Лекция Тәрбие үдерісі- тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі Жоспар Тәрбие үдерісінің теориясы


Тұтас педагогикалық процестің құрылымдық компоненті ретінде мазмұн білім беретін мекеменің (мектеп, лицей т.б.) алдына қойған мақсатымен айқындалады



бет5/29
Дата01.04.2023
өлшемі92,1 Kb.
#78284
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Ëåêöèÿ Ò?ðáèå ?äåð³ñ³- ò?òàñ ïåäàãîãèêàëû? ?äåð³ñò³? ??ðàìäû á?ë 2

Тұтас педагогикалық процестің құрылымдық компоненті ретінде мазмұн білім беретін мекеменің (мектеп, лицей т.б.) алдына қойған мақсатымен айқындалады.
Ал педагогикалық және оқушылар ұжымының оқу-тәрбие процесі мазмұнының өзгеруі мемлекеттік білім стандарттары негізінде реттеледі.
Қазіргі қоғамға тән білім беру процесін ізгілендіру, дербестендіру және дифференциялау, мәдениеттанушылық сипат беру бағыттарын іске асыру балалар мен жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен түрлерін пайдаланудың ерекшеліктерін айқындайды. Бұл бағытта ұжымдық және топтық жұмыс түрлерімен бірге дербес жұмыс түрлеріне де баса мән беріледі. Педагогикалық әрекеттегі басқару жүйесінің басқарылушыға ықпал жасау әдістері де айқын болуы тиіс. Оның тиімділігі – қолданған әдістің нақты педагогикалық жағдайға сәйкестілігіне байланысты.
Тұтас педагогикалық процестің ұйымдастыру әдістері жүйенің ұйымдық, функционалдық және ақпараттық бірлігін тоқтатуы тиіс. Сондықтан мұғалім сендіру, жаттығу, бақылау және өзін-өзі бақылау, ынталандыру сияқты тәсілдермен бірге ақпарат жинау және оны талдау, дербес дамудың диагностикасын жасау, түзету және т.б. сияқты әдістерді де игеруі тиіс.
Сонымен, аталған жүйе құрайшы факторлар педагогикалық процесті ұйымдастырудың ішкі құрылымының өте күрделі екендігін танытады. Сонымен бірге әрбір компонентті алға қойған мақсатқа, қалыптасқан нақты жағдайға байланысты дер кезінде реттеп отыруды қажет етеді.
Аталған компоненттер өз бетінше өмір сүрмейді, олар мұғалім әрекетімен тығыз байланысты болады да педагогикалық жүйенің функционалдық компоненттерін құрайды. Функциялық компоненттердің негізіне педагог әрекетінің процесінде туындаған тұрақты базалық құрылымдық компоненттер түзеді. Ал функциялық компоненттер педагогикалық процестің қозғалысын, өзгерісін танытып, оның даму қисынын айқындайды.
6. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар. Мектептік тәрбие процесі- бұл тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара жүйелі, үздіксіз әрекеттесу процесі. ТП – комплекстік процесс, тәрбиелік жұмыстардың мақсаты, мазмұны, формаларымен әдістерінің бірлігін білдіреді. Жеке тұлғаның сапалы қалыптасуы кезектесіп жасалынбайды, бір уақытта болатындықтан педагогикалық ықпал ету комплексті сипатта болады. Қалыптастыру кезінде бір қасиеттер екінші қасиеттердің дамуына ыңғайлы әсер етіп отырады. ТП –нің комплекстік сипаты бірқатар маңызды педагогикалық талаптардың ұстанымын, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы өзара әрекетті мұқият түрде ұйымдастырылуын талап етеді. ТП –не нәтежиелердің бірмәнді және анық болмауы да құбылыс. Жағдайлар бірдей болғанда да нәтежиелер бөлектеніп тұрады. Бұл мына субьективті факторларға байланысты: тәрбиеленушілердің жеке өзгешеліктерінің көптігі, олардың әлеуметтік нәтежиелері, тәрбиеге деген қатынастары.
ТП –екіжақты сипатымен ерекшеленеді. Олар тәрбиешіден тәрбиеленушіге (тікелей байланыс) және тәрбиеленушіден тәрбиешіге қарай (кері байланыс). Процесті басқару негізінен кері байланыс арқылы құрылады, яғни тәрбиеленушілерден түсетін ақпараттар арқылы ерекшеленеді. Осы кері байланысты тәрбиеші неғұрлым көп пайдаланса, соғырлым тәрбиелік әсер де жоғары болады. Мектепте тәрбие жұмысын мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері және мұғалімдер ұйымдастырады, олардың әрқайсысы атқаратын қызметіне сай белгілі бір міндеттерді жүзеге асырады.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-ересектер мен балалардың тәрбие іс-әрекетін бағыттай білетін және ұйымдастыратын мектеп әкімшілігінің өкілі бола отырып, мынадай қызмет түрлерін атқарады: 1. Талдау, бақылау. 2. Ұйымдастыру – басқару.
7. Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және оның қызметі. Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары оқутәрбие жұмыстарының дұрыс ұйымдасуына жауап береді, оқу бағдарламаларының, сабақтың сапасына, оқушы біліміне, оқу-тәрбие жұмысының барысын бақылауға, тапсырманың дұрыс берілуін реттейді, сабақ кестесін жасап, оқу-тәрбие жұмысы туралы мектептің есебін жасайды.
Сыныптан, мектептен тыс жұмыстың тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыруға, қоғамдық жұмыстың сапасына, пайдалы еңбекке, тәрбие жұмысының барысына, сыныптан тыс жұмысты іс жүзіне асыруға, тиісті мекемелермен іскерлік байланыс жасайды.
Атамекен жұмысын басқарушылар оның бағдарламаларына байланысты шығармашылық топтармен жұмыс істейді. Творчестволық одақтар мен ұйымдармен жұмыс істеп әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүрлерді оның негіздерін үйренеді, бақылайды. Онымен тәлімгер мұғалім айналысады. Сынып жетекшісі- белгі бір сыныптағы оқушылармен тәрбие жұмысын жүргізуге жауапты тұлға ретінде мынадай қызмет атқарады. Жүйелі – ұйымдастыру, тәрбиелеу, білім беру дамыту, ынталандыру, бағалау, жобалау, қорғау, түзету, диагностика жасау. Көрсетілетін қызмет түрлері сынып жетекшісі іс-әрекеттерінің негізгі бағыттарын анықтайды:
3. Лекция


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет