Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж



бет68/72
Дата05.02.2023
өлшемі379,2 Kb.
#65267
түріЛекция
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
ХІХ ғас.лекц. 2

15-лекция.
1. Лекция тақырыбы: Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасы
2. Лекция жоспары:

  1. Абай өмiрi, шыққан ортасы, жастық шағы мен бiлiм алу жолы, қоғамдық қызметі, шығармашылығының зерттелуi.

  2. Абай шығармашылығына ауыз әдебиетiнiң әсерi,

  3. Шығармашылығына шығыс, батыс, орыс мәдениетiнiң, әдебиетiнiң әсерi.

  4. Абайдың лирикасы, тақырыптары.

  5. Ән өлеңдерi.

  6. Өлеңдерiндегi саяси-әлеуметтiк сарын.

4. Лекцияның мазмұны:
1. Абай өмiрi, шыққан ортасы, жастық шағы мен бiлiм алу жолы, зерттелуi.
Абай, өзі айтқандай, «соқтықпалы соқпақсыз» жерде өсті, отаршылдар билеген ауыр заманда өмір сүрді. Сол қоғамның әсерініен болған әр түрлі істерді көзімен көрді. Ол халық игілігін, болашақ қамын көздеді. Ол өз кезіндегі қоғам өміріне сын көзімен қарап, барлық қайшылықтарын көре білді.
Ел дертіне ем болар - оқу, өнер деп, оның жаңа түрін, жетілудің жолын ұсынды.
Абай 35-40 жастар шамасында өзінің ақындық талантын таныта бастайды. Ендігі оның шығармалары жаңа бағыт ұстайды. Зор идея мен тың мазмұнға негізделген соны шағырмалар бере бастады. Абай қалада айлап жатып, еліне арбалап кітап алып қайтады. Семейге айдалып келген, патша өкіметіне қауіпті деген адамдармен де кездесіп, олармен ұзақ кеңесіп, ішкі, сыртқы жағадайлар туралы хабар алып тұрады. Солардың ұсынуымен, оқуға рұқсат етілмейтін әдебиеттерді тауып оқыды. Соның нәтижесінде, Абай өзінің мақсатын түсінді, творчестволық жаңа жол белгіледі.
Абай шығармалары сыншыл реализм әдебиеті жеткен жоғары сатыға, нағыз көркемөнер сатысына қазақ поэзиясын көтере, өз шығармаларын сол биік тұрғыдан шығара білді.
Абай шығармалары надандық пен озбырлықты сынағыштығымен ғана сыншыл реализм дәрежесіне жеткен жоқ. Бұл - мәселенің бір-ақ жағы. Ал кемеңгер ақынның поэзиясындағы көркемдік нәр, нағыз әдебиетке тән суреткерлік үлгілері—түр, мазмұн жаңалықтары. Тіл ұстарту жолдары, ақындық интеллект, поэзияның қоғамдық сырын аша білуі—бәрі қосылып, Абайдың сыншыл реализм әдебиетінің өкілі дәрежесіндегі ақын екенін толық танытады. Ол әдебиеттің түрі мен мазмұнын біртұтас күйінде таныды. Оны озық демократтық, ағартушылық идеяларға ұштастыра білді. Абай ХІХ ғасыр ойшыл демократтары—Белинский, Чернышевский идеяларынан қоректенген, Гете, Байрон, Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Щедрин, Крылов салтындағы классик ақын. Солар сияқты өз елінің қылаусыз патриоты, зор гуманист жазушысы болды. Халқының сол кездегі хал-жайына қайғырып, оған шын жаны ашып, күйіне, күйзеле жыр шертті. Россия географиялық қоғамы 1906-1907 жылғы «Хабарларында» ақынның суретін және ол туралы мақала жариялады. 1914 жылы сол қоғам А.Н.Веселовскийдің құрметіне арнап шығарылған «Шығыс жинағының» үшінші бөлімінде ақынның кейбір өлеңдерін бірінші рет орыс тіліне аударып басты.
Абайтану қазір өз алдына бөлек бір ғылым болып қалыптасуында М.Әуезовтің еңбегі ерекше. Ол Абайдың көркем образын жасаумен қатар, терең ғылыми-зерттеу жұмысын да жүргізіп, абайтану ғылымының негізін салды, оның тұңғыш толық жинағын шығарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет