20 хикмет
Есіме түсіп жанымдай сүйген Мұхаммед,
Сенің жолыңа пида болам, Мұхаммед.
Үмбет болған «Хамду сананы» жатқа айтар,
Иә, Алла, жарылқай гөр, Мұхаммед.
Көңіліме салып ғашық пен махаббатты іләйім,
Ғашық қылғыл мені өзіңе, Мұхаммед.
Мәжнүн сипат кештім екі жаһанды,
Диуана қыл, жарылқа мені, Мұхаммед.
Өлтір, күйдір, әр мехнатқа салғыл,
Қиямет күні жаза қыл, сүйем сені, Мұхаммед.
Үнемі үмбет дедің көрмей рахат,
Бар кереметі өзіңсің, қайғырып қайтем, ей, Мұхаммед.
Үмбетім деп күндіз-түні жеді қасәрет,
Көкіректегі шерді шығарарсың, ей, Мұхаммед.
Үмбеттің күнәсін ойлаған шаһтың шаһысың,
Қиямет күні біздейлерге жаза болмас, Мұхаммед.
Бәрінен безіп Мұхаммедтің ал ризасын,
Ей, Алла, қас қағымда ғайып болам, Мұхаммед.
Сенен жалғыз тілегім: халыйық қана құдіретім, Сала гөр менің жаныма
уайым-қайғы, Мұхаммед.
Айналайын нұр жүзіңнен, ей, Алла,
Бір тамшыдан дайриядай тасыт мені, Мұхаммед.
Жол берушы Рахман Рахим Ғаффар-Саттар,
Жолға тастап шарменде қылма, Мұхаммед.
Әуел бастан бір тамшы шарап маған нәсіп болған,
Ұдайы сіздің даналығыңызды мадақтайын, Мұхаммед.
Қызыл шарап ұсынды Пір Мұған кеп,
Жақсылық ниетпен жарылқайды Мұхаммед.
Мақсатыма жеткізе гөр, ей, халайық,
Мен тілеймін жұпар иіс жеткізе гөр, Мұхаммед.
Пердені ашып жүзімді жарық қыла гөр,
Мен пендең саған серік, Мұхаммед.
21 хикмет
«Әл кәззаб ла үммати» деді білең Мұхаммед,
Алдамшылар қауымын үмбетім демес Мұхаммед.
Тура жүрген құлды, адал жүоген жолды,
Дұрыс жүрген құлды үмбет дегей Мұхаммед.
Әр кім үмбетпін десе, расул ісін қолдаса,
Шапағат күні туса махрұм қаймас Мұхаммед.
Тәңірі тағала сөзін, Расул алла сүннетін,
Иланбаған үмбетін үмбетім демесе Мұхаммед.
Үмбетпін деп жүрерсің, бұйырғанын қылмассың,
Қалай үміт етерсің, онда ескермес Мұхаммед.
Күнәһардың халі мүшкіл-дүр үмбетімін демесе,
Махшарда расуа боларсың, үмбетім демес Мұхаммед.
Үмбетім десін Мұхаммед, шын сөйлесін, Құл Ахмет,
Қиямет қайым болғанда махрұм қоймас Мұхаммед.
23 хикмет
Он сегіз мың ғаламға даңқы шыққан Мұхаммед,
Отыз үш мың сахабаға басшы болған Мұхаммед.
Жалаңаштар мен аштарға қанағат болған Мұхаммед,
Кемтарлық көрген үмбетке шапағат болған Мұхаммед.
Түнде жатып көз ілмей тілейтұғын Мұхаммед,
Ғаріп пенен жетімге құрмет қылған Мұхаммед.
Жолдан азған күнәћарға қамқор болған Мұхаммед,
Күні түссе әркімге пана болған Мұхаммед.
Әбу Жәћіл, Әбу Ләћәбқа саясатшыл Мұхаммед,
Көңіл кірін жуатын сау-саламат Мұхаммед.
Намаз, ораза тұтқанға рахымы мол Мұхаммед,
Тынбай тәспі тартқанға ілтипатшыл Мұхаммед.
Малғұндығын шайтанның әшкере еткен Мұхаммед,
Шариғаттың жолына жәрдем еткен Мұхаммед.
Тариқатқа бастаушы, адал болған Мұхаммед,
Хақиқаттың ақ жолын бастап берген Мұхаммед.
Жамандыққа жақсылық жасайтұғын Мұхаммед,
Ынсап берген залымға даңқы шыққан Мұхаммед.
Сәжде қылған иіліп, жалбарынған Мұхаммед,
Дұғалары қабыл боп, қанағат еткен Мұхаммед.
Бес уақыт намазға имамдық еткен Мұхаммед,
Миғраж асып барғанда құдіретті көрген Мұхаммед.
Ғарсы-күрсі базарына қамқор болған Мұхаммед,
Сегіз пейіш бәріне ие болған Мұхаммед.
Міскін Ахмет құлына мұра болған Мұхаммед,
Жетім, пақыр, ғаріпке пана болған Мұхаммед.
Сүйген көңіл аңсап алаң, Мұхаммед,
Ақ жолыңа жан садағам, Мұхаммед.
«Жаратқанға құлдық» жырын жатқа айтар
Саған үмбет барша ғалам, Мұхаммед.
Еңіреп жүріп екі жиһан кезейін,
Диуана боп, шаң сабаған Мұхаммед.
Сүйем сені, өлтір, өрте, махшарда,
Берсең жаза қанша маған Мұхаммед.
Қайтем налып, кереметім өзіңсің,
Үмбетім деп шаршамаған Мұхаммед.
Күндіз-түні қасірет жеп, шеріңді
Шығарарсың, таң самалым, Мұхаммед.
Жұртың үшін қайғыдан қан жұтар боп,
Ойлайтының біз күнәһар, Мұхаммед.
Қиямет күн біздейлерге жаза жоқ,
Шаһтың шаһы, сайыпқыран Мұхаммед.
Бәрін тастап Мұхаммедтен алғыс ал,
Қас қағымда ғайып болам, Мұхаммед.
Ел, құдірет – деп, жалғыз тілек – тұтынды ол.
Жапа-шермен жасыт мені, Мұхаммед.
Сізге Аллам, теңіз еттім жасымды,
Дариядай тасыт мені, Мұхаммед.
Жол иесі Ғафур, Саттар жар болғай,
Кетпе тастап, алып қыран Мұхаммед.
Шарапатың нәсіп, маған әуелден,
Даңқың мақтау кәсіп маған, Мұхаммед.
Қызыл қымыран ұсынды кеп Пір Мұған,
Жақсылығын тасытты әман, Мұхаммед.
Мақсатыма жеткіз мені жан Аллаһ
Жұпар иіс шашып маған, Мұхаммед.
Пердені ашып жүзіңді жарық қыла гөр,
Мен пендеңнің, ғашық саған, Мұхаммед.
Міскін Иассауи құдіретім деп жылайды
Қайта жерде басып қадам Мұхаммед?
26 хикмет
Әділетің шексіз шынында, Иә, Мұстафа Мұхаммед.
Тағатың және шымырда, Иә, Мұстафа Мұхаммед.
Аяншының мырзасы, әнбияның хатшысы
Адасқанның басшысы, Иә, Мұстафа Мұхаммед.
Иә, сен ынталы, хақ айтты сен жомартсың,
Сенің иең ең ұлы, Иә, Мұстафа Мұхаммед.
Құдіретің де ең ұлы, маңайыңда сен Мүкәррам
Әнбияға ең жақын, Иә, Мұстафа Мұхаммед.
Сен, Хақтың жүрегіне, ақиқатқа лайық
Халайықтың жебеушісі, Иә, Мұстафа Мұхаммед.
Бұл жалғанда аяншы, әулиенің хатшысы
Жын-шайтаннан мақұрым, Иә, Мұстафа Мұхаммед.
Бұлбұл құс әнін, жәннат бақ барын
Баршаға айттың, Иә, Мұстафа Мұхаммед.
Ғарыш-күрсі асқан хазіретіне ұласқан
Тоқсан мың рет айтысқан, Иә, Мұстафа Мұхаммед.
Жер-көк болар мамырың, сахабалар мануәрің
Барлық үмбет білетін, Иә, Мұстафа Мұхаммед
Әркімге болса мерейің, көтерер Хақ азабын
Ғалам сенің еркіңде, Иә, Мұстафа Мұхаммед.
Әркім саған сыйынар, тамұқтан ол құтылар
Жұмаққа қарай ұласар, Иә, Мұстафа Мұхаммед.
Жанымды пида, етсем, құмарлықпен кетсем
Арман жоқ еді өлсем, Иә, Мұстафа Мұхаммед.
Сонда да көп күнәм, кешіргейсіз Илаһым
Сенсің менің панам, Иә, Мұстафа Мұхаммед.
Мен құлмын не қылайын, шапағатын көрейін.
Үмбетің мен болайын, Иә, Мұстафа Мұхаммед.
Үмбетің сенің болғандар, шапағатыңды көргендер
Ақыры пейіш болғандар, Иә, Мұстафа Мұхаммед.
Ахмет мұраты сенсің, зікір мен шады сенсің,
Істер істеу сенсің, Иә, Мұстафа Мұхаммед.
|