Лекция Тәрбие үдерісі- тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі Жоспар Тәрбие үдерісінің теориясы


Жүйе құраушы факторлар, әлеуметтік-педагогикалық және уақыттық шарттар құрылымдық бақылау мен функциялық компоненттердің ерекшеліктерін айқындайды



бет4/29
Дата01.04.2023
өлшемі92,1 Kb.
#78284
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Ëåêöèÿ Ò?ðáèå ?äåð³ñ³- ò?òàñ ïåäàãîãèêàëû? ?äåð³ñò³? ??ðàìäû á?ë 2

Жүйе құраушы факторлар, әлеуметтік-педагогикалық және уақыттық шарттар құрылымдық бақылау мен функциялық компоненттердің ерекшеліктерін айқындайды.
5. Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесі мазмұнының проблемалары. Педагогикалық жүйенің құрылымдық компоненттері. Кез келген әлеуметтік жүйеде басқарудың жеке немесе ұжымдық субъектісі шешуші рол атқарады. Мектептің педагогикалық жүйесінің құрылымдық компоненттері айқындалатын негіз педагогикалық ұжым және оның басшысын немесе жүйені басқарушының әрекеті болмақ. Практикалық істерді талдау және арнайы зерттеулер педагогикалық ұжымның алға қойған мақсатына өз функцияларын кеңейту арқылы ғана емес, сонымен бірге ол функциялардың мүмкіндігін сарқа пайдаланып, оларды үйлестіру арқылы жетуге болатындығын көрсетеді. Осыдан келіп басқару жүйесінің деңгейі проблемасы туындайды. Көптеген мектептердің басқару жүйесінің құрылымы басқарудың төрт деңгейінен тұрады.
Бірінші деңгей – ұжым сайлаған немесе мемлекеттік орган тағайындаған мектеп директоры; мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестік басшылары. Екінші деңгей – мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психология, әлеуметтік педагог, аға тәлімгер, мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық істері бойынша көмекшісі, сонымен бірге өзін-өзі басқарушы бірлестіктер мен органдар.
Үшінші деңгей – оқушылар мен ата-аналарға, балалар бірлестіктері, сабақтан тыс үйірмелерге қатысты басқару қызметін атқаратын мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері.
Төртінші деңгей – сыныптық және жалпы мектептік оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесіне басшылық жасайтын оқушылар. Бұл деңгей мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының сипатын айқындайды. Оқушы ол қарым-қатынастың объектісі болуымен бірге өз дамуының субъектісі де болады.
Бұл келтірілген өзара қарым-қатынастар тізбегінен аңғаратынымыз, әрбір төменгі деңгейдегі басқару объектісі бір мезгілде өзінен жоғары деңгейдегі басқарудың объектісі болады.
Басқару жүйесінде оқушылар ұжымы негізгі орын алады, оны да жалпы мектептік ұжым және сыныптық ұжым деп басқарудың екі деңгейіне топтастыруға болады. Ал көлбеу бағыттағы басқару жүйесі оқушылардың қоғамдық ұйымдары, спорт секциялары, шығармашылық бірлестіктер, үйірмелер деп жіктеледі. Басқару жүйесі оқушылар қатысатын іс-әрекеттің көптүрлілігі мен біртұтастығын (оқу, ізденушілік, спорт, көркем-эстетикалық, қоғамдық пайдалы еңбек) танытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет