Лекция Тәрбие үдерісі- тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі Жоспар Тәрбие үдерісінің теориясы



бет3/29
Дата01.04.2023
өлшемі92,1 Kb.
#78284
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Ëåêöèÿ Ò?ðáèå ?äåð³ñ³- ò?òàñ ïåäàãîãèêàëû? ?äåð³ñò³? ??ðàìäû á?ë 2

Бақылау сұрақтары:
1.Педагогика пәні қандай мәселелерді қарастырады?
2.Тәрбие дегеніміз не, оның қоғамда алатын орны қандай?
3.Педагогиканың басты міндеттері қандай?
4.Халықтық-демократиялық педагогиканы кімдер жасады?
5.Өткендегі аса көрнекті педагогтар кімдер және олардың педагогиканы дамытудағы маңызы қандай?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Волков Г.Н. Этнопедагогика. - Москва, 2000.
2. Кукушин B.C., Столяренко Л.Д. Этнопедагогика и Этнопсихология. Ростов- на Дону, 2000.
3. Этнопедагогика народов Казахстана /Под ред. Г.Н.Волкова,
К.Ж.Кожахметовой. - Алматы, 2001.
2. Лекция
Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі
Жоспар
1. Мектептегі тәрбие жүйесі мектептің біртұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылым
2. Тәрбие жүйесін құру және дамыту міндеттері
3. Тәрбие жүйесінің компонеттері, олардың өзара әрекеттесуі
5. Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесі мазмұнының проблемалары
6. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар
7. Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және оның қызметі
1. Мектептегі тәрбие жүйесі мектептің біртұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылым. Жүйе құраушы маңызды факторлардың бірі, педагогикалық жүйенің қызметінің бастау көзі – оқушы тұлғасының үйлесімді дамуы, оның өзін-өзі айқындауына бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен әрекетінің мақсаты болып табылады. Мектептің мақсаты – тұлға қасиетінің ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық еңбек, экологиялық, құқықтық және басқа да базаның мәдениетін қалыптастыру. Жалпы мақсаттар оқу-тәрбие процесінің жекелеген бағыттары бойынша нақтыланады. Басқарудың тиімділігін арттырудың ең басты белгісі мектеп басшылығының, мұғалімдердің, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының жекелеген мақсаттарды белгілей алуы және белгілі бір уақыт кезеңінде оны жалпы мақсатпен үйлестіріп, реттеп отыру.
2. Тәрбие жүйесін құру және дамыту міндеттері. Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік-педагогикалық және уақыттық шарттары. Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік-педагогикалық шарттары деп оның ахуалы мен дамуының тұрақты жағдайын айтамыз. Мектепті басқарудың шарттары жалпы және арнайы деп екі топқа бөлінеді. Жалпы шарттарға әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлттық, географиялық шартарды жатқызуға болады. Ал арнайы шарттар – оқушылардың әлеуметтік-демографиядық құрамы; мектептің орналасқан жері (қалалық, аудандық); мектептің материалдық мүмкіндігі; қоршаған ортаның тәрбиелік мүмкіндігі сияқты компоненттерден құралады. Педагогикалық процестің тиімділігің маңызды көрсеткіші педагогикалық және оқушылар ұжымдарындағы моральдық психологиялық ахуалдың сипаты, оқушылар ата-аналарының педагогикалық деңгейі болмақ.
3.Тәрбие жүйесінің компонеттері, олардың өзара әрекеттесуі. Педагогикалық жүйенің уақыттық сипаты балалардың дербес-психологиялық дамуы және жас ерекшеліктеріне сәйкес өзара тығыз байланысты үш кезеңнен тұрады. Ол жалпы ұзақтығы он бір жылды құрайтын жалпы білім беретін мектептің үш сатысын (бастауыш – 1-4; негізгі орта – 5-9; жоғары – 10-11 сыныптар) құрайды. Жалпы білім берудің әр сатысы өзіндік міндеттерді шешуге бағытталғанымен ол бала тұлғасын дамыту деп аталатын ортақ міндетке жұмылдырылады. Оқытудың бір сатысынан екінші сатысына өту дербестігі – тұлғалық дамуда елеулі секіріс болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет