Лекция. Тақырыбы: Түркі филологиясының танымдық, тәрбиелік мәні. Жоспары: Тіл тарихын зерттеудің мәні. Жазба ескерткіштерді зерттеудің мәні



бет7/36
Дата16.03.2022
өлшемі111,05 Kb.
#28194
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36
Байланысты:
Ëåêöèÿ. Òà?ûðûáû Ò?ðê³ ôèëîëîãèÿñûíû? òàíûìäû?, ò?ðáèåë³ê ì?í³.

Жоспары:

1. Жазу және жазба тіл.

2. Жазба тіл мен ауызекі тілдің ерекшелігі.

3. Жазу жүйесінің түрлері.



Лекция мақсаты: Студенттерге түркі жазуы мен тіл мәдениеті тарихының кезеңдерінен мағлумат беріп, жазба тіл мен ауызекі тілдің ерекшеліктерін теориялық тұрғыда түсіндіру.

Лекция мәтіні: Адамзат жазуының пайда болуы – мәдениет тарихындағы шешімін таппаған мәселелерлің бірі. Фонетика ғылымында жазуға «әріптердің таңбалар арқылы берілуі» деген анықтама береді. Алфавиттік жазудың пайда болуы адамзат мәдениетінің дамуындағы ортақ сипаттарды да анықтай алады. Өйткені әр түрлі тілдердің кез келген сөзін хатқа түсіріп оқуға мүмкіндік туғызған алфавиттік жазу. Жазудың пайда болуын зерттегенде анықталатын мәселелер: алғашқы жазу үлгілерінің сипаты м ен қызметі, тарихи қалыптасу кезеңі мен жазуға негіз болған факторлар.

Адамзат тарихындағы жазулар – идеографиялық, силлабикалық және алфавиттік болып бөлінеді. Идеографиялық жазуда әр таңба жеке сөзді белгілеп тұрады. Кейін сөзді белгілі бір таңба арқылы жеткізетін логограммалар пайда болады. Онда да сөз толық бейнеленбей, силлабикалық (буын) белгілері, негізінен, дауыссыз дыбыстардан құралады. Ең көне жазу үлгілері: египет жазуы – 6 мың, шумер, элам, протоүнді – 5 мың, крит, қытай – 4 мың, майя – 3 мың жыл бұрын пайда болған. Олардың ішінде жақсы зерттелгендер: көне египет, шумер және қытай жазулары. Силлабикалық жазудың әр таңбасы дауыссыз дыбысты таңбалайды, дауыстылар белгіленбейді. Ал алфавиттік жүйеде кез келген таңба нақты дыбысты бейнелеп тұрады. Пиктография – ойды қашықтыққа жеткізуде қолданылған тәсілдің бірі болған. Бірақ ол ойды жеткізе алғанымен, тіл туралы ешбір мағлумат бере алмайды. Логограмма сөздің графикалық белгісі болса, идеограмма – ұғымның белгісі.

Н.Я.Марр және И.И.Мещаниновтың теориясында жазба тілі ауызекі тілден бұрын не бір атрихи кезеңде пайда болған деп түсіндіреді. Әрине, бұл жорамал дұрас емес. Ежелгі Шумер, Мысыр өркениетінің жазуы негізінде логографиялық жазудың моногенезі туралы болжжам жасалған. Пиктографиялық жазу алфавиттік жазуға негіз болған. Пиктографиялық жазудан басқа да символдық белгілерге – ежелден келе жатқан математикалық және астрономиялық белгілер, рулар мен тайпалардың тамғасы, иелікті білдіретін ен-таңба, ақшаға басылатын таңба т.б. жатады.

Лингвистикада жазба тіл мен ауызекі тіл бірге қарастырылып жүр. Жазба тілге қатысты мәселе орфография, текстология, мәтіннің контекстік мағынасын зерт теу деп ұғынылып, жазудың өзіндік табиғаты мен жүйесі ескерілмейді.

Кез келген халық өз жазуын ойлап таппайды, дайын жазу үлгісін пайдаланылады.Түркі тілінің тарихи дамуы, тіларалық қатынастары, таңбалардың рөлі палеография, тіл палеонтологиясы, семиотика, этнолингвистика, лингвокультурология, тарихи грамматика, тіл философиясы салаларында зерттелуі қажет. О.Сүлейменовтың «Язык письма» деген еңбегі адамзат тілінің тарихын тым әріден бастайды. Тіліміздің ең көне үлгісі туралы баяндағанда, жазба ескерткіштің деректері, басқа да көне жазу үлггілері, түркі халықтары мен қазақтың ауызекі тіл үлгілері кең қолданыс табады. Түркі-қазақ филологиясында ХІV-ХVІІ ғ. аралығында болған араб-парсы мәдениетінің үлгісінде жазылған әдеби шығармалар тіліне де талдау жасалған. Көне түркі жазуы бүгінгі таңда оқылып, өз шешімін табуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет