Аудармалары. Ы. Алтынсарин И. Крыловтың «Қарға мен түлкі», «Қайырымды түлкі», Лев Толстойдан «Полкан деген ит», Дмитриевтен «Екі шыбын», Паульсынның хрестаматиясынан «Талаптың пайдасы», «Аурудан аяған күштірек», «Әке мен бала», «Жаман жолдас», «Мейірімді бала» шығармаларын аударды. Бұл шығармалардың барлығы да әрі қысқа, әрі мазмұнды. И. Крыловтан аударған «Егінің бастары» деген мысалы арқылы адамда кездесетін менмен, өр көкірек, өзімшіл, тәкаппар, қайырмыз сияқты жаман қасиеттерді көрсетеді. Адамның жат мінез – құлықтарын бейнелеп, осындай жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға шақырады. Ал, екінші жағынан, баланы қоршаған ортаға, айналаға зер салып, аңғарғыш, байқағыш, пайымдағыш, қабілет күшейтуге, қай нәрсені болса да өзінше ойлап білуге үйретеді.
Ыбырай мектебі кейін қазақ ішінде білім ошағының жүздеген жаңа орындарына негіз болды.
5. Бақылау сұрақтары: 1. Ыбырай Алтынсариннің өмірі, қоғамдық қызметі, зерттелуі.
2. Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығы.
3. «Қазақ хрестоматиясының» сипаты, мазмұны, мәні.
4. Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері, тақырыптары, мазмұны, мәні.
5. Әңгімелері, олардың тақырыптары. Идеялық-көркемдік ерекшеліктері.
6. Аудармалары.
6. Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ сұрақтары: 1. Ыбырай Алтынсариннің өмірі, қоғамдық қызметі, зерттелуі жөнінде жазылған еңбектерден конспект жасау.
2. Өлеңдері мен әңгімелері бойынша рефераттар дайындау.
3. Өлеңдері мен әңгімелерінен жаттау, талдаулар жасау.
7. Қажетті әдебиеттер: XIX ғасыр әдебиеті. Хрестоматия. Құраст. Х.Сүйіншәлиев. –А: «Ана тілі», 1992.
XVIII-XX ғасырлардағы қазақ ақын-жазушыларының шығармалары. –А: 1962.