Антропометриялық тексерулер нақтылы спорт түрінің көрнекті өкілдері үшін тән морфологиялық түрде спорт мектептерінің оқу-жаттығу және спорттық шеберлігін жетілдіру топтарына қабылдау үшін үміткерлердің қаншалықты сәйкес келетінін анықтауға мүмкіндік береді. Спорттық тәжірибеде спортшылардың морфологиялық түрлері туралы (бойы, дене салмағы, дене құрылысының түрі және т.б.) белгілі бір мағлұмат қалыптасқан. Мысалы, баскетболда, жеңіл атлетикалық лақтыруда, академиялық есуде биік бой қажет, ал марафонға жүгіруде адамның бойының елеулі маңызы жоқ және т.б.
Медициналық-биологиялық зерттеу денсаулық жағдайына, дене дамуына, шұғылданушылардың дене дайындығына баға береді. Медициналық-биологиялық зерттеу процесінде елеулі жаттығу жүктемесін орындағаннан кейін балалар ағзасында қалпына келу процесінің сапасы мен созылу ұзақтығына ерекше назар аударылады. Дәрігерлік тексеру балалар мен жас жеткеншектердің қайсы бір емдеу-сақтандыру шараларын қажет ететінін нақтылау үшін де қажет.
Педагогикалық бақылау сынақтары (тесттер) жеке тұлғаның таңдаған спорт түрлерінде табысты мамандануы үшін қажетті дене сапалары мен қабілеттерінің нақтылы шамасы туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді. Дене сапалары мен қабілеттерінің арасында жоғары спорттық нәтижелерге жетуді анықтайтын консервативтік деп аталатын, генетикалық себепші болатын қабілеттері мен сапалары бар. Оларды жаттығу процесінде дамытуға және жетілдіруге үлкен еңбек қажет етіледі. Бұл дене сапалары мен қабілеттері спорт мектептерінің оқу-жаттығу топтарына балалар мен жас жеткеншектерді іріктеуде маңызды болжағыштық мәні бар. Олардың құрамына шапшаңдықты, қатынастық күшті, кейбір антропометриялық көрсеткіштерді (дененің құрылысы және пропорциялығы), оттегіні максимальды пайдалану қабілетін, ағзаның сезім жүйелері қызметінің үнемділігін, спортшы жеке тұлғасының кейбір психикалық ерекшеліктерін жатқызуға болады. 18 – кестеде әртүрлі спорт түрлеріндегі іріктеудің бастапқы сатыларында қолдану мақсатқа ылайықты болатын бақылау сынақтарының (тесттерінің) кешені берілген.
18-кесте
Әртүрлі спорт түрлеріндегі іріктеудің бастапқы сатысында қолдану мақсатқа ылайықты болатын бақылау сынақтарының кешені.
Р/с
|
Спорт түрлері
|
30м жүгіру
|
5 мин.
үзіліс
сіз жүгіру
|
10 сек бір орын
да жүгіру
|
Ерсілі-қарсылы жүгіру 3х10 м
|
Бір орыннан ұзындыққа секіру
|
Бір орыннан биіктікке секіру
|
Белтемірге тартылу
|
Тығыздалған допты лақтыру (2кг)
|
|
Бокс
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
|
Дзю-до,еркін күрес
|
+
|
++
|
-
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
|
Ауыр атлетика
|
++
|
-
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
|
Семсерлесу (фехтование)
|
++
|
-
|
++
|
++
|
++
|
++
|
+
|
++
|
|
Қазіргі заманғы бессайыс
|
++
|
++
|
+
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
|
Велосипед спорты
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
+
|
++
|
|
Баскетбол
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
-
|
++
|
|
Волейбол
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
-
|
++
|
|
Гандбол
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
+
|
++
|
|
Теннис
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
+
|
++
|
|
Көгалдағы хоккей
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
+
|
++
|
|
Су добы
|
++
|
++
|
-
|
++
|
++
|
++
|
+
|
++
|
|
Суға жүзу
|
++
|
++
|
-
|
+
|
++
|
++
|
++
|
++
|
|
Синхронды жүзу
|
+
|
++
|
-
|
+
|
++
|
++
|
++
|
++
|
|
Суға секіру
|
++
|
-
|
+
|
+
|
++
|
++
|
++
|
++
|
|
Спорттық гимнастика
|
++
|
-
|
+
|
+
|
++
|
++
|
++
|
++
|
|
Көркем гимнастика
|
++
|
+
|
-
|
++
|
+
|
+
|
++
|
++
|
|
Жеңіл атлетика:орта және ұзақ қашықтық
|
++
|
++
|
+
|
+
|
++
|
++
|
++
|
++
|
|
Жеңіл атлетика: спрингт, кедергілер
|
+
|
++
|
++
|
+
|
++
|
++
|
++
|
++
|
|
Жеңіл атлетика: лақтыру
|
++
|
+
|
+
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
|
Жеңіл атлетика: секірулер
|
++
|
++
|
++
|
-
|
++
|
++
|
++
|
++
|
|
Жеңіл атлетика: көпсайыс
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
|
Футбол
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
+
|
+
|
|
Хоккей
|
++
|
++
|
-
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
|
Биатлон
|
++
|
++
|
++
|
+
|
++
|
++
|
++
|
++
|
|
Шаңғы спорты
|
++
|
++
|
+
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
|
Мәнерлеп сырғанау
|
++
|
+
|
++
|
++
|
++
|
++
|
+
|
++
|
|
Коньки
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
+
|
++
|
|
Шаңғы қоссайысы
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
++
|
+
|
|
Академиялық есу
|
+
|
++
|
+
|
++
|
+
|
++
|
+
|
++
|
|
Байдаркада және каноеда есу
|
++
|
++
|
+
|
++
|
+
|
+
|
++
|
++
|
Шартты белгілер: "++" - міндетті түрде тест алу; "+" - тест алу міндетті емес; "-" - тестілеу өткізілмейді.
Іріктеу жүйесінде бақылау сынақтарын алғанда шұғылданушылардың меңгергенін ғана емес оның алдағы уақытта жасай алатындарын анықтау үшін, яғни оның қозғалыс міндеттерін шешу, қозғалыста шығармашылық көрсетуі, өз қозғалысын басқара білуі есепке алынып өткізілуі тиіс.
Көпшілік жағдайларда бір реттік бақылау сынақтары үміткердің оған ұсынылған тест жиынтықтарын орындауға бүгінгі дайындығы туралы ғана мағмұмат береді, ал оның келешектік мүмкіндіктері жайлы өте аз айтылады. Ал спортшының потенциалдық спорттық нәтижесі дене сапаларының бастапқы деңгейінен емес, арнайы жаттығу процесіндегі бұл сапалардың даму қарқынымен байланысты болады. Атап айтқанда, тек өсу қарқыны спортшының спорт түріндегі қабілеттілігі немесе қабілетсіздігі туралы куәлендіреді.
Психологиялық тексеру спортшыға спорттық күрестегі белсенділік және табандылық сияқты сапалардың көрінуін, жарыс кезінде және т.б. дербестік, мақсатқа ұмтылушылық спорттық еңбексүйгіштікті жұмылдыра білу қабілетін бағалауға мүмкіндік туғызады. Спортшыларды психологиялық тексерудің маңызды рөлі іріктеудің үшінші және төртінші сатыларында артады. Жүйке процесінің күші, қозғалмалылығы және байсалдылығы адамның орталық жүйке жүйесінің елеулі шамада табиғи қасиеті болып табылады. Көп жылдық жаттығу процесінде олар үлкен еңбектің нәтижесінде жетілдіруге келеді. Спортшылардың жарыста дербестік, шешімшілдік, мақсатқа ұмтылушылық, жарыста күш салуда өзін жұмылдыра білу қабілеттілігіне, онда сәтсіз өнер көрсеткеніне реакция беру, өзінің жігерлілік сапаларын мәреде максимальды көрсете білу қабілеттілігіне ерекше назар аударылады. Сонымен бірге спорттық еңбексүйгіштік ескеріледі.
Спортшының жігерлілік сапасын ашу мақсатында жарыстық формада бақылау тапсырмаларын беру орынды болады. Спортшының ерік-жігер күш салуын көрсету қарқындылығының көрсеткіші қысқа уақыттық күш салумен жаттығуды табысты орындауға қызмет етеді, ал табандылық көрсеткішіне арнайы жаттығуларды меңгеру үшін салыстырмалы түрде күрделі үйлесімділіктегі жаттығуларды орындау жатады. Жеке тұлғаның жекелеген қабілеттерін ғана емес, оны жан-жақты зерттеу қажет екенін атап өткен жөн. Сондықтан, ол жаттығу, жарыс процестерінде, сонымен бірге лабораториялық жағдайларда бағалануы тиіс.
Социологиялық тексеру балалар мен жас жеткіншектердің белгілі бір спорт түрімен шұғылдануға қызығушылығын, мектеп жасындағы балалар арасында бұл қызығушылықтарды қалыптастырудың тиімді құралдары мен әдістерін түсіндіру және насихаттаудың сәйкес формаларын көрсетіп ашады.
Белгілі бір спорт түрімен шұғылдануға балаларды тартудағы қорытынды шешімге келу үшін жоғарыда аталған мәліметтердің барлығын кешенді бағалауды негізге алу қажет (яғни бір немесе екі көрсеткіштердің есебінен емес). Іріктеудің бірінші сатысындағы кешенді тәсілінің ерекше маңыздылығы, мұнда спорттық нәтиже жасөспірім спортшының келешегі барлығы туралы іс жүзінде ақпар бермейді. Іріктеу процесі спорттық дайындық сатыларымен және спорт түрінің ерекшеліктерімен (сабақ басталуының мерзімі, таңдаған спорт түріндегі тереңдетіп мамандану мерзімі, біліктілік нормативтері және т.б.) тығыз байланысты.
Іріктеудің үшінші сатысында келешегі бар спортшыларды іздеу және оларды олимпиадалық дайындық орталықтарына, олимпиадалық ізбасарларын дайындайтын спорт мектептеріне және т.б. қабылдау үшін спортшылардың жарыстық қызметін сараптап бағалаумен тексеру өткізіледі. Одан әрі республикалық жарыс барысында кіші жасөспірім топтар үшін, яғни спорттық жетілдіру топтарын жасақтайтын жаста тесттен өткізеді.
Іріктеудің төртінші сатысында әрбір спорттың олимпиадалық түрінде көру үшін оқу-жаттығу жиыны өткізіледі. Үміткерлерді іріктеу келесі көрсеткіштер есепке алынып іске асырылады:
1/ спорттық-әдістік нәтижелері және олардың дайындық жылдары бойынша динамикасы (басталуы, шыңы, құлауы)-:
2/ экстремальды жағдайда жаттығуды орындау кезіндегі бекіту дәрежесі;
3/ жарыстық қызмет жағдайында спортшының кедергі жасайтын қозғаушы күштерге табандылығы және әдістік дайындық дәрежесі.
Жарыстың қорытындысы бойынша, сосын жаттықтырушылар кеңесінің кешенді тексеруінен кейін олимпиада алдындағы дайындық міндеттерін шешуге жеке көрсеткіштері сәйкес келетін спортшылар контингентін анықтайды. Облыс, Республика құрама командаларының негізгі сапына үміткерлерді іріктеу қозғалыс потенциалы, дене сапаларының одан әрі дамуы, спортшы ағзасының қызметтік мүмкіндіктерін жетілдіру, жаңа қозғалыс дағдыларын меңгеру, жоғары жаттығу жүктемелеріне шыдау қабілеттілігі, спортшының жарыстардағы психикалық табандылығы есепке алыну негізінде іске асады. Бұл сатыдағы үміткерлерді іріктеу процесінде келесі компоненттер ескеріледі: арнайы дене дайындығы деңгейі; спорттық-әдістік дайындық деңгейі; тәсілдік дайындық деңгейі; психикалық дайындық деңгейі; денсаулық жағдайы.
Еліміздің құрама командаларына үміткерлерді іріктеудің негізгі формасы спорттық жарыстар болып табылады. Мұнда тек бүгінгі спорттық нәтижелері ғана емес, олардың соңғы 2-3 жылдағы динамикасы, осы жыл барысындағы нәтижелер динамикасы, спортпен жүйелі шұғылдану өтілі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері нәтижелері деңгейіндегі өзі қатысатын спорт түрі талаптарына дене дамуы мен негізгі дене дайындығы компоненттерінің сәйкестігі ескеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |