Асцидиялар класы. Жеке және топтанып шоғыр (колония) құрып тіршілік ететін 1300-ге жуық түрі белгілі. Үш класс тармағына бөлінеді: Aplousobranchia, Phlebobranchia, Stolidobranchia.
Көптеген асцидиялар мұхиттардың литоральды және тереңдігі 200 м дейін жететін сублиторальды деңгейлерде (судың тұздылығы 35%O ) тіршілік етеді. Тереңдеген сайын олардың түрлері азаяды. Қазіргі кезде 2000 м тереңдікте асцидиялардың жүздеген түрі белгілі. Асцидиялардың табылған максимальды тереңдігі 8430 м.
Дене пішіні. Жеке тіршілік ететін асцидиялардың пішіні екі ауызды банкаға ұқсас, түп жағымен бекінеді, оны сталон деп атайды, ал жоғарғы жағында екі тесік – ауыз және атриальды қуысқа шығып, одан артиальды сифон арқылы сыртқы ортаға шығады.
Қоректенуі пассивті. Ауыз сифонына түскен судың құрамындағы қорек заттары көлемді жұтқыншаққа, одан қысқа ішек арқылы көлемді қарынға өтеді, одан қорытылмаған қорек аналь тесігі арқылы артиальды қуысқа түсіп, клоакальды сифон арқылы сыртқа шығарылады.
Тыныс алуы – ауыз сифонына түскен су жұтқыншаққа өтеді, ондағы көптеген стигмалар (тесіктер) арқылы өтіп, сол жерде газ алмасу жүріп, су желбезекмаңы не артиальды қуысқа түсіп, клоакальды сифон арқылы сыртқа шығарылады.
Қантасымалдау жүйесі – лакунды (қуысты). Кішкентай жүректен желбезек саңылауларына және ішкі мүшелерге шығатын қантамырлары болады. Қан бірде алға, бірде артқа қозғалады, яғни бірде вена, бірде артерия қаны жүреді.
Асцидиялар – гермафродиттер, аналық және аталық жыныс бездері қатар жатады. Жыныс бездері алма-кезек пісіп жетіледі, сондықтан өздігінен ұрықтану жүрмейді. Жыныссыз жолмен де көбейеді. Топтанып шоғыр құрып тіршілік ететіндерінің де құрылысы осындай.
Кластың 3 отряды бар. Олар: 1 отряд – Жалғызбасты асцидиялар – Monascidiae. Ұзындығы 2-3 мм-ден 40-50 см-ге дейін жететін, бекініп немесе қозғалып тіршілік ететін қабықтылар. 2 отряд – Көпбасты асцидиялар – Sunascidiae. Топтанып шоғыр құрып тіршілік ететін қабықтылар. 3 отряд – Шырақтылар – Purosomata. Жұтқыншақтың екі жағында жарық шығарғыш клеткалар тобы орналасуына байланысты осылай аталған.
Маңызы. Асцидиялардың денесінде біршама ванадий элементі және клетчатка болады, оларды асцидиялар судан сіңіріп алады. Ванадий жануардың күл массасында 1% -дан артық мөлшерді, немесе денесінің құрғақ салмағында 0,65% -ды құрайды. Бұл теңіз суының концентрациясынан 10000 есе жоғары.
1 га жерде 30 кг ванадий және 300 кг-ға дейін клетчатка алынатын болғандықтан олардың болашақта өндірісте пайдалану мүмкіндігі бар. Жапонияда асцидияларды суасты плантацияларында өсіреді. Сосын асцидияларды жинап, өртейді де алынған күлден жоғары концентрацилы ванадий алады.
Асцидиялардың көптеген түрі мұхиттарда ас үлкен емес тереңдіктерде жаппай тіршілік етеді. Ол тек тастар мен басқа қатты заттарға бекініп қоймай, кемелердің түбіне немесе су түбілік түрлі құрылғыларға, құбырларға жабысады. Су құбырларының қабырғаларына өте көп мөлщерде жабысып, құбырлардың су өткізуші диаметрін тарылтып, ластайды. Жылдың белгілі маусымдарында жаппай өлуіне байланысты сүзгіш құрылғыларды бітеп, суды өткізбей қояды. Осылайша, көптеген өндірістік мекемелерге айтарлықтай нұқсан келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |