Лекция. Кіріспе. Бір клеткалы жануарлар патшалықтармағы. Жоспар: Саркомастигофора типі Талшықтылар класы Өсімдіктес талшықтылар класс тармағы



бет69/70
Дата14.04.2022
өлшемі7,08 Mb.
#30963
түріЛекция
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Байланысты:
Зоология рубежка

Сальпалар класы. Сальпалар – жүзіп тіршілік ететін 25-ке жуық түрді біріктіретін, дене мөлшері бірнеше мм-ден 30-40 см-ге жететін қабықтылар. Ең ірі сальпа – Thetis vagina Тынық мұхитында ұсталған. Оның ұзындығы 33,3см-ге жеткен. Кейде бөлек класс тармақтары ретінде қарастырылатын 3 отрядтан тұрады: сальпалар Salpida, бөшкелілер Doliolida және шырақтылар Pyrosomatida (көптеген шырақтылар люминесцентті бактериялармен симбиозда тіршілік ететіндіктен жарық шығарады, сондықтан олар осылай аталады).

Дене пішіні мен құрылысы. Салпалардың дене пішіні қияр немесе бөшкетәрізді. Сальпалардың бір түрінің өзі жеке немесе ұзын тізбек тәрізді колония түріндеде тіршілік ете алады. Мұндай тізбектердің ұзындығы 1м-ге жетуі мүмкін, бірақ олар әншейін су толқынының соғысынан-ақ бөліктерге бөлінеді. Негізінен жылы теңіз суларында және мұхиттың тропикалық аймақтарында мекендейді. Көптеген қабықтылардың тек жылы суларда тіршілк ететініне байланысты олар мұхиттың түрлі аймақтарында гидрологиялық жағдайдың өзгерісіне жауап беретін индикатор ретінде қолданылады. Сальпалардың Антарктикада тіршілік ететін 2 түрі сипатталған. Олар: Salpa thompsoni барлық Антарктикалық суларда таралып, 40° оңтүстік ендіктің шекарасынан аспайды және S.gerlachei тек Росса теңізінде мекендейді. Сальпалар еркін жүзіп пелагикалық тіршілік ететін жануарлар. Нағыз сальпалардың құрылысы асцидияларға ұқсас. Сальпалардың денесі нәзік мөлдір туникамен қапталған. Туниканың астында бөшкенің айналмалы жиектері тәрізді ақшыл сақиналы бұлшықеттер көрінеді.

Қоректенуі. Ауыз қуысына түскен майда организмдер асқорыту жолына өтеді, қалдық заттар сифон арқылы сыртқа шығарылады.

Қозғалуы. Барлық сальпалар реактивті қозғалу арқылы орын ауыстырады.

Көбеюі. Жынысты және жынссыз жолмен көбейеді. Ұрықтанған жұмыртқадан жыныссыз особь оозоид шығады, ол бүршіктену арқылы көбейеді. Колонияны бірнеше мың жануар құрауы мүмкін. Біраз уақыттан кейін колонияның ересек дараларында аналық және аталық гонадалар пісіп жетіледі. Жыныстық жетілген особьтар – бластозооиттар – гермафродиттер. Жұмыртқа клеткасында бір ғана жұмыртқа дамып ұрықтанады, одан жаңа колонияның бастаушысы – жыныссыз особь пайда болады.

Маңызы. Кейбір балықтар мен теңіз тасбақаларының қоегі болып табылады.

Сальпалар қазіргі кезде ғалымдардың назарын өте көп аудартуда. Соңғы зерттеулердің көрсетуінше бұлар – энергия үнемдеуші организмдер. Олар денесінен теңіз суын өткізу арқылы планктонмен қоректенеді, ал олардың экскременттері мұхиттың жоғарғы қабаты мен атмосфераның төменгі қабаттарынан көмірқышқыл газын сіңіреді. Бұл планетамызда жылынудан сақтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет