Лекция тезистері 1 тақырып Кіріспе Дін Діннің пайдалары Діннің пайда болуы туралы теориялар



бет10/59
Дата08.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#72484
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59
51 хикмет



Мұхаммедтi бiлгейсiң: заты оның араб дүр,
Тариқаттың жолдары о бастан күллi әдеп дүр.
Хақиқатты бiлмесе адам емес дүр,
Бiлсеңiз ол еш нәрсеге ұқсамас дүр.


Әлемде теңдесi жоқ екенiн бiлiңiз,
Шәк-шүбә келтiруге болмайтынын сезiңiз.
Қаһарланса қылар жермен жексен,
Зiлзала болар iлезде жер мен аспан.


Рақым қылса бiлiңiз рахметi бар,
Берер болса таусылмас нығметi бар.
Мұхаммедтi сипат қылсам тiл жетпес,
Анасының аты Әмина, одан ешкiм өтпес.


Атасының аты оның Абдолла екен,
Анадан тумай жатып өлген екен.
Мұхаммедтi бабасы сақтап келген екен,
Аш-жалаңашқа қол ұшын берген екен.


Бабасын бiлсеңiз Абду-л-Мутталиб,
Көңiлiңе сақтағайсыз жақсы бiлiп.
Бабасының атасы едi Һашим,
Естiгенде ағады көзден жасым.


Бiлiңiз: төртiншi дүр Абду-л-Манаб,
Оларды бiлгендердiң көңiлi дүр ақ.
Расулды бiлсе кiм төрт-бес жасынан,
Қияметте орын алар сегiз бейiш қасынан.


Бабасы жетi жаста өлiптi,
Расулды ағасына берiптi.
Әбутәлiп Алидiң атасы дүр,
Араб қауымының ұлығы дүр.


Әбутәлiп бола дүр iс басында,
Мұхаммед болар дәйiм қасында.
Мұхаммедтiң жасы он жетiге келдi,
Сол уақытта Хадиша оны көрдi.


Мұхаммедтi бiлсеңiз бейне сұңқар,
Хадиша оны көрiп болыпты зар.
Хадиша көңiлiнде оны шын сүйе дүр,
Мұхаммедке ғашықтықтан iшi күйе дүр.


Күндiз-түнi iздедi оның тұрағын,
Бiлсеңiз ақыр тапты мұратын.
Көрiңiздер құданың тапқан жүйесiн,
Мұхаммед баққан екен оның түйесiн.


Хадишаға Расул жалшы болыпты,
Ақырында қосылып оны алыпты.
Хадишаның құдай бағын ашыпты,
Расулдың басына асыл дүрлер шашыпты.


Расулдың жасы қырыққа жетiптi,
Сол кезде құдайдан хабар келiптi.
Одан соң Мұхаммед болды патша
Расулдың көңiлiне жар болды Алла.


Мұхаммедтiң iсiн Алла оңдады.
Барша халайық иманымен қолдады
Расулдың басында болды ағасы,
Кемел тапты отыз үш мың сахабасы

Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) адам баласын дүние мен ахиретте бақытқа, бейбітшілікке жеткізетін, қияметке дейін өзгеріссіз жалғасатын ислам дінін қалдырды.
Ислам діні Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбар қайтыс болмай тұрып, бүкіл Араб түбегіне таралды. Араб түбегіндегі барлық халықтар мұсылман болды.
Хазіреті Мұхаммедтің әкелген ислам діні, дүние жүзіне үлкен төңкеріс жасады. Қараңғылық торлаған мына надан дүниеге нұр шашып, ақыл мен парасаттың ұрығын септi. Осы кезеңнен кейін әлем өркениетінде үлкен төңкеріс басталды. Яғни жер бетінде жаңа бір өркениет, жаңа бір дін қалыптасты. Ол – ислам өркениеті, ислам діні болатын.
Хазiретi Мұхаммедтің (ғ.с.) өмірі пәк болатын, таза киініп, таза жүретін. Ол руханиятымен, көркем мінезімен, адамгершілігімен тек өзінің үмметтеріне ғана емес, бүкіл адам баласына үлгі болған. Пайғамбар өз үмметтерінің денесі де, руханияты да таза, пәк болуын қалайтын.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) ћижри 9 жылы мұсылмандардың басшысы бола тұра қарапайым өмірді қалады. Сондай-ақ ол бес уақыт парыз намаздардан тыс әр күні сүннет, нәпiл намаздарын оқып, тақуалық жағынан мұсылмандарға үлгі болатын. Пайғамбарымыз кейде түнімен, кейде түннің жартысына дейін уақытын намаз оқумен өткізетін.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) Шағбан, Рамазан айларымен қоса Мұхаррам, Шәууәл айларының кейбір күндерін оразамен өткізетін.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбар түнімен намаз оқитын. Дүние қызығынан аулақ, әрдайым көңілі пәк жүретін. Ол:“сенің келер, өткен күнәларың кешірілмеді ме?” - дегендерге -“шүкір еткен бір құл болмаймын ба !?” - дейтін. Сондай-ақ ол: “қарыз ақшамнан басқа ¦хұд тауындай алтыным болса, үш түн өткеше ол ақшадан жаныма біреуін де қалдырмайтын едім ”, - дейтін.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) өте кішіпейіл, еңбекқор, көңілі пәк, ешкімді ренжітпейтін адам болған екен. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.)тiң ахлағы жайлы Әбу Сайд әл-Хұдри: “Расулуллаћ түйені байлайтын, оған жем беретін, үй сыпыратын, аяқ-киім тігетін, киімін жамайтын, қой сауатын, қызметшісімен бірге ас ішетін, ұн үгітіп, шаршаған қызметшісіне көмектесетін, базардан зат алып үйіне келуге арланбайтын, бай-кедей барлығының қолын қысатын, алдымен өзі сәлем беретін, шақырған адамның бетін қайтармайтын, бір құрмаға бола шақырған жерден қалмайтын, оның мінезі жұмсақ, жомарт, адамның көңілін таба білетін, жылы жүзді еді. Қарқылдап күлмейтін, қарапайым, жомарт, нәзік жанды адам болатын. Әрдайым тәфәккүр (ой) ішінде жүретін, мейірімді болатын. Ешқашан тоя жеп кекірмейтін, ашкөздік етпейтін ”, - дейді.
Сопылық жол Хазiретi Мұхаммедтің (ғ.с.) ахлағынан, оның іс-әрекеті мен сөздерінен бастау алады. Ахмет Ясауи де Мұхаммед пайғамбардың әрбір сөзін, іс-әрекетін өзіне өнеге қылып, солай өмір сүруге тырысқан. Тіпті Мұхаммед пайғамбардың дүниеден көшкен жасы - 63 жас болғанына байланысты 63 жас - пайғамбар жас, сүннет деп бiлiп, жер астына түскенін баршамыз білеміз. Міне, бұл Ахмет Ясауидің Мұхаммед пайғамбарды сүйіп, өзiне рухани жолбасшы тұтқанын көрсетеді. Бұл – оның Мұхаммед пайғамбарға деген шексіз құрметі мен сүйіспеншілігінен болса керек. Ардақты пайғамбардың көркем мінезі мен парасатты сөздерін Құранмен қатар мүлтіксіз үлгі тұтқан Әзіреті Сұлтан өзінің әйгілі шығармасында ардақты пайғамбардың асыл мiнезi мен көркем ахлағын, жеке кемеңгер тұлғасын былай деп дәрiптейдi:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет