Дін этнологиясы. Дін этнологиясы - діни культті, әдет-ғұрыпты және салт-дәстүрлерді, қоғамның діни, мәдени элементтерін зерттейтін сала.
5. Дін түрлері (Діндердің классификациялануы)
Қазіргі кездегі дін зерттеушілері, этнолог-теологтар, социолог және дін тарихшылары әлемдегі діндерді географиялық аймағын, діндердің халықтар арасына таралу барысын және діндердің сенімі мен құрылысын негізге ала отырып көптеген сыныптарға бөлген. Мәселен, дін социологы Ж.Ваш діндерді құрушысы бар (буддизм, жайнизм, конфуцианизм т.б.) және дәстүрге негізделген (индуизм, синтоизм, тәңiршiлдiк) діндер деп бөлсе, А.Шиммель алғашқы қауымдық (тайпалық) діндер (га, маори, аину, инка), ұлттық діндер (иудаизм\яћудилік, индуизм, жайнизм, конфуцианизм т.б.) және әлемдік діндер (буддизм, христиан және ислам) деп бөледі. Сонымен қатар діндерді сеніміне байланысты политеистік (көп тәңіршілдік: синтоизм, ежелгі грек, ежелгі рим діндері), монотеистік (бір тәңіршілдік: ислам, яћудилік (иудаизм)) деп бөлгенімізбен, бұл барлық діндерді қамти алмайды. ¤йткені әлемде құдай сенімі кездеспейтін діндер (буддизм, жайнизм) де бар.
Тағы да діндерді халықтың этникалық орналасуына байланысты былай сыныптауға болады:
Орта Шығыс немесе Семит діндері: яћудилік (иудаизм), христиан және ислам;
‡нді діндері: индуизм, буддизм, жайнизм, сикхизм;
Қытай-жапон діндері: конфуцианизм, даосизм, синтоизм.
Ал мұсылман ғалымдары Құран негізі бойынша діндерді илаћи немесе хақ (Аллаћтан келген: яћуди, христиан және ислам) және адамдық немесе бос (адамдардың өздері шығарған: буддизм, индуизм, конфуцианизм т.б.) діндер деп екі топқа бөлген. Ал илаћи діндердің өзін негізі бұзылған (яћуди, христиан) және негізі бұзылмаған (ислам) деп екіге бөледі.
Әдебиеттер тiзiмi:
А) Негiзгi әдебиеттер
Хизметли С. Дiнтану. Шымкент, 2001
Есiм Ғ., Артемов А., Қанаев С., Бiләлов Г. Дiнтану негiздерi. Алматы, 2003
Кислук К., Кучер О. Религиоведение. Ростов, 2003
по.ред.Писманик М. Религия в истории и культуре: учебник для студентов. Юнити, 2000
Ислам энциклопедиясы, Алматы, 1995
Яблоков И.Н. Основы религиоведения. Москва, 1994
Максуд Р. Религии Мира Ислам. Москва, 2000
Ә) Қосымша әдебиеттер
Түркiстан халықаралық энциклопедиясы,Алматы, 2000
Есім Г. Суфизмге кіріспе/Сана болмысы/Саясат пен мадениет туралы ой. Алматы, 1998
Иасауи жолы, журналы, Түркiстан, 2004
Бүгiнгi дiнтану мәселелерi, Түркiстан, 2004
Н.Шакузадұлы; Ж.Ералиева, Әдептiлiк қағидалары, Алматы, 2000
Cebecioglu E., Tasavvuf Terimleri ve Degimleri Sozlugu, Ankara, 1997
Б)Web сайттар
www.muslima.narod.ru
www.religio.ru
www.religion.ru
www.religiovedenie.ru
Достарыңызбен бөлісу: |