«Бисмиллаћи-р-рахмани-р-рахим. Ей адамдар! Айтқаныма зер салыңдар. Бәлкiм биылдан соң сендермен бұл жерде жүздеспейтiн шығармын. Халайық! Бүгiнгi күн, осы ай, мына қала (Мекке) қаншалықты қасиеттi болса, мал-жандарың, ар-намыстарыңыз да да соншалықты қасиетті, зорлық атаулыдан қорғалған. Сахабаларым! Раббыларыңмен қауышатындықтарың хақ және осы дүниедегi бүкiл амал-әрекеттерiңiз үшiн жауап беретiнiңдерiң де бiлiңдер. Мен орталарыңнан кеткеннен кейiн баяғы бiтпейтiн ұрыс-керiске, дау-дамайға қайта бой алдырып, бiр-бiрiңнiң қандарыңды жүктеушi болмаңдар. Осы өсиетiмдi естiгендер естiмегендерге жеткiзсiн. Бәлкiм естiмеген адам бұл жерде менiң осы сөздерiме куә болып естiген адамнан да жақсы түсiнiп, жадында сақтауы мүмкiн. Сахабаларым! Қолдарыңды әлдебiреудiң аманат болса, қылдай қиянат жасамай, басы бүтiн иесiне табыстасын. Пайыздық, өсiмнiң барлық түрiне тиым салынды. Тек нақты қарызды қайтарған жағдайда, басқаға зұлымдық жасамайсыңдар, әрi өздерiң де зұлымдық көрмейсiңдер. Аллаћтың әмiрiмен бұдан былай өсiммен пайда табуға тиым салынды. Надандық жайлаған қараңғы кезеңiнен қалған бұл әдет мұнан былай жойылуға тиiс. Ей халқым! Қараңғылық кезеңiнен қалған қан дауына да осы жерде нүкте қойылды. Бiрiншi болып атам Әбдiмүтәлiптiң немересi, немере ағайыным Рабияның қан дауын жойдым. Ей жарандар! Бүгін шайтан сендердiң топырақтарыңда қайта үстемдік құра алмайды. Бірақ сендер қалдырған мирасымнан басқа қандайда бір ұсақ-түйек істерде оның алдауына түсетін болсаңдар, соның өзі оны қуантады. Дініңді қорғау үшін бұлардан сақ болыңдар! Ей адамдар! Әйелдердің хақын қорғауыңларыңды және осы мәселеде Аллаћтан қорқуларыңды ұсынамын. Сендер әйелдерді Аллаћтың аманаты ретінде алыңдар, олардың ары мен намыстарын Аллаћтың атына сөз беріп, қабылдап, жар еттіңдер. Сендердің әйелдерде хақтарыңның болуы сияқты, олардың да сендерде хақтары бар. Сендердің әйелдердегі хақтарың: ол отбасын сендердің қандайда бір жақтырмаған бөгде адамдарға таптатпауы тиіс. Ей мүміндер! Сендерге бір аманат тапсырып барамын. Егер оған берік болып, айырылмасаңдар ешқашан адаспайсыңдар. Ол аманат - Аллаћтың кітабы Құран. Мүміндер сөзімді мұқият тыңдап, жадыңа сақтаңдар! Мұсылман мұсылманға бауыр, сондықтан да мұсылмандар бір-бірімен туыс, бауыр. Діні бір бауырларымыздың қандай бір хаққына қиянат етсеңдер, егер өзі жан ризашылығын білдірмесе, ол сендерге арам саналады. ¤йткені жанның да сендерде хаққы бар. Ей, адамдар! Аллаћ Тағала, әрбір жанға Құранда хақ берген. Мұрагерге өсиет етудің қажеті қанша... Бала кімнің төсегінде пайда болса соған тән. Зина жасағандар Аллаћтың рахметінен махрұм қалады. Әкесінен басқа қаннан тудым дегендер тексіз немесе Аллаһтан басқа бұтқа табынғандар опасыз, Аллаћтың азабына, періштелердің наласына, сонымен қатар барлық мұсылмандардың қарғысына ұшырасын! Аллаћ Тағала, мұндай адамдардың тәубесін де, әділет пен куәліктерін де қабылдамайды. Ей, адамдар! Жаратушымыз бір, бабаларың да бір, бәрің Адам атаның баласы болып табыласыңдар. Адам ата топырақтан жаратылған. Аллаћқа ең көп құрмет көрметкендерің Аллаћ тарапынан ең қадірлі, құрметті орынға ие боласыңдар. Араб ұлтының басқа ұлттардан ешқандай артықшылығы жоқ. ¦лттың ұлттан артықшылығы Аллаћқа деген құрметімен өлшенеді. Ей, адамдар! Ертең мені сендерден сұрайды. Сонда не деп жауап бересіңдер? Сахабалар: - “Аллаћтың алдындағы елшілік міндетін орындады, бізге өсиет, уағыз-насихат айтты” дейміз, - деп жауап берген кезде Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбар сұқ саусағын көкке көтеріп, кейіннен жиылған топқа қарай төмен түсіріп, былай деді: Куә бол ей, жаратқан ием! Куә бол ей, жаратқан ием! Куә бол ей, жаратқан ием! Сосын бұл құтбадан кейін: Бүгін діндеріңді толықтырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге ислам дінін қоштап, ұнаттым (Мәидә, 3) – деген аят түскен. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) 63 жасында Аллаћтың рахметіне бөленіп, ћижри* 11, милади 632 жылы раби-у-л-әууәл айының 12-күні дүйсенбіде (милади 8-маусым) Мединеде қайтыс болды.
Кемеңгер бабамыз Ахмет Ясауи толғауында адамзаттың ардақтысы Мұхаммед пайғамбардың өмiрiне бiршама өлең жолдарын арнаған: