Лекция. Тақырыбы: Түркі филологиясының танымдық, тәрбиелік мәні. Жоспары: Тіл тарихын зерттеудің мәні. Жазба ескерткіштерді зерттеудің мәні



бет4/36
Дата16.03.2022
өлшемі111,05 Kb.
#28194
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Бақылау сұрақтары: 1. Түркі тілдерінің дүниеде таралуы.

2. Түркі тілдерінің (қазақтардың) демографиясы жөнінде.

3. Қазіргі түркі мемлекеттері.

4. Түркі мемлекеттерінің қарым-қатынастары.



Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары: «Қазіргі түркі тілдерінің демографиясы» тақырыбында реферат дайындау.

Қажетті әдебиеттер:

  1. Ә.Қайдар., М.Оразов. Түркітануға кіріспе. А., 1988, 2004.

  2. Отарәлі Бүркіт. Түркітану. А., 2003.

  3. М.Тәтімов. Қазақ әлемі. А., 1993.

  4. А.Тажутов. Қазақ саны қанша болған?. А., 1998, 43-б.

  5. Весь мир. Энциклопедиялық анықтағыш. Минск-Москва. 2000

4 лекция. Тақырыбы: Түркі тілдері және оның классификациясы.



Жоспары:

  1. Түркі тілдерінің құрылысы, типологиялық сипаттамасы.

  2. Түркі тілдерін жіктеу принциптері.

  3. Түркі тілдерінің негізгі классификациясына шолу.

Лекция мақсаты: Түркі тілдерінің құрылысы жағынан жалғамалы тілдер тобына жататынын теориялық тұрғыда дәлелдеп, түсіндіру; түркі тілдеріне классификация жасаған ғалымдар пікрлерін салыстырып, негізгісі жайлы тереңірек мағлумат беру.

Лекция мәтіні: Түркітану ғылымында маңызды орын алатын мәселенің бірі- түркі тілдерін дамуы және қалыптасуы жағынан классификациялау. Классификация – тілдерді ортақ белгілері бойынша топтастыру. Түркі тілдерін классификациялау өте күрделі мәселелердің бірі, өйткені, түркі халықтарының даму тарихы күрделі. Түркі тайпалары бірде қосылып, үлкен тайпалық бірлестіктерге біріксе, бірде ыдырап, кейбір тайпалар басқа мемлекеттердің құрамына кіріп отырды.

Түркі тілдерін ең алғаш классификациялаған ғалым ХІ ғ. өмір сүрген М. Қашқари. Қашқари классификациясында топтастырудың негізгі принциптерін дұрыс ажырата білді. Ол түркі тілдерін орналасу орнына қарай екіге бөліп қарастырады:

1) Қашқар қаласынан жоғары шыңға дейінгі аралықты мекендеген түркі тайпаларының тілі

2) Қашқар қаласынан Румға дейінгі аралықты мекендеген түркі тайпаларының тіілі.

М.Қашқари түркі тілдерін басқа тілдермен қарым-қатынасқа түсу дәрежесі бойынша да екіге бөледі: таза және аралас тілдер.

Түркі тілдерінің классификациясы мәселесімен И.Березин,, Н.Ильминский, В.Радлов, А.Ремюза, Н.Аристов, Н.Катанов, Ф.Корш, А.Самойлович, Н.Баскаков т.б. түркітанушылар айналысты.



А.Н.Самойлович түркі тілдерін фонетикалық, морфологиялық белгісіне қарай 6 топқа бөледі:

1. Р - тобы немесе бұлғар, чуваш тобы

2. Д – тобы немесе ұйғыр немесе солтүстік-шығыс тілдері

3. Тау - тобы немесеқыпшақ, солтүстік-батыс тобы

4. Тағлық – тобы немесе шағатай немесеоңтүстік-шығыс тобы.

5. Тағлы – тобы немесе қыпшақ-түрікмен не орта топ.

6. Ол – тобы. Түрікмен немесе оңтүстік-батыс тобы.

В.Радлов түркі тілдерін фонетикалық жүйесіне сүйене отырып 4 топқа бөледі:

1. Шығыс. 2. Батыс 3. Орта Азия 4. Оңтүстік тобы.



С.Малов түркі тілдеріне тарихи тұрғыдан топтау жасап, көне элементтерді құрамына сақтауына қарай 4 топқа бөледі: ең көне тіл, көне тіл, жаңа тіл, ең жаңа тіл.

Түркі тілдерін жан-жақты зерттеп, әрі грамматикалық, әрі фонетикалық ерекшеліктерін анықтай отырып, толық жүйелеу жасаған – Н.Баскаков.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет