Лекция тезистері 1 тақырып Кіріспе Дін Діннің пайдалары Діннің пайда болуы туралы теориялар


Хазіретi Мұхаммед пайғамбардың өмірі



бет8/59
Дата08.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#72484
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59
Байланысты:
Ясауитану лекция А.Бейсенов (1)

3.Хазіретi Мұхаммед пайғамбардың өмірі
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) 570 (571) жылы яғни піл жылы рабиу-л-әууәл айының 12-жұлдызына қараған дүйсенбінің таңында дүниеге келді. Әлем Хазіреті Мұхаммедтiң дүниеге келуімен адамзат еш көрмеген және көре алмайтын зор төңкеріс пен надандықтан құтылу дәуіріне кірді. Адам баласының рухын қарайтып кірлеткен ахлақсыздық, зұлымдық пен надандық тәрізді адамды хайуаннан да төмен түсіретін жамандықтар ортадан айыға бастады. Сонымен қатар Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) туылғанда Кисра сарайының 24 діңгегі құлағанын, Мәжусилердің оттары сөнгенiн және Сәуә көлі құрғап кеткенiн тарихи жазбалардан бiлемiз.
Хазiретi Мұхаммедтiң әулеті Құрайш руының Хашим ұлдарынан еді. Оның жанұясы тұрғысынан өз ішінен абзал отбасынан болатын. Әкесі - Абдуллаћ, шешесі - Әмина. Дегенмен, Хазiретi Мұхаммедтiң туылуынан 2 ай бұрын әкесі Абдуллаћ, 6 жасында шешесі Әмина қайтыс болған. Жас Мұхаммед 8 жасына дейін атасы Әбдiмүттәлiптiң қолында қалды. Құрайштың белдi ақсақалдары саналатын Әбдiмүттәлiп адамгершiлiгi мол, жомарттығымен, мәрттiгiмен аты шыққан, сабырлы, ақылды, түсiнiгi мол жан болған. Немересi Мұхаммедтi қайда барса қасынан тастамай алып жүрдi. Әбдiмүтәлiп милади* 578 жылы сексеннен асқан шағында мәңгiлiкке көз жұмды. Мұхаммедтi (ғ.с.) немере ағасы Әбу Тәліп жанына алды. Хазiретi Мұхаммедтiң осылайша балалық шағы тап-таза және жетімдікпен өтті. Оның жасөспірімдік, бозбалалық, бойдақтық және үйлі барандық өмірі де ешкімге нәсіп болмаған үлкен абыройлықпен өтті. ¤мірінде ешбір өтірік айтпады, айлакерлік істемеді. Оны дос-дұшпандары Мұхаммеду-л-Әмин (сенімді Мұхаммед) деп атайтын болды.
Ол 25 жасында намысты және бай жесір әйел болған 40 жастағы Хадиша анаға үйленді.
Хазiретi Мұхаммедтiң 3 ұлы, 4 қызы болған. ¦лдары: Қасым, Абдуллаћ, Ибраћим, ал қыздары: Зейнеп, Руқия, ‡ммү Гүлсім және Фатима.
Балаларынан Ибраћимнен басқалары осы Хадиша анадан туылған. Алайда балаларының Фатимадан басқалары Хазiретi Мұхаммедтiң тірі кезінде қайтыс болған.
Бiздiң эрамыздың 610 жылы Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) 40-қа толған тұста Хира үңгірінде ұлы Аллаћ тарапынан алғашқы уахи келдi. Жәбiрейіл хазiретi Мұхаммедке көрініп;

  • «Оқы!» - деді.

Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) қатты үрейленiп,

  • «Мен оқи алмаймын! Оқу білмеймін!», - деді.

Періште әмірді қайталады. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) тағы да:

  • «Оқу білмеймін!», -деп жауап берді. Періште қатты құшағына қысты. Сонда Хазіреті Мұхаммед:

  • «Нені оқиын?» - деп сұрады. Сол кезде періште алыстан естілген дауыстың ең тәтті ырғағымен мыналарды оқыды:

"Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол, адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен. Ол, адамзатқа білмеген нәрсесін үйреткен" (Алақ 1-5).
Алақ сүресінің бастапқы бес аяты - Хазiретi Мұхаммедке алғаш уахи болған аят. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) бұларды жүрегіне тоқып, періштенің үніне ұйи ілесіп дәл оқыды да, бөгелместен үйіне қайтты. Осылайша, адам баласына адамгершілік нәрін таттыратын ислам дінінің күні туылды.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) уахи келгеннен бастап алғашқы 3 жыл бойы ислам дінін құпия түрде жайды. Кейін Аллаћтың әмірімен халықты тура жолға, бейбітшілікке, ислам дініне ашықтан-ашық шақыра бастады.
Алғаш ислам дінін қабылдағандар Хазiретi Мұхаммедтiң жан жары - Хадиша, азат етілген құлы - Зейд, 5 жастағы немере інісі - Әли және жан досы - Әбу Бәкір Сыддық болды. Әбу Бәкірдің нұсқауымен Осман бин Аффан, Абдурахман бин Ауф, Саад бин Әбу Уаққас, Зүбейір бин Аууам, Тальха бин ‡бейдуллаћ т.б.-лар мұсылман болды.
Бірақ саналары надандыққа шырмалып, азғындаған дін дұшпандарының Мекке қаласында 12 жыл бойы ардақты Мұхаммед пен Меккелік мұсылмандарға жасамаған қастандығы жоқ-тын. Мүшріктер* Әбу Бәкір, Осман сияқты мықты, дәулеттi адамдарға еш нәрсе дей алмай, Бiләл Хабаши, Аммар бин Ясир (әкесі Ясир мен анасы Сүмеййе), Сүћейб бин Руми, Хаббаб бин Ерат, Әбу Фүкейћа т.б. сияқты жоқ-жітік, әлсіз мұсылмандарға жан түршігерлік қорлықтар көрсетті. Оларды аш, сусыз қалдырды, ұрып-соқты, ыстық құмның үстіне жатқызды, кеуделерiне тас бастырып, қатты азапқа салды. Осыған байланысты алғашқы мұсылмандардан біршамасы Хабашстанға (Эфиопия), христиан еліне көшуге мәжбүр болды.
Мұсылмандар 615 жылы 11 ер мен 4 әйел болып бір дүркін, және 617 жылы 83 ер мен 20 әйелдік екінші дүркін болып Хабашстанға көшті. Хабашстан патшасы Нажжаши барған мұсылмандарды жақсы қарсы алған.
Тіпті Меккеде мүшіріктер Хазiретi Мұхаммедтiң руы Хашим ұлдарымен қарым-қатынас жасауды үзу туралы бір-бірімен анттасты. Бірақ олар Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың құдайдың мiнтетiн орындауына кедергi бола алмады. Ол Меккеге келген рулармен кездесіп, оларды исламға шақырып отырды. Указ, Мәжәннә және Зүлмежаз атты жәрмеңкелерге барып тұрды, сол жерде кездескен адамдарға Құран оқып беріп, исламды таратуға тырысты. Құранның өрескел кереметi, адамға тартымдылығы көптеген адамдарды мұсылман еттi. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) өзіне жүктелген міндетті атқару үшін, тынбай адамдарға исламды түсіндірді. Тіпті шөл далаға шығып, ондағы тайпаларды исламға шақыратын. Ал Мекке мүшріктері де, Хазiретi Мұхаммедтi жамандап, Меккеге келген адамдарды исламнан шошытуға тырысты.
Миғраж. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) Меккеде болғанда Аллаћтың бұйрығымен Меккеден Құдысқа көтерілдi. Одан Жебiрейл періштенің бастауымен, Ақса мешiтiнен Миғражға көтерілген.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) бірінші қат көкте Хазіреті Адаммен, екінші қат көкте Хазіреті Яхия және Хазіреті Исамен, үшінші қат көкте Хазіреті Жүсіппен, төртінші қат көкте Хазіреті Ыдырыспен, бесінші қат көкте Хазіреті Ћарунмен, алтыншы қат көкте Хазіреті Мұсамен, жетінші қат көкте Хазіреті Ибраћиммен кездесті. Сол арадан Сыдырату-л-Мұнтаћаға жетті. Миғражда ұлы Аллаћ, Хазiретi Мұхаммедке үш нәрсе сыйлаған:

  1. Бақара сүресінің соңғы екі аяты;

  2. ‡ммбеттеріне Аллаћу Тағаланың жәннатқа кіруін сүйіншілеу;

  3. Күніне бес уақыт намаз оқу.

Миғражда Хазіреті Мұхаммедке он екі бұйрық берілді. Құран Кәрімде бұл бұйрықтар Исра сүресінің 22-38-ші аяттары аралығында қамтылған. Олар:
1. Аллаћтан басқаға құлшылық жасамау;
2. Ата-ананы құрметтеу және оларға бағыну;

  1. 3.Туыс-туғанға, жоқ-жітікке, жолаушыларға және қорғансыздарға көмектесу;

  2. 4. Ысырап жасап мал-мүлкті орынсыз жерге жұмсамау;

  3. 5. Балаларды өлтірмеу;

  4. 6. Зинақорлық жасамау;

7. Жазықсыз адам өлтірмеу;

  1. 8. Жетімдерге, қорғансыздарға қорған болу;

  2. 9. Уәдеде тұру;

  3. 10.Таразыны тура тарту, таразыдан жемеу;

  4. 11. ¤зің білмеген нәрсенің соңынан түспеу;

  5. 12. Жер бетінде тым асқақ кетпеу.

Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пен меккелік мұсылмандар 622-ші жылы құдайдың жазуымен Меккеден Мединеге (Ясриб) көшті. Мединеліктердің көбі ислам дінін қабылдады. Осы берекелi қала алғаш ислам қоғамы болып қалыптасқан қала болып, тарихта өшпес атын қалдырған. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) осы бiр мекенде 10 жыл пайғамбарлығын жалғастырды. Алайда Медине қаласында да Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пен Мұхажир (қоныс аударушы), Ансар (көмектесуші) мұсылмандардың көретiн тауқыметi мен қиыншылығы әлi алда болатын. Мұсылмандарға меккелік мүшіріктер, көршілес араб тайпалары мен мединелiк яћудилер қысымшылық, кемсітушілік, зорлық көрсете бастады. Мұсылмандарға тыныш, бейбітшілікте өмір сүру арманға айналып бара жатты. Сонда да Хазiретi Мұхаммед: «бізге соғысуға рұқсат берген жоқ»- деп, сабырлықпен соғысқа тыйым салды. Дегенмен құдайдың рұқсатымен қысым көрсеткендерге қарсы тойтарыс беруге ғана рұқсат етілді. Сонымен мұсылмандар ішкі (мұнафықтар мен яћудилер) және сыртқы (мүшіріктер) жауларымен қандай қиыншылық болса да күресiп бақты. Мұсылмандар Мединедегi ішкі жауларының бірі Қайнұқа, Бәни Нәзір, Құрайза яћудилерімен соғысты, оларды жеңді және сыртқы жаулары меккелік Құрайш мүшіріктеріне, Бәни Хауазин, Бәни Сақыф рулары мен сириялық христиан арабтарға өздерінің аман қалулары үшін қарсы тұрды. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пен оның сахабалары (Аллаћ олардың барлығына разы болсын) қаншама қиыншылықтарды басынан кешіре отырып, өздеріне қауіп төндірген жауларымен күрестi, барлығын да құдайдың қолдауымен сәттілік және үлкен абыроймен жеңіп отырды, Бәдiр, Ұхұд, Хайбар, Хандек, Мұте, Хұнайн соғыстары тарихтан белгілі.
Мұсылмандық найзаның ұшымен, бiлектiң күшiмен, яғни соғыс арқылы таралған жоқ, жоғарыдағы баяндалған соғыстар шарасыздықтан туған оқиғалар. Керiсiнше ислам дiнi уағыз-насихат, бейбiтшiлiк пен келiсiм, түсiнiстiк, көркем мiнез бен жоғары адамгершiлiк, қайрымдылық пен мейрiмдiлiк және бауырмалдық арқылы таралған. Мүшіріктермен жасалған Хұдайбие келісімінен кейін, сол аралықтағы бейбiтшiлiк уақытты пайдаланып, Хазiретi Мұхаммедтiң (ғ.с.) исламды шартарапқа шеберлікпен тарата білуi соның айғағы. Тіпті ардақты пайғамбар Византия, Мысыр, Хабашстан, сасаниттік Иран және алыстағы араб тайпаларына исламға шақыру хаттарын жөнелтті. Көршілес тайпаларға исламды түсіндіретін ұстаздар жібердi. Хазiретi Мұхаммедтiң асыл мiнезi мен ибалы әдебiнен үлгi алған ұстаздар (мүршид) және әз Мұхаммед жүрiс-тұрыстарымен, жылы сөздерiмен мұсылмандықты қалың араб халқына мойындатты. Олар надан халықтың жүрегіне адамгершiлiктiң, көркем мiнездiң, бейбiтшiлiктiң және кешiрiмдiлiктiң ұрығын септi. Исламды оңайлатты, қиындатпады, сүйіндірді, үркітпеді. Адамдармен сүйіспеншілік, кешірімділік қатынаста болды. Ісінде және сөзінде өзінің мейрімділік пайғамбары екенін көрсеткен Хазiретi Мұхаммедтiң (ғ.с.) осындай уағызы арқасында Меккені соғыссыз алды. Ондағы қарсылық пен зұлымдықты, надандық пен тұрпайылықты күшінен қалдырды, дүниені білімге, әділетке, ақиқатқа және бақытқа қауыштырды.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) Меккеге жасаған қажылығында үмбеттеріне қоштасу құтпасын оқыды. Осы қоштасу құтпасы деген атпен ислам тарихына енген пайғамбардың үндеуi барша мұсылмандарға, күллi адамзатқа мәңгi өшпейтiн өмiр өлшемi секiлдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет