Лекция тезистері 1 тақырып Кіріспе Дін Діннің пайдалары Діннің пайда болуы туралы теориялар



бет7/59
Дата08.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#72484
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59
2.Ислам діні
Ислам араб тiлiнде «бағыну», «мойын ұсыну», «жамандықтардан аулақ болу» т.б. деген мағыналарды береді. Жалпы бұл дiн - Хазiретi Мұхаммедке (ғ.с.) Аллаћ тарапынан уахи арқылы түсірілген соңғы және кемелденген діннің аты. Аталмыш дінді ұстанатын адамды «мұсылман» немесе «мүсілім» деп атайды.
Мұсылмандық негiзi Аллаћтың барлығына, бірлігіне, одан басқа тәңiрдiң жоқтығына, Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) оның құлы, әрі елшісі екендігіне сенуден тұрады.
Құран Кәрімде: "Аллаћтың қасында шынайы дін ислам" (Әли Ғимран-29), "сендерге ислам дінін қоштап ұнаттым" (Мәидә-3) – дегені сияқты бұл діннің атын Ұлы Жаратушымыздың өзi берген.
Мұсылмандық сенім бойынша бүкіл пайғамбарлардың адамзатқа жеткізген діні - ислам діні. Бірақ бұл есім осылай бүкіл илаћи діндердің жалпылық аты болғанымен, Хазіреті Мұхаммедтің 23 жылдық пайғамбарлығынан кейін оның үмбеттері ұстанатын діннің атына айналды.
Осы дiннiң қасиеттi кiтабы - Құран Кәрім Аллаћ тарапынан Хазіреті Мұхаммедке (ғ.с.) уахи етілген илаћи кітап және оның ешбір сөзі өзгеріске ұшырамаған, бұл жайында да Аллаћ оны өзі қоритынын ескерткен. Бұл кітап ардақты пайғамбарға 23 жыл бойы уахи етілген, оны пайғамбар сахабаларға жаттатқан, жаздыртқан және өзі тексеріп отырған. Осылай Құранның түпнұсқасы сақталып, күнімізге дейін жеттi.
Ислам - монотеистiк дін. Бұл дінде Құдайды екілеу, үштеу, оған ортақ қосу деген нәрселер - атымен жоқ. ¦лы Аллаћқа берілген сипаттар адамдарға, жануарларға, жанды-жансыз жаратылыстарға берілмейді. Бұл дінде Аллаћтан басқа ешбір табиғатқа, табиғат құбылыстарына, қолдан жасалған мүсіндерге, рухтарға т.б. нәрселерге табынуға тыйым салынған.
Аталмыш дін бойынша монахтық, құдай мен адамдар арасына дәнекер қою, миссионерлік деген нәрселер жоқ. ¦лы Аллаћ пен құл арасында фетиш, пұт, елші, монах, періште сияқтылар арашашы бола алмайды. Керісінше құдайдың пендесi тікелей Аллаћқа жалбарынып, қалаған нәрсесін сұрай алады, дұға жасай алады.
Исламдағы сенімдер мен негіздер - адам ақыл-есiне түсінікті, анық, қабылдауға оңай, ақыл мен қисынға қонымды. Бұл дінде хулүл (аватара), танасух (реинкорнация), тумысынан күнәћар болу сияқты адамның өмір сүруіне қиындық туғызатын сенімдер кездеспейді, керісінше адамның жаратылысына сай. Ардақты пайғамбар Хазіреті Мұхаммед (ғ.с): «оңайлатыңыз, қиындатпаңыз, сүйіншілеңіз, жек көрсетпеңіз» - деп, жоғарыдағы сөзімізді қуаттайды (өмір бойы үйленбеу, ажыраспау т.б. сияқты қиыншылықтар исламда жоқ).
Мұсылмандықта адамның барлығы тең хұқылы. Бұл дін - адамның іші-тысын таза ұстауға көңіл бөлетін дін.
Баяндалып отырған дінінің басты негізі, әрі мұсылмандықтың кілті - Аллаћтың барлығын, бірлігін мойындау, оған еш серік қоспау және Хазіреті Мұхаммед (ғ.с.) оның елшісі екенін естен шығармау. Сондықтан ислам діні бір дәстүр ретінде: «Лә илаћә иллаллаћ Мұхаммадур-расулу-л-лаћ», яғни мағынасы «Аллаћтан басқа тәңiрi жоқ, Мұхаммед оның елшісі», - деген сөйлемде жинақталған. Осы қасиетті сөйлемді айтып, көңiлiмен мойындаған адам ислам дініне кірген болып есептелінеді. Мұны біз «кәлимә тәухид» деп атаймыз. Қорыта айтсақ ислам діні - Хазіреті Адамнан Хазіреті Мұхаммедке дейінгі барлық пайғамбарлардың әкелген діні.
Ислам дінінің ерекшеліктері:

  1. Ислам - соңғы дін. Осы дінді насихаттаған Хазiретi Мұхаммед те (ғ.с.) соңғы пайғамбар. Ислам дінінен кейін басқа дін де, пайғамбар да келмейді.

  2. Ислам - әлемдiк дін. Әуелгі пайғамбарлардың үгіттеген діні белгілі қауымға жіберілген болса ислам діні бүкіл адамзатқа жіберілген дін.

  3. Ислам дінінің үкімдері бүкіл адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететіндей етіп керемет қамтылған. Осы себепті өзге дінге қажеттілік жоқ.

  4. Ислам діні өзінен бұрынғы Аллаһ Тағала тарапынан жіберілген пайғамбарлармен құдайлық қасиетті кітаптарды растайды.

  5. Ислам діні әуелгі пайғамбарлардың үгіттеген діндердің үкімдерін жаңалайды. Өйткені, ол үкімдер тек қана бір немесе бірнеше қаумға жіберілген еді. Алайда ислам діні бүкіл адамзатқа жіберілген дін және қиямет қайымға дейін өзінің негізін сақтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет