Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж



бет64/72
Дата05.02.2023
өлшемі379,2 Kb.
#65267
түріЛекция
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   72
14-лекция.


1. Лекция тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) өлеңдері мен әңгімелері және аудармалары


2. Лекция жоспары:
1. Ыбырай Алтынсариннің өмірі, қоғамдық қызметі.
2. Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығы.
3. Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері, тақырыптары, мазмұны, мәні.
4. Әңгімелері, олардың тақырыптары. Идеялық-көркемдік ерекшеліктері. Аудармалары.


3. Лекцияның мақсаты:
Ыбырай Алтынсариннің өмірі, қоғамдық қызметі, шығармашылығынан деректер бере отырып, оның қазақ педагогикасындағы орны мен шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктерін айқындау, ұлы педагогтың қазақ мектебін қалыптастыруы мен әдебиеті тарихында алатын орнын түсіндіру, меңгерту.

4. Лекцияның мазмұны:
1. Ыбырай Алтынсариннің өмірі, қоғамдық қызметі.
Ыбырай Алтынсарин – заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог жазушы, қазақ балалары үшін тұңғыш қазақ мектебін ашушы. Өзіндік орны бар қайраткер. Қазақтың реалистік жаңа әдебиетінің негізін салушылардың бірі.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазанның 20-сы күні қазіргі Костанай облысы Обаған ауданында туып, жасынан үлкен әкесі Балқожаның тәрбиесінде болады. Алдымен 2-3 жылдай молдадан сауат ашады. 1850-1857 жылдары арасында Ыбырай Орынбордағы қазақтар үшін ашылған алғашқы орыс мектебінде оқиды. Оны он жақсы бітіріп шығады. 1857-1864 жылдары Орынборда тілмаштық қызмет атқарған. Кейін Торғай облысының оқу инспекторы болған. Орынбор мектебінде оқыған жылдары ол орыстың классикалық әдебиетімен де жақсы танысты, Н. И. Ильминскийден дәріс алған.
1861 жылы Торғайдан мектеп ашуға рұқсат алғанмен, ол 1864 жылы ашылады. Ол ағартушылық қызметті азаматтық борышы санады. Сол кездерден өмірінің соңына дейін оқу-ағарту ісімен үздіксіз айналысты. 1879 жылы Торғай облыстық мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. Орыс-қазақ балалары оқитын училищелер ашуды да қолға алады.
Оның шығармашылығы мен ағартушылық қызметі төңкеріске дейін-ақ зерттеушілердің назарын аударған. Оның тұстастарының бірі Ф.Д.Соколов 1889 жылы қаза болуына байланысты: «Қазақ халқы оны өте құрметтейді. Орыс поселендері де оны қайырымды және әділ адам деп танитын» деп жазады.
Н.Ильминский тұңғыш естелік жазған. «Ы.Алтынсаринді еске алу» деген кітап жазған. Ол туралы көптеген қазақ ғалымдары да зерттеу жасады. М.Әуезов, С.Мұқанов, Т.Тәжібаев, Қ.Бисембиев, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Дербісалин, т.б. Олар ұстаз-жазушы шығармашылығының әр қырынан келіп жан-жақты ашуға еңбек етті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет