Лекция Орындаған: Психология мамандығы 3 курс студенттері Қабылдаған: Лиясова А. А



бет19/24
Дата22.04.2023
өлшемі110,81 Kb.
#85678
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Ювенильді кезең-emirsaba.org

Энергия және энергияның қоршалуы— психологиялық талдаудан енген “энергия” ұғымы, оның кернеуде айқындалатын орналасуы мен қоршалуы (ең алдымен денелік — күйі, қимылы, көзқарасы, дауыс үні) гештальт-терапияда түсіндірмелі терминология және оқыту құралы ретінде қолданылады.

  • Бүгінгі күні гештальт-терапия жиі топтық нұсқада тәжірибеленеді. Осы бағытта «ойын» және «сынақ» деп аталатын психотехникаларға гештальт-терапияда үлкен мән беріледі.

    13лекция: Ойын терапия: негізгі түсініктері, мақсаттары, процедуралары.


        • Ойын-баланың жеке басын дамутыда қоғамдық мәні бар іс-әрекеттің мақсат бағдарлы, қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенділік формасы деп бір жағынан, екіншіден баланың танымдық, шығармашылық, жеке бас қасиеттерін, ақыл-ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде түсіндіріледі.

        • Ойынның бала өмірінде орын алатыны ертеден дәлелденген. Тіпті ХVIII ғ. Руссо былай деп жазған: «Баланы жақсы тану және түсіну үшін оны ойын кезінде бақылау керек».

        • Ойын әсерлері баланың қажеттіліктерін физиологиялық белсенділікке қанағаттандырады, ойын үстінде бала энергия жұмсайды, үлкендер өміріндегі міндеттемелерге дайындалады, қиыншылықтарды жеңеді және фрустрациядан арылады.

        • Ойынның психологиялық мазмұны әлеуметтік қатынастар мен жағдайларды үлгілеуді құрайды. Бұл «іс - әрекеттің орталық сипатты сәті және еңбек пен қоғамдық өмірдегі ересектердің арасындағы қатынастар ретінде баланың жаңғыртатыны».

        • Л. С. Выготскийдің пікірінше, ойын «жүзеге аспайтын тенденциялардың иллюзиялық жүзеге асырылуы» болып табылады және екі тенденцияның соқтығысуынан: баланың психикалық даму ерекшеліктері мен тілектерді осы сәтте орындаудың бұрынғы тенденцияларын сақтауға орай өз көрінісін әлі таба алмаған мотивтерді жүзеге асыру тілегімен байланысты жалпылама аффектілердің қалыптасуынан туындайды.

        • Д.Б. Эльконин баланың өз әрекеттерін ережеге бағындыру қабілетінің дамуында төрт кезеңді ажыратады:

        • Бірінші кезеңде ережелер жоқ және бала оларды айшықтамайды, бұл жиі ойында рольдің логикасын бұзуға әкеледі;

        • Екінші кезеңде ережелер айқын формада әлі көрінбейді, бірақ рольді орындау ережеге бағынышты, баланың ойын әрекетінде объективтендірілген.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет