Лекция тезистері Синтаксис туралы түсінік


Түсіндірмелі сабақтас сөйлем



бет51/66
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#127912
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66
Байланысты:
367983 3

Түсіндірмелі сабақтас сөйлем
Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауыштары мынадай формалар арқылы жасалады.
1.Бағыныңқы сөйлем үшін шылаулы тұйық етістікке аяқталады: Қыстың ызғары өтпеу үшін, қоңыз інді терең қазады. Күзетші сезіп қалмау үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік.
2.Шартты, бұйрық және қалау рай тұлғалы етістік пен деп көмекші етістігінің тіркесінен болады: Біржан да Балбала қысылып қалмасын деп және өзгелердің көңіліне келмесін деп, Базаралыны қостап іле жөнелді (Әуезов). Миын ашытқан тоқсан түрлі қиялдан бойым сергір деп, Әсия жанып тұрған отқа қарады (Әуезов). Балташты өзімнен біржолата түңілтейін деп, ертеде басымнан өткен уақиғаны айтып салдым (Аймауытов).
3.Бағыныңқы сөйлем бол көмекшісіне тіркесіп келген –мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ,-бек жұрнақты етістікке аяқталады: Абай осының сәл алдынан өз ісінің аңарын байқамақ боп, бір таныс тілмаш арқылы жаңа келген Лосовскийге сәлем айтқан (Әуезов). Станцияға дейін салт мініп барып қайтармақ боп, Дәулет өзімізге белгілі жорғасын есік алдына байлап қойған (Мұқанов). Бүгін бірер кітабын алып шықпақ болып, өзі жалғыз кіріп еді (Әуезов).
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың өзіндік ерекшелігі сол,оның бағыныңқы сыңары мағыналық жағынан басыңқыға меңгерілмейді, белгілі бір сұрауға жауап болып, тұрлаусыз мүшелер тәріздес қызмет атқармайды. Мұндағы бағыныштылық компонент баяндауышының тек формалық жағынан тиянақсыздығында ғана, ал сыңарларының мағыналық қатынастары жағынан алғанда қалыпты қарсылықты салалас сөйлеммен бірдей.
Құрмалас құрамындағы бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі істің, оқиғаның болу я болмауының мақсатын білдіретін сабақтастың түрін мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп атаймыз. Мақсат бағыныңқылы сабақтастағы бағыныңқы жай сөйлем басыңқы сөйлемнің жетегінде айтылып, оған меңгеріле, бағына байланысады да,басыңқы сөйлемнің немесе оның баяндауышының жетегіндегі тұрлаусыз мүше тәріздес болып келеді. Мысалы: Сұрауым көпшілікке түсінікті болу үшін, сіздерге екі түрлі сұрау берейін (Әбішев).
Демек, мақсат бағыныңқылы сабақтастың құрмаласуы аналитикалық тәсілмен ғана жүзеге асады.Дәл осы тәсілдер арқылы себеп бағыныңқылы сөйлемдерде жасалады. Бұларды бір-бірінен ажырату үшін сабақтастың компоненттері арасындағы мағыналық қатынаспен қатар, олардың әрқайсысына тән грамматикалық белгілері бар. Бұл бағыныңқы сөйлем баяндауышының қай шақта қолданылуымен тығыз байланысты. Егер мұндай баяндауыш келер немесе осы шақта жұмсалса, мақсат бағыныңқыға тән де, өткен шақпен келсе, себеп бағыныңқылы сабақтас болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет