Лекция. Тақырыбы: Түркі филологиясының танымдық, тәрбиелік мәні. Жоспары: Тіл тарихын зерттеудің мәні. Жазба ескерткіштерді зерттеудің мәні



бет3/36
Дата16.03.2022
өлшемі111,05 Kb.
#28194
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Ëåêöèÿ. Òà?ûðûáû Ò?ðê³ ôèëîëîãèÿñûíû? òàíûìäû?, ò?ðáèåë³ê ì?í³.

Бақылау сұрақтары:

  1. Түркітану ғылымының маңызды проблемасы.

  2. Тілдің қоғамда атқаратын қызметі.

  3. «Усунь» этнонимі туралы түсінік.

  4. Түркі тілі жөнінде алғашқы мәлімет.

Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары.

Қажетті әдебиеттер:

  1. А.Аманжолов. Түркі филологиясы және жазу тарихы. А., 1996

  2. Ә.Қайдар., М.Оразов. Түркітануға кіріспе. А., 1992

  3. О.Бүркіт. Түркітану. А., 2003


3-лекция. Тақырыбы: Қазіргі түркі халықтары.

Жоспары: 1. Түркі халықтарының дүниеде таралуы, демографиясы.

2. Қазіргі түркі мемлекеттері, қарым-қатынастары.



Лекция мәтіні: Түркі тілді халықтар дүниенің барлық түкпіріне таралған, сондықтан олардың мәдени, экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі бірдей болмайтындығы белгілі. Түркия, Өзбекстан сияқты елдерде ана тілі мемлекеттік тіл деңгейінде өмірдің барлық саласында қолданылады. Татар, башқұрт, саха сияқты түркі тілдері орыс тілінің ықпалында, екінші тіл ретінде қолданылып, Ресейдің пошта, байланыс қатынастарында қолданылуы шектелген тіл есебіне жтады. Тіпті тұрмыстық қажетті ғана атқаратын түркі тілдері де бар. Тілдің даму деңгейіне жағдай жасайтын, қосалқы болса да рөл атқаратын нәрсе- түркі халықтарының орналасу жағдайы. Көп санды, тілі дамыған, экономикасының деңгейі жоғары халықтардың қоршауында болған халықтың тілі де еркін дами алмайды. Мысалы, құмық, қырым татарлары, ноғай сияқты халықтардың тілін (орыстардың қоршауында) салар, сары ұйғыр тілінің қытай қоршауында болғандығын, халладж тілінің семит тілінің қоршауында қалып, дамымағандығын, басқа тілдердің ықпалын күшті сезінгендігін көрсетуге болады. Тіпті ұзақ уақыт қоршауда болған түркі тілдері өздерінің дыыбыстық көрінісін өзгерткенін дәлелдеуі мүмкін. Мысалы, чуваш, саха тілдері.

Тарихи жағдаймен байланысты түркі халықтары сан жағынан да бір деңгейде дамымаған. Мысалы, А.Тажутов қазақтың өсуін мына деректермен көрсеткен: 1897 ж. қазақтың саны- 3787 мың, 1911 ж. -4692 мың, 1926 ж.- 3968 мың, 1937 ж.- 3099 мың, 1959 ж.-3581 мың, 1970 ж.- 5299 мың, 1979 ж.-6556 мың, 1989 ж.-8135 мың. Бұдан қазақтың саны 1959 жылдан бастап көбейе бастағанын көреміз. Қазіргі түркі халықтарының нақты санын көрсету қиын. Оның бірнеше себебі бар: 1) Қазіргі халықтың дамуы тез өсіп отыр.2) халықтарды санау он жылда бір өткізу керек. Бірақ мемлекеттер саясатпен байланысты санақ санын көрсетпейді. 3) Тарихи, экономикалық жағдайға байланысты көші-қон халықтың санын да өзгертеді. Мысалы, соңғы жылдарда қазақтар 0,5 млн. адам Қазақстанға көшіп келді. Түріктердің 1 миллионы Германияда жүр. Олардың санын анықтау мүмкін емес. Біз 1999 жылғы мәліметтерге қарасақ, халықтардың саны түрлі болуы пікірімізге дәлел. Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігі-ақ бірнеше диалектіден немесе говордан тұрады және ол диалектілер мен говорлар тұтас бір территорияда да немесе әр түрлі регионда да орналасуы байқалады. Сондай-ақ белегілі бір топқа жататын түркі тілдерінің диалектілері мен говорлары өздерінің ерекшеліктері бойынша әр түрлі топтағы тілдердің құрамына енуі мүмкін. Мысалы, өзбек тілінің қыпшақ диалектісі қарлұқ тілдерінен гөрі қыпшақ тілдерінің (қазақ, қарақалпақ, ноғай) ерекшеліктерін өзінде көбірек сақтаған. Сол сияқты қырым татарлары тілінің өзі қыпшақ тобына жатса да, оның оңтүстік диалектілері қырғыз-қыпшақ тобына енсе, солтүстік тобы ұйғыр-оғыз тобына жатады. Басқаша айтқанда, бір тілдің негізін құраушы диалектілер өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жіктеліп, екі топқа бөлініп тұр. Бұл, әрине, түркі тілдерінің қалыптасу кезіндегі ру-тайпалар тілінің өзара орналасуына байланысты күрделі процестің бір көрінісі болса керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет