Лекция тезистері 1 тақырып Кіріспе Дін Діннің пайдалары Діннің пайда болуы туралы теориялар



бет48/59
Дата08.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#72484
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   59
Байланысты:
Ясауитану лекция А.Бейсенов (1)

Адал еңбек ету. Әрбір мұсылман ешкімге жүк болмай, Құран Кәрімдегі «дүниедегі несібеңді де ұмытпа» (Қассас-77) - аятына сай табан ақы маңдай терiмен еңбек етуге мiндеттi. Әрине, мұсылмандық жол бойынша Аллаһты, ахирет күнiн ойлау маңызды орында, дегенмен, бұл дүниелiк тiршiлiгiн де ұмытпаған жөн. «Сендердің қайырлыларың, - дейдi, Хазiретi Мұхаммед (ғ.с), - тіршілігі үшін ахиретін тастамаған, әрі ахиреті үшін тіршілін де ұмытпаған, екеуіне қатар құлшынған және басқаларға ауырпалық салмағандарың».
Ал көңiл жолы арқылы Хаққа сапар шеккен құдайдың пенделерiн «екі қолы істе, көңілі мен жүрегі Аллаћта болған адамдар», - деген сөз орынды айтылған. Тiптi түркi сопылығының iргесiн қалаған ясылық Ахметтiң қылуеттiк өмiрiнде ағаштан жонып қасық, ыдыс-аяқ жасағанын халық арасындағы аңыздардан бiлемiз.
Ғылым және бiлiм. Хазiретi Мұхаммед пайғамбарға алғаш құдайдан келген бұйрық «оқы» екендiгi баршамызға аян. Мүмкiн бұл Орта ғасырлық кезеңде ғылым, бiлiм жөнiнде алғаш айтылған сөз болса керек. Демек, мұсылмандық жол – бiлiм жолы, ал сопылық – рухани бiлiм жолы. Ислам діні бойынша әрбір мұсылманның білім іздеуі парыз екендiгi шариғат үкiмдерi бойынша анық дәлелмен белгiленген. Оған адамзат баласына алғаш келген аяты - «оқы» деп басталатын Құраннан да, «бесіктен қабірге дейін білім ізде» - деген хазiретi Мұхаммедтiң (ғ.с) хадистерінен де көптеген мысалдар келтіруге болады.
Ахмет Ясауидің Пақырнамасындағы шариғат мақамдарының жетіншісі - «ғылым үйрену».
Құл Қожа Ахмет ғалымдарға қызмет істе,
Ғалымдардың сөзін естіп амал істе.
Амал істеп, Хақ жолына жаныңды бер,

Өткен тақырыптарда баяндалғаны сияқты Ахмет Ясауи Аллаћқа тек ғашық болу арқылы қауышуға болатынын түсіндірсе, мұның жанында “ғаріптік” арқылы жетуге болатынын да айтады немесе Аллаћқа ғашық болған пенде ғаріптікті сезіну керек. «Дүниеде ғаріп не жолаушы бол» - деген ардақты Пайғамбардың сөзiне орай Ахмет Ясауи ғаріптікті сүннет деп білген.




Мәдинаге Расул барып, болды ғаріп,
Ғаріптіктен азап тартты күйіп жанып,
Жапа тартып, Жаратқанға болды жақын,
Ғаріп болып, ауыр жолдан астым міне.

Сондықтан Диуани Хикметте орын алған “ғарiптiк”, “топырақ болу” - Аллаћқа жақындаудың тура жолы және бұл – көңiл тәрбиелеудiң бiр жолы болса керек, тiптi өзін де ғаріп, топырақ ретінде көреді.




Ғаріппін ешкімім жоқ, бишарамын ћәм пақыр,
Сенен өзге кімім бар, рақым ет сен (Аллаћ) таң сәріде.

- деп өзінің бейшаралығын сезініп, рақымды тек Аллаћтан ғана күтеді. ¤йткені оны Аллаћтан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғаріп қылып, жалғыздыққа итермелейтін күш – Аллаћ ғашықтығы, махаббаты.


Міне, Ясылық ұлы бабамыз Аллаћқа ғашық болу, өз нәпсісін тәрбиелеп, өзін ғаріп, топырақ санау және пақыр, жетімдерді қолдау арқылы, инсан камиль (кемелденген адам) болу жолын көрсеткен.
Сопылық философия бойынша кемел адамдар (инсан камиль) болмағанда әлем жаратылмас еді. Әлемнің тіршілігі мен жауапкершілігі осы кемел адамдарға байланысты. Кемел адамдар қоғам руханиятының кепілі. Ал осы сопылық кемелдікке жеткендерге «өлместен бұрын өлгендер» дейді.
Сопылық дүниетанымда өлімнің өзіндік ерекше орны бар. Ясауи түсінігінде өлім ешқандай жоқ болу, жоғалу сияқты қорқынышты нәрсе емес. Оған Ғаззалидің : «өлімнің ақиқатын түсіну үшін, өмірдің мәніне жету керек, ал рухты білмей отырып, өмірді тани алмайсың» - деген атақты сөзін келтіруге болады.
Ясауи ілімінде нәпсі жамандықтың, ал рух болса жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандықтың бірге болуы мүмкін болмағаны сияқты, нәпсі мен рухтың қатар өмір сүруі де мүмкін емес. Екеуінің бірі ғана өмір сүруі керек. Ал рухтың өмір сүруі үшін, нәпсінің өлуі шарт. ¤йткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының ашылуында жатыр. Рух тазалығынан мақсат, ғашық мәртебесіне ұласып, Хақ дидарын көру болып табылады.

«Муту қаблә ән тамуту» топырақ болмақ,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет