам сіздің көзіңізде 
әлі бекзаттық пен ақылын көрсете қоймаса, оны бәрібір сондай адам ретінде қабылдаңыз. 
Сол кезде ол адам міндетті түрде соған сай болуға тырысады. 
6. Адамдарды сынап, мінемеңіз. Егер сынағыңыз келіп бара жатса, онда оның тек ісін 
сынаңыз, жеке басын емес. 
7. Үнемі басқа адамдардан артықшылығыңызды көрсетіп жүруден аулақ болыңыз. Бұлай 
тек дұшпандарыңызды көбейтіп аласыз. Адамдармен дос болғыңыз келсе, онда адам сіздің 
жаныңызда өзінің маңыздылығын сезінсін. 
8. Әрдайым өз қателіктеріңіз бен кінәларыңызды байқап жүріңіз және кешірім сұраңыз. 
9. Елдер сізді тыңдасын десеңіз, онда бұйырып емес, ұсынып үйреніңіз. 
10. Ашулану – бұл адамның көмек пен қолдауға зәру екендігін білдіреді. Сондықтан 
адамның мұндай күйіне түсіністікпен қарауға тырсыңыз. 
11. Тыңдап үйреніңіз және аз сөйлеңіз. 
12. Кейде жақсы ойды, идеяны әңгімелесушіңіз айтқандай, басымдық беріңіз. Кімнің 
бірінші айтқаны маңызды емес қой, маңыздысы – жақсы нәтиже шығару. 
13. Егер әңгімелесушіңіздің ойы қате болса, онда оның сөзін бөліп, тоқтатамын деп 
ойламаңыз. Өз ойын айтып бітпейінше, ол бәрібір райынан қайтпайды. 
14. Кез келген ұрысты тоқтату үшін, бәлкім, менікі дұрыс емес дей салыңыз. Сонда 
жанжалдың неден шыққаны да, ұрыс та тыйылады. 
15. Адамдарға еш себепсіз жиі сыйлық жасап тұрыңыз. Бұл сіздің еш мейрамға қарамай, 
адамды әрдайым қуантқыңыз келетінін көрсетеді. 


16. Егер сіздің бірдеңеге ашуыңыз келіп тұрса, сабырлық танытыңыз, үндемеңіз, 
эмоцияңызды іште сақтаңыз. Бәрін шорт кесуден аулақ болыңыз. Жай ғана адамға 
ойындағысын айтуға, ісін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз, ал сосын өзіңізге жағатын 
сөздеріне мән беріңіз. Әңгіме біткен соң, оның сөздерін тағы саралап көремін деңіз. 
17. Адамдарға қызық боламын деп емес, оларға қызығып өмір сүріңіз. 
18. Жымиып жүріңіз. 
19. Адамды толық атымен атаңыз. Осылайша оның жеке басына сыйластығыңызды 
білдіресіз. 
20. Әңгімені аяқтағанда, әңгімелесуші жақсы көңіл-күйде қалғанын қадағалаңыз. 
21. Кешірімді болыңыз. 
«Коммуникация» ұғымы (латынның «communicare» - байланыстыру, біріктіру 
деген сөзінен) ақпаратты алу, өңдеу, жеткізу және сақтау процестерінің жиынтығы болып 
табылады. Бұл процестерді жеке бастық-тұрмыстық деңгейден ғаламдықәлеуметтік 
деңгейге дейінгі ауқымда қарастыруға болады. 
«Коммуникация» - бұл тілдесу (вербальды) және тілдеспей, ыммен түсінісу 
(вербальсыз) 
ақпарат 
алысу. 
Вербальды ақпарат – сөйлем арқылы түсінісу немесе сезімді, ойды, байқағандарын жазу 
арқылы 
жеткізу. 
Вербальсыз ақпарат – ақпаратты сөз құрамдарынсыз немесе жазбай-ақ жеткізу. 
ХІХғ коммуникация техникалық мағынада «байланыс орнындағы жолдар, құралдары» 
деп 
қолданылған. 
ХХғ 
әлеуметтік 
мағынаға 
ие 
болған. 
Л.С.Выготский, 
В.Н.Курбатов, 
А.А.Леонтьев 
т.б.көптеген 
энциклопедиялық 
сөздіктерде «коммуникациялық ұғымы хабарлау жолы, қарым-қатынас деп түсіндірілді. 
Т.Парсонстың пікірінше коммуникацияны адамдар арасындағы қарым-қатынас, өзара 
әрекет деп түсінуге болады. К.Черридің пікірінше, коммуникация сан алуан байланыс 
жүйесін пайдаланатын әлеуметтік қарым-қатынас, оның ең маңыздысы тіл және сөз дейді. 
Тиімді коммуникация – ақпарат алмасу барысында қолайлы қарым–қатынас орнату, 
алынған ақпаратты қабылдап сенімнен шығу, әңгімелесушіге құрметпен қарап оны мұқият 
тыңдау, әңгімелесушінің ойын түсіне білу. Жас кезінде бұзақы болған Б. Франклин уақыт 
оза келе адамдармен қарым-қатынас жасауда зор табыстарға қол жеткізіп, нәтижесінде 
Франциядағы американ елшісі болып тағайындалған екен. Мұның сырын ол былай 
түсіндіріпті: «Мен еш адам туралы жаман әңгіме айтпайтынмын, керсінше жақсы 
әңгімелерін ылғи да айта жүремін». Адамдар арасындағы қарым-қатынас, шын мәнінде, 
өте нәзік дүние. Өйткені қылт етсе сынып кетуі мүмкін көпір секілді. Әркімнің қабағына 
қарау да оңайға соқпайды. Адамның ішінде оны түрткілеп тұратын бір сайтан ой болады. 
Бұл ой оған былай деп сыбырлайды: «Неге бұл істі сен ғана істеуің керек? Таста, басқалар 
істесін», «Сен өз міндетіңді атқардың, қалғаны сенің ісің емес, осы істегенің де жетер!» 
және тағыда тағылар... Бұл сыбырға ергендер әрдайым есімен тайталасып, салғыласып, 
ұрысып-керісіп жатады. Ал ұрыс бар жерде ешқандай береке жоқ. «Күл болмаса бүл 
болсын» дейтін мұңсыз адамдар осындайдан шығады. Өйткені мұндай адамдар «Мені бұл 
нәрсе қызықтырмайды, маған бәрібір»-дейді. Әрине, мұның бәрі де-бір абырой әпермейді. 
Қалай дегенмен де қарым-қатынастың жетістікке жеткізер жолдары бар. Өз жан дүниеңе 
қара. Адам сөйлескенде ең көп «Мен» сөзін қолданады екен. Өйткені бұл оған ұнайды, 
«Мен сүйттім», «Мен бүйттім» дегеннен адам жалығар емес. Бұл өзіне сенгендік емес 
керісінше өзін ғана ойлаушылық. Өмірде өзін ғана ойлайтындар опық жейді. Жетістікке 
жету жолындағы кедергі болатын қасиет осы-адамның өзімшілдігі.
«Адамнан асқан құндылық жоқ». Күніне 100 адаммен, 100 түрлі сезіммен нәзік 
қарым-қатынас жасайтын бірден-бір адам-ол мұғалім. Адындағы шәкіртерінің жан –
дүниесіне үңіліп, түсіну, әріптестерінің ойларымен санаса біліп, тұлға аралық қарым-
қатынас орната білу ол мұғалім үшін де оқушы үшінде үлкен маңызды. Өйткені сау тұлға 
аралық 
қарым-қатынас 
білім 
санасына 
тікелей 
әсер 
ететін 
құрал.


Кез келген адамның белгілі бір имиджі болады. Имидж сөзінің өзі ағылшын тілінің 
«image» сөзінен шыққан. Оның мағынасы белгілі бір тұлғаның болмысын көрсететін 
бейнесі. Нақтырақ айтқан кезде сыртқа ортаның сіз туралы жинақталған ойы. Қоғамда 
белсенді болу, адамдармен қарым-қатынас орнату. Олармен тығыз байланысты болу үшін 
имидж қалыптастыру маңызды. Ал оны қалыптастыру үшін не істеу керек? Алдымен 
сыртқы имиджді қалыптастырыңыз. Киіміңіз, түр-әлпетіңіз, сыртқы көріністің талабына 
сай түрлі аксессуарлар пайдалану.Мимикалық имидж арқылы қарсы беттегі адаммен 
қалай сөйлесу керектігін аңғарыңыз. Бұл имиджді қалыптастыру үшін күнделікті айнаға 
қарап жаттығу жасаңыз. Көзіңізге, түріңізге, қолыңызға қараңыз. Олар қалай қозғалады – 
бәріне мән беріңіз. Имидждің түрлері: 
Кинетикалық имидж. Бұл – сіздің жүріс және отырыс кезінде өзіңіздің денеңізді 
ұстау әдісіңіз. Мәселен, бір шынтақтап отыру, шалқадан түсіп жатып алу әдепсіз көрінеді. 
Әсіресе иықты кең әрі тік ұстаңыз. Бүкірейіп жүрудің өзі адамға әсер етеді. 
Бейварбалды имидж. Сіз жақсы сөйлей аласыз ба? Бұл жерде тек дауыс, ырғақ 
емес, сөздік қорыңыз да маңызды. Сұлу сөйлей білу, адамның тілін табу – үлкен өнер. Ал 
сұлу сөйлей тұрып паразит сөздерді де көп пайдалансаңыз, одан ешқандай нәтиже 
шықпайды. Ескеріңіз! 
Рухани имидж. Тұлғаның өмірге деген, қоғам деген ойы, көзқарасы. Бұл жағынан, 
ең бірінші, білім керек. Білімді игеру арқылы сіз бұл имиджді қалыптастыра аласыз. 
Сондықтан барынша сауатты болыңыз. 
Материалдық имидж. Мұның артында ақша, көлік және үй тұр. Бұл – міндетті емес 
имидж түрі. Дегенмен, бұл шыңға да жетуге болады. Ол үшін жоғарыда аталған 
имидждерді қалыптастыру керек. Сол кезде ғана сіздің толыққанды тұлғалық имиджіңіз 
пайда болады. 
Адамда сана-сезім , “мен” сезімі пайда болғаннан бері және басқа біреуді өзіңе тән 
қабылдау кабілеті қалыптасқаннан бері, имидждік сұрақтар пайда болады: мен басқа 
біреудің көзіне қалай көрінемін? Ол мен туралы не ойлайды? Қалай бағалайды? 
Салыстырмалы түрде, ерте адамзат тарихында да, имиджге тән жұмыспен айналысатын 
мамандандар 
ерте 
пайда 
болды. 
Имиджің 
бірінші 
теоретигі
ретінде 
Макиавеллиді санайды. Ол «имидж сезімі» қатты дамыған аз адамдардың арасындағы 
тұлға. 
Джеймс бойынша, адамның имиджі – ол оның әлеуметтік эгосы. Біз әрқашанда 
өзіміздің жақындарымыздың көз алдында болғымыз келеді, сонымен қатар бөтен 
адамдардың көңілін аулағымыз келеді, жақындарымызға өзіміз туралы жақсы ой 
қалдырғымыз келеді, осының бәрі – туа біткен тілек. Егер адам қоғамда көп уақытын 
өткізіп, соның өзінде оны ешкім байқамайтын болса, одан артық жазаны ойлап табу 
мүмкін емес шығар. Бір сәтке елестетіп көрелік, егер сіз кіргенде, сізге қарай ешкім 
бұрылмаса, сіздің сөзіңізге ешкім жауап бермесе, сіздің істеріңізге ешкім көңіл бөлмесе, 
мүлдем сіздің баршылығыңызды елемесе, сіз өзіңізді қалай сезінетін едіңіз? Қоғамның 
дамуына байланысты, жаңа имиджді түсіну ғылымдарының пайда болуын, жан-жақты
түсіне бастайды.
Адам (топ, ұжым), және оның сауда, саясат, әлеует жаққа бағытталған 
жұмыстарының нәтижесі : идеялары, тауарлары, кызметі, осының бәрі имидж объектісін 
құрады. Имидж объектісінің түсінігі оның мазмұнына қарай сәйкестенеді. Имидж 
объектісі ретінде, біраз адамға белгілі бір әсер қалдыра алатын кез келген нәрсе санала 
алады. 
Әсірісе, әлеуметтік әсер өндіру қабілеттілігі, имидж объектісінің негізгі қасиеті 
болып табылады.Сана-сезімінде берілген имидж объектісі қалыптасатын адамдар 


(мақсаттық топтар, тұтыну базар сегменттері, сайлаушылардың категориялары) – имидж 
субъектісі болып саналады. Ереже бойынша, имидж субъекті коллективті болып келеді.³ 
Алғашқыда, экономика саласында, бұл түсінікпен практикалық аспектте, кәсіпкерлік 
қызметпен айналысатын шетел экономисттері белсенді жұмыс істей бастады. 
Алпысыншы жылдары американдық экономист Болдуинг айналымға «имидж» түсінігін 
енгізгені белгілі, сонымен қатар оның іскери үлгерімділікте қажеттілігін негіздеді. 
Нәтижесінде имидж жаңа пайда бола бастаған саясаттанудың кару-жарағына алынды, 
оның мамандары имиджированиені өз жұмысының басты құрастырушысы ретінде 
қабылдаған болатын. 
Ағылшын тілінен аударғанда « имидж » сөзі — бейне немесе бейнелеу деген 
мағынаны білдіреді. Онда, шын мәнісінде бұл қасақана жасалынатын тұлға немесе 
әлеуметтік құрылым жайлы әсер, әсіресе әсер, ойдың орынды іс фактісі сияқты баға емес. 
Имидж көп жағдайларда алғашқы сатысында, яғни жалпы мәліметті шолып өту кезеңінде 
аяқталады . Имидж аңдаусыз санада орналасады деп айтуға болады. Сонда адамдардың 
оны түсінудегі тиімділігі неде және кандай себеппен ол адам санасында біраз уақытқа 
сақталып қалады? Имидж , нақтылы психологиялық өнім сияқты , құнды стереотип есебі 
ретінде алынады, сонымен қатар әлеуметтік құрылғы ретінде есептелінеді және 
талпындыратын арман болып саналады. 
Белгілі бір түсініктің семантикалық талқылануы әрқашанда бір мағынамен 
қабылдана бермейді. Үлгі ретінде алсақ , көптеген мұғалімдерге, оқушыларға және 
олардың әке-шешелеріне мектеп «қуаныш үйі» болып саналудан әлдеқашан қалып 
қойған. ( грек тілінен аударғанда « мектеп »- қуаныш үйі ), олар бұл түсінікке осындай 
сана қоймайды. В. Дальдың түсіндірме сөздігінде «бейне» түсінігі келесі мағынаны 
білдіреді : «бет сызықтары және олардың орналасуы , түр-келбет , физиономия ». Дәл сол 
Дальдың сөздігінде «кейіп » былай түсіндіріледі : «заттың түп нұсқасы немесе оның 
суреті немесе оған дәлме-дәл еліктеу». Сөйтіп, орысша да, ағылшынша да түсіндірмеде 
«бейне» сөзі «кейіп» сөзінен семантетикада әлдеқайда кедей болып саналады. Яғни, 
соңғы түсінік имиджеологияда ең маңызды болып есептеледі. 
Мәдени дәстүрлерге сүйене айтсақ, сытрқы бейне мен рухани дүние арасында 
үйлесім орнағанда ғана жеткілікті болады. Сондықтан саяси жарнамалада имидж 
мінездемелерге бөленген бейне ретінде көрсетіледі, ал ол мінездемелер адамның шын 
маңыздылығынан көбінесе алыс болады. Сондықтан оны белгілі заманда идол ретінде 
түсіну жайдан жай болмайды. 
Мысалы, супермен немесе плейбой. Осының бәрі бизнес тәжірибесінде мүлдем 
тиімді емес. Саясаттану аренасында немесе театралдық аймақта әсер етуге қарағанда, 
берілген кәсіби жұмыста адамдармен қарым-қатынас жасаудың басқа заңдары және 
оларға арнайы ықпал жасауда қолданылады. Бірақ осының бәрі менеджерді, әсіресе егер 
ол жоғарғы административті орында болса, өзінің жеке имиджінің іскери тәжірибедегі 
рөлін бағаламаушылықтан және онымен байсалды жұмыс жасаудан босатпайды. 
Әрине, ешкім менеджерден фотомодельге немесе көне мүсінге ұқсастығын талап 
етпейді, бірақ өзінің сырт пішінін дұрыс қолдана білу, адамдармен жұмыс істеген кезде 
артық болмайды. Психологтардың айтуы бойынша, әдемі адамдардың өзіне деген 
сенімділігі әлдеқайда көп және ол оппонентке өзі жайлы жақсы әсер қалдыра алады. 
Сонымен қатар, тартымды бет-пішіннің жоқ болуы жағымды имидж қалыптастыруға жол 
жаппайды. Тұлға өзінің кемшіліктерін басқа жақсы жақтарын дамытумен және оны 
орынды көрсетумен алмастыра алады. Адам тартымдылығы – ол тек қана көркем бет 
пішіні ғана емес, оған сонымен қатар, дұрыс тыңдай алу, орынды сөйлеу, жақсы 
талғаммен киіну, өзін этикетке сай ұстау жатады. 
Имидж – ұлғайтқыш әйнек сияқты, адамның дербес және іскери қасиеттерін 
қоғамға әлдеқайда жақсы көрсетуге мүмкіндік береді. Соның арқасында күнделікті қарым-
қатынасқа ығайлылық әкеліп, жұмыс орнында жағымды жағдай жасауға болады. 
Менеджерлік қызмет ұйымдастыру мен клиенттермен жұмыс жасайтын адамның 


жағымды болмауына мүмкіншілік бермейді. Бүгінгі күнде, магнит сияқты тартымды 
менеджер болу өте қиын, бірақ сондай болуға тырыспайтын адамда одан да көп 
қиындықтар туындайды. Имиджеология – аса маңызды прагматикалық тәртіп. Блез 
Паскаль «көндіру тәсілі» мен «ұнау тәсілі» туралы жазған, және оның айтуы бойынша, 
соңғы тәсіл адамға ықпал етудің ең тиімдісі екен. 
Имидж-өнер ретінде мақсатты түрде адамның өзін, не бұқаралық ақпарат арқылы 
белгілі бір зат немесе адам жөніндегі керек мәліметті бейнелеп керсету. 
Оған жарнаманы да қосyға болады. Имидж қолданбалы өнердің құрамдас бөлігі 
және бедел мен абыройын, қажеттілігін арттыру үшін де қажет. Сондай-ақ, имидж 
әлеуметтік-саяси бағытта да адамның бағасын арттыруға ықпал етер маңызы бар. 
Кәсіпкер болыңыз, саясаткер болыңыз немесе менеджер болсаңыз да — кез-келген 
жағдайда келер күннің өтер ырғағын, сол бір таңғы тазалану, киім таңдау барысында 
ұсынасыз. Жағымды эмоциялар келер күннің ойдағыдай жақсы, көңілге жағымды, еңбекте 
жемісті өтуінің кепілі. Ал, жағымсыз эмоциялар — сенімсіздік шенберін айналдырып, 
сізді тек шығын мен қатерге алып келуі шындық. Менеджер — еңбек үлгісіне қатысты әр 
кезде қоршаған адамдардың көз алдында болуы, өзін сенімді, тартымды ұстанып, кез-
келген жағдайда басқалардың көңілінен шығатындай қозғалыста болуы тиіс. Ол әрқашан 
өзінің киім кию үлгісінің жоғарғы сатыда екендігіне, жұмысқа деген дайындығының 
жоғарғы сапада екендігіне күманданбауы тиіс. Консервативті немесе классикалық стиль 
әрқашан ол адамның жақсы талғам үлгісінде екендігін бейнелейді. Жағымды , ұстамды 
киім еңбекте сізге тірек болады. Сондай-ақ, клиентіңіздің сіздің киіміңізді емес сізді көре 
алуын қамтамасыз етеді. Киіну үлгісі сіздің талпынысыңыз, біліміңіз тағы сол сияқты сіз 
жайында көп нәрсе бейнелейді. Әйел адамдарға консервативті киінуіне болады. Сол киіну 
кезінде өзінің ерекшелігін көрсететін шарф немесе қымбат бағалы әшекей бұйымдар 
тағуы, қатаң үлгідегі консервативті киімге өз әдемілігін енгізер еді. Егер де киіміңіз сізге 
қызмет істеп, келбетіңізді ашып, жағымды әсер әкелетіндігіне сенімді болсаңыз, 
ойыңызды түгелдей жұмысқа бағыттай аласыз. 
Бір әйгілі әңгімеде адамға екі құлақ және бір ауыз сөз беріледі деп айтылады, яғни 
адамдарға сөйлеуден гөрі тыңдау керек. Адамның есту, түсіну және тыңдау үшін 
маңыздысы - көптеген нәрселер мен құпияларды түсіну керек. Белсенді тыңдау - бұл оның 
тиімділігі мен қарапайымдылығына байланысты психологтар арасында сенім артқан әдіс. 
Белсенді тыңдау дегеніміз не? 
Белсенді немесе эмпатикалық тыңдау - бұл американдық психотерапевт, 
гуманистік психологияның құрушысы Карл Роджерс психотерапияға әкелетін әдіс. 
Белсенді тыңдау - сөйлескен адамның сезімін, эмоцияларын естуге, түсінуге, әңгімелесуді 
тереңдетуге және адамның аман қалуына және оның жағдайын өзгертуге көмектесетін 
құрал. Ресейде баланың психологы Ю.Гиппенрейтердің әдістемесі әзірленді және әртүрлі 
нюанстармен толықтырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет