Лекция Тәрбие үдерісі- тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі Жоспар Тәрбие үдерісінің теориясы


Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі. Бұл принциптің көздейтін мақсаты



бет8/29
Дата01.04.2023
өлшемі92,1 Kb.
#78284
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
Байланысты:
Ëåêöèÿ Ò?ðáèå ?äåð³ñ³- ò?òàñ ïåäàãîãèêàëû? ?äåð³ñò³? ??ðàìäû á?ë 2

Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі. Бұл принциптің көздейтін мақсаты:
- оқушыларға қоғамдық мінез-құлық нормалары мен ережелерін саналы түрде меңгертуді;
- оқушыға қатысты өзіне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындауды;
- мектепте оқушыларға арналған ережені қатаң сақтауды;
- мектеп пен отбасы және мектептен тыс мекемелердің тәрбие жұмысының барлық буындарының талап бірлігін үйлестіруді;
- оқушының мінез – құлқындағы жақсы қасиеттеріне сүйенуді; - жеке басына сеніммен қарап, белсенділік арттыруды; - сүйіспеншілік көрсетуді т.б.
Құрметтеу мен талап қоюшылықты бірыңғай атқару тәрбиенің ізгілік бағыты мен ынтымақтастық педагогикасының негізін қалайды. Өйткені, адамгершілік пен ынтымақтастық бала өмірінде үлкен маңызға ие болады.
Тәрбие жұмысының табысты болуы, көбінесе әрбір жеке тұлғаның жас шамасына сәйкес өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуге байланысты. Әрбір жеке бала, ол өзінше бір өмір. Оның түсінігі, сенімі, көз-қарасы, ақыл ойының деңгейі бірдей емес, соған орай мінез – құлық ерекшеліктері мен адамгершілік қасиеттерінің сапасы да әртүрлі. Сондықтан да тәрбие процесінде балалардың дара ерекшеліктерін ескерудің маңызы зор. Тәрбиенің мазмұны мен амал тәсілдері де осы принципке тәуелді.
Тәрбие жұмысын нәтижелі жүргізудің тағы бір шарты, тәрбие мазмұны мен тәрбиелік әрекеттерді баланың жас шамасына сай біртіндеп жүйелі жүргізуді талап етеді. Тәрбие процесінде тәрбиешілер тарапынан болатын ықпалдағы жүйесіздік, тәрбие мақсатына жетуге кепілдік бермейді, керісінше онда әртүрлі кездейсоқтыққа тап болуға итермелейді.
Баланың түсінігіне, сана-сезіміне орай тәрбие жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу, тәрбие салаларының тұтастығы қамтамасыз етуді қажет етеді. Өйткені тәрбие міндеттерін шешуде атқарылатын шаралардың бір-бірімен сабақтастығы болуы тиіс. Өткендегі тәрбиелік шаралардың мазмұны бүгінгі мен болашақта жоспарланған жұмыстармен үнемі сабақтас болуы, осы принциптің бірден – бір міндеті.
Жеке тұлғаның ұжымда тек ұжым арқылы тәрбиелеу принципі кеңестік дәуірде коммунистік тәрбие беру жүйесінің негізгі талаптарының бірі болып келеді. Бұл социалистік қоғамның талабына айналды. Осы қоғамда өмір сүріп отырған «барлық адамдар біреуі үшін, біреуі барлығы үшін» деген ұранмен еңбек етуге тиіс.
Бүгінгі таңда, қоғамда қайта құру кезеңінде яғни нарық заманында бұл қағиданың маңызы онша әсерлі болмай тұр. Өйткені, нарық заңы ұжым болып еңбек етіп, өмір сүру қағидасын қуаттамайды. Оның негізгі талабы әртүрлі формадағы еңбек процесі, соған орай еңбек бөлінісі де әртүрлі болып келеді. Сондықтан да ұжым және адам мәселесі қазіргі заманның ең өзекті әлеуметтік мәселелердің біріне айналып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет