Лекция конспектісі 6В01601-«Тарих», 6В01508-«География-тарих» білім беру бағдарламалары үшін



бет15/45
Дата28.11.2023
өлшемі196,02 Kb.
#130718
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
Байланысты:
Лекция жинағы

4. Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, слайдтар, презентациялар.
5. Лекцияның оқыту әдістері мен түрлері: шолу лекция, проблемалық оқыту технологиясы.
6. Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (1-деңгей, 2-деңгей, 3-деңгей сұрақтарымен беріледі) және оларды бағалаудағы ұпайдардың үлестірілуі:
1-деңгейдің сұрақтары (1-5 ұпай)
1. Аңдық стильдің пайда болуы туралы қандай екі көзқарас бар?
2. Сақ дәуірінде ою-өрнектің қандай түрлері болды?
2-деңгейдің сұрақтары (1-7 ұпай)
1. . Сақ тайпаларының дүниетанымында қандай нанымдар мен сенімдер болды?
2. Сақ тайпаларында қол өнерінің қай түрі дамыды?
3-деңгейдің сұрақтары (1-8 ұпай)
1. Сақ-парсы соғыстарының кезеңдері.
2. Есік қорғаны: «Алтын адам».
7. СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайдардың үлестері (1-15 ұпай): Есік қорғанына арналған зертеулермен танысу қажет. Аталмыш археологиялық ескерткішке қатысты бүгінгі тарих ғылымындағы талдаулар мен пікірлерді көрсету қажет. Сонымен қатар, тарихи ескерткіш ретінде жерлеу орнына толық сипаттама беру.
8. Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Акишев К.А. Культура саков и усуней долины Или. – А-А., 1981.
2. Акишев К.А. Курган «Иссык». Исскуство саков Казахстана. – М., 1978.
3. Смирнов К.Ф. Савроматы. Ранняя история и культура савромат. – М., 1964.
Лекция №11 .
Қазақстан аумағындағы ғұндар, этникалық тегі, саяси тарихы, шаруашылығы
қоғамдық құрылысы.


Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Тұңғыш көшпелі империя Ғұн державасының саяси тарихын қарастыру жан-жақты қарастыру.
Лекция мазмұны. б.э.д. ІҮ-ІІІ ғасырларда қазіргі Монғолияда мемлекетінің территориясында, Қытайдың батысында және Оңтүстік Сібір жерлерінде көшпелі ғұн тайпаларының күшті саяси бірлестіктері қалыптасты.
Б.э.д. 47 жылғы ғұндардың үдере көшуі, ішкі айтыс-тартыстар ғұндардың екіге бөлінуіне әкеп соқты. Солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінді. Солтүстік бөлігі Қытай империясының қол астына өтіп, оңтүстік бөлігі өзінің тәуелсіздігін сақтап қалды.
Хундардың үдере көшуінің енді бір толқыны, б.э.д. 93 жылы басталды. Олар жолдарындағы тайпалардың бірін өздеріне ертіп енді біреулерін тізеге салып батысқа қарай жөңкіді. Сөйтіп олар Сырдария Арал маңайына Орталық және Батыс Қазақстанға сыналай кірді. Алайда ғұндар бұл жерлерде біржола тұрақты қалған жоқ. Олар орыстардың далалы аймақтарын басып өтіп, Дунай арқылы Батыс Европаға дейін жетіп ғұн деген атпен ғұмыр кешті. Сонымен б.э.д. II ғасырдан бастаған ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б. з. IV ғасырына дейін созылған.
Ғұндардың жоғарғы билеушісі шаньюй деп аталды. Егер патриархаттық-рулық құрылыстың кезінде шаньюйді ру ақсақалдары сайлайтын болса, ал патриархаттық-феодалдық жаңа қатынастың дамуына байланысты шаньюйдік ендігі жерде мұрагерлікке көшеді. Шаньюй өлсе оның орнына інісі не үлкен баласы билікті өз қолдарына алатын болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет